Шығарма мазмұны бойынша сұРАҚтар берілген. Шығарманы мұҚият оқЫП, СҰРАҚтарға толық жауап жазыңЫЗ. «АҢыздың АҚыры»



бет1/4
Дата27.11.2023
өлшемі35 Kb.
#129722
  1   2   3   4
Байланысты:
АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ (МӘТІНМЕН ЖҰМЫС)


ШЫҒАРМА МАЗМҰНЫ БОЙЫНША СҰРАҚТАР БЕРІЛГЕН. ШЫҒАРМАНЫ МҰҚИЯТ ОҚЫП, СҰРАҚТАРҒА ТОЛЫҚ ЖАУАП ЖАЗЫҢЫЗ.
«АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ» РОМАНЫ


Қызыл алма
…Осыдан он жыл бұрын күнгей еліне жорыққа аттанарда диуанда пікір екі жарылды. Бұның үлкен ұлы: «Ол елдің мол алтынына ие болсақ, күллі әлемді біз билейміз», - деп құлшынса, әмірлері: «Қара шыбындай қаптаған көп халықты бағындырып ап, билеп-төстер болсақ, көп ұзамай олар өзімізді жұтып қояды. Ұрпақтарымыз ана тілін де ұмытып қалады», - деп тартыншақтаған-ды.
Сонда ол Құран аштырып еді: «Пайғамбар, заң білмес, жөн білмес бұзақыларға қарсы соғыс аш», - деген сүренің үстінен шықты.
Күнгей елінің алтыны кейбір әмірлерінің қисайған ауыздарын қайта түзеткен-ді. Қара шыбындай қаптаған елді де жеңуге болатынына сол жорықта көздері жетіп қайтқан-ды. Ал машырықтың алтыны күнгейдің алтынынан көп болмаса, аз емес. Оны тиыннан тиын балалататын мұның елі жақсы біледі.
Ендеше, дәл қазір жаңа жорыққа қарсы шығардай кім табыла қояды. Кім?
Ол мынау тығырыққа кеп тіреліп қалды. Тұма бұлақ сылдыр-сылдыр ағып жатыр. Қашан келсең де мынау тылсым кеңістің әлдебір жерінен жапырақ қозғар леп тауып тұратын биік ағаштар басындағы судыр-судыр да сол қалпы. Бәрі де бұған «ойлан, ойлан» дейтіндей.
Бой сергітем деп келгеніңде қайдағы-қайдағының бәрін есіне түсіретін осы бір қалтарыс оңашаға, ондағы өсекшінің аузындай ылғи сыпсыңдап тұратын осы бір жапырақ сыбдыры мен сусылдырына ыза боп кеткендей орнынан тұрып, жалғызаяқ соқпаққа түсті.
Сумаң соқпақ енді оны қайтадан сарайға бастады.
Манағы маужырап тұрған тып-тыныш дүниені әлдебір түлен түрткендей. Маңайының бәрі ың-жың дыбыс. Жұдырықтай ақ тамақ торғайлар қыт-қыттап ағаштан-ағашқа қонады. О да бұған бірдеңе айтайын деп оқталғандай, тамағының асты бүлк-бүлк етеді.
Таң атқалы бұны ағаш арасынан аңдып жүргендей, кенет жол қап. талынан киік қашты. Бұдан үркіп қашып бара жатпағандай, таңын жарқылдатып мазақтап бара жатқандай.
Сумаң соқпақ өрік ағашының астынан өтті. Уақытылы жиылып алынбаған жеміс өз-өзінен үзіліп түсіп, жерде шашылып жатыр. Көбі иістеніп бұзылып кетіпті. Қанаттары күнге шағылысып жарқ-жұрқ еткен бармақтай-бармақтай көкшыбындар шашылып жатқан өріктің бірінен соң біріне қонып, кекең-кекең етеді.
Шіріген жемістен жексұрын нәрсе бар ма? Кеше ғана аппақ боп үлпілдеп тұрған гүл-ау бұл. Одан түйнек салды. Көк жапырақты жөргек қып, мынау жатаған ағаштар жан-тәнін салып әлдилеген кішкене түйнек жер қойнауынан нәр еміп, аспан төсінен нұр еміп өсе берді. Сары алтындай құлпырып, көзге түскенше асықты. Болды-толды… Болғаны-толғаны осы, сирақтары салтақ-салтақ мына бір малғұндарға жем болды. Миуаның қадірі, шіркін, көзіңе от боп басылып биікте тұрғанда да ғой… Биіктен бір құлаған соң мынау өріктердей аяқастыланып қор боласың… Жұрт аямақ түгілі, тыжырынып жиіркенеді… Кешегі бал шырынға толып балбыраған тәтті мәуе екеніңді не қылсын.
Бұтаққа біткен жеміске бұлай өз бәсін өзі түсіріп, биіктен құламасқа Құдай Тағала ақыл бермеген… Ал тырмыса-тырмыса биікке шыққан адамның өзі құлағаны - өлгені… Оны өзгенің сұқты көзі одан гөрі де жоғарырақ өрмелете түспекші.
Сумаң соқпақ сарайды шыр айнала қоршаған тоған судың үстінен көпірге кеп тірелді.
Ол табан астында бойын жиып, манадан бері ой манауратып бара жатқан ала көзін қайтадан суытып алды.
Сол сүп-сұр күйінде сарайға кірді. Сол сүп-сұр күйінде өз бөлмесіне өтті.
Қызметші тағам ап кіргенде де ол кең залдың қақ ортасындағы шытыра хауыздың жанындағы жолбарыс терісін жапқан жатаған тақтада сол сүп-сұр қалпы отырған-ды.
Қызметші әйел ернін жымқыра тістеп, бұның дәл алдына кеп тоқтады. Қолындағы табақшасын дөңгелек дастарқанның үстіне әкеп қойды. Ернін қанша тістегенмен, ұялғанын білдіріп бетіне шап-шыған бір тамшы қан жоқ. Опаны аямай жаққан ат жақты сопақша жүзі ақ шағылтақтанып тұр. Сүрмелі көздің сояу кірпіктері қыдығы кеткен бетте өз-өзінен менмұндалап тұратын қақсақалдыққа тән қайсарлықты астына бүгіп, өп-өтірік көлгірген болады.
Бұрын қызметшілеріне назарын тіктемеуші еді, бұ жолы тінте қарады. Тайсала қоятын қызметші әйел көрінбейді.
Сонда қалай, мына әйел манағы құрт шыққан алманы әліге дейін көрмеген, білмеген болғаны ма? Көрсе, бұдан нағып қысылмайды?
Қызметші әйел беті бүлк етер емес, дастарқанды реттеп болды да, басын иіп… тағзым еткен күйі… есікке жылысты.
Есік жабылған соң барып, дастарқанға қарады. Көзі қақ алдында жатқан манағы нарт қызыл алмаға түсті. Бұл жолы пышақпен кесілген сызығы ақсиып айқын көрінеді. Өзін өзге тағамдардан бөлектеп оқшау қойыпты.
Әлгі әйел бәрін біледі екен!
Жастығының қасында түрған қоңырауға қолының қалай тиіп кеткенін білмей де қалды.
Есіктен басын иіп тағзым етіп, қызметші әйел қайта көрінді.
Бұл өне бойын зіркілдетіп алып бара жатқан ашуды жасыруға бар күшін салып бақты. Қапелімде босағада мүләйімсіп түрған әйелге не дерін де білмей қалды.
Есіктен басын иіп тағзым етіп, қызметші әйел қайта көрінді.
Бұл өне бойын зіркілдетіп алып бара жатқан ашуды жасыруға бар күшін салып бақты. Қапелімде босағада мүләйімсіп түрған әйелге не дерін де білмей қалды.
- Мына алманы осындағы бақтан үздіңдер ме?
- Жоқ, тақсыр ием, сізге әдейі ұлы ханша жіберіпті.
- Бара бер!
Қызметші әйел жалт бұрыла бергенде, жымқыра тістелген езуінен жымиған күлкі қылаң берді…


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет