Жекелеген заттардың адам организміне түсіретін нақты жүктемесін анықтау әдістемесі Кейбір аурулардың адам организміндегі микроэлементтер шоғырлануымен тура байланысты болатындығы белгілі. Мысалы, бірқатар ферменттер белсенділігі Mo, Cu, Mn, Zn, Fe, сияқты металдардың аз шоғырлануының әрекетінен күшейеді. Тағам мәзірінде осы элементтердің жетіспеушілігі қажетті ферменттер синтезінің бұзылуына әкеліп соғады .
Микроэлементтердің көпшілігі организм белоктармен өзара әрекеттесіп, олармен металоорганикалық кешендер түзеді. Осылай, Са, Mg, Mn, Fe, Ni қатарында берік кешендер түзуге қабілеттіліктің өсуі өмірлік маңызды үрдістерде металлдардың арнай катализатор ретіндегі мүмкіндіктерін ескеруді арттырады. Осылай организмге Кадмийдің көп мөлшерде түсуі мырыш, темір, мыс алмасуына әрекет жасайды, темір сіңірілуін нашарлатады.