Химиялық термодинамикаға жалпы сипаттама. Химиялық термодинамиканың негізгі түсініктері: жүйе, жүйенің күйі, параметрлері, процесс ұғымдарының анықтамасын айтып беріңіз


Идеал ерітінділер теориясын айтып беріңіз



бет3/21
Дата21.11.2022
өлшемі2,11 Mb.
#51440
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
8. Идеал ерітінділер теориясын айтып беріңіз.
9. Энтропияға анықтама беріп, формуласын жазып,айтып, беріңіз
10. Каратеодори принципін жазып, айтып беріңіз.
Каратеодори 1909 ж. өзінің принципін ұсынды: адиабаттық процестер арқылы жүйенің кейбір көршілес күйіне жетуге болмайды.
Термодинамиканың бірінші және екінші зандарының жалпы теңдеуі қайтымды процестер үшін:
TdS=dU+  A
Егер процестің нәтижесіңде тек ұлғаю жұмысы жасалса:
TdS=dU+PdV
немесе
dS=(1 / T)dU+(1 / T)PdV (ІV.25)
Бұнда dU - ішкі энергияның толық дифференциалы, ол көлем мен температураға тәуелді күй функциясы, яғни U=f(T,V). Оны туындылар арқылы жазатын болсақ, (ІV.25)-теңдеу төмендегідей болады:
dS=1 / T(  U/  T)vdT+1 /T[(  U/  V)T+P  dV (1V.26)
Адиабаталық процестер үшін  Q=0, сонда (ІV.26)-теңдеу Пфафф теңдеуіне айналады:
1/T(  U/  T)vdT+1/T[(  U/  V)T+P]dV=0 (IV.27)
демек график түрінде мұны көрсететін болсақ Т мен аралығындағы байланыстар бірнеше адиабата қисықтары арқылы алынады (16-сурет).
Бұл адиабаталар бір-бірімен қиылыспайды. 16-суретте S1 адиабатадағы а күйден S- адиабатадағы күйге адиабаталық жағдайда ауысуға болмайды, яғни аb сызық адиабата болмайды. Осыдан Каратеодори принципі шығады. Ол принцип бойынша жүйенің термодинамикалық күйлердің кейбіреуіне адиабаталық процестер арқылы жетуге болмайды. Осындай принциптің орылдалуы (IV.26) - теңдеуді Пфафф теңдеуіне айналдырады, яғни бұл жерде 1 / Т интегралдау көбейткішті қолданамыз. Сөйтіп жаңа күй функциясы - энтропия осы интегралдау көбейткіші арқылы табылды. Мысалы, жүйе 1 күйден 2 күйге жылу сіңірілу арқылы ауысты дейік (17-сурет). Ал кері 2 күйден 1 күйге жүйені жылу алмаспай жүргізуге бола ма? Жылу - жүйенің күй функциясы емес, ол энергия алмасу формасы, егер бұл жүйеге жылу беріп оның күйін өзгертсек (1-2), ол жылуды эквивалентті жұмыс арқылы анық, жүйені 1-күйге қайтадан оралтуға бола ма? Каратеодори принципі бұған жоқ деп жауап береді. Жылу жүйенің күй функциясы болмағанымен, жүйеге жылу бергенде оның әсерінен күй функциясы - энтропия өзгереді, ал оны алғашқы күйге келтіру үшін міндетті түрде жылу керек, адиабаталық процесс арқылы бұл орындалмайды, себебі  Q=Q.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет