Химиялық заттардың ағзаға нақты жүктемесін бағалау әдістері
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Орындаған: Қанышұлы М
Группа: ТФП20-004-1қ
Қабылдаған: Текманова А.К.
Алматы 2022ж
ЖОСПАР:
Кіріспе
Химиялық заттардың ағзаға нақты жүктемесі
Литосфера және Гидросфера қабаттарының ластануы
Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері
Ауа ортасының ластанулары жағдайларындағы нақты химиялық жүктемені анықтау әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тұрғындарға түсетін нақты химиялық жүктемені тыныс органдары арқылы белгілі бір уақыт аралығында адам организміне түсетін химиялық лас заттар жиынтығы ретінде қарастыру керек.
Сондықтан адамға түсетін нақты химиялық жүктемені, адам белгілі бір ортаның жағдайында болған кезде ауадағы химиялық ластаушы заттардың өлшеген жиынтық мөлшерін бағалау арқылы анықтауға болады. Адамға әсер ететін химиялық жүктеменің негізгі құрамдарына өндірістік және тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда, қала көлігінің ішінде отырып, солардың ауасын, қаланың адам тұратын және рекрациялық (парктер және қала сырты) атмосфералық ауасын жұтқан кезде келіп түсетін шамасы алынады. Жалпы алғанда ХИМИЯЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРдан шыққан лас ауаны жұту.
ҚАЗАҚСТАНДА 30 МЛРД. ТОННАДАН АСТАМ ХИМИЯЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАР БАР
Сарапшы мамандардың ақпараты бойынша, бүгінде Қазақстанның аумағында 30 млрд. тоннадан астам химиялық қалдықтар бар. Оның 6,7 млр. тоннасы - улы заттар. Оған қоса, республика бойынша жыл сайын өндірістік ошақтардан 90 млн. тоннаға жуық химиялық қалдықтар шығады. Сондықтан оның барлығын қайта өңдеп, тасымалдау мәселесі өзекті болып тұр. «Қазіргі кезде Қазақстанда барлық өндірістік ошақтар толығымен тексеріліп жатқан жоқ. Сол себепті химиялық қалдықтардың нақты есебін шығару қиын.