Хирургия 300 тест точно



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата20.12.2023
өлшемі426,03 Kb.
#141801
1   2   3   4   5
Байланысты:
khirurgiya-300-test-tochno

Ниссен бойынша фундопликация
*Льюс типті операцияс
*өңеш резекциясы
*асқазан резекциясы
*өңештің пластикасы
#236
*!38 жастағы әйел, ауруханаға кеуде торының жабық жарақатымен жеткізілген. 
Эзофагоскопияда өңештің кеуде бөлігінің тұсында шырышты қабаттың бойлап орналасқан
жарылулары анықталды.
Қандай ем АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып есептеледі?
*+консервативті терапия
*өңеш жарылуларын тігу
*өңешті буждау 
*Блэкмор зондын орнату
*өңеш резекциясы
#237
*!44 жасар пациентте, өңештің химиялық күйігінен кейінгі тыртықты тарылуы бойынша, 
өңешті буждау кезінде өңеш тесіліп кетті. 
Қандай емдеу тәсілі АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*өңешті буждауды жалғастыру
*+шұғыл операция 
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


*жоспарлы операция
*аналгетиктерді қабылдау 
*антибиотикотерапияны үдету
#238
*!68 жастағы ер адамды, соңғы 8-9 ай ішінде азып кеткендігі, эпигастрий аймағының
тұрақты және басылуы қиын ауру сезімі мазалайды. Анамнезінде асқазанның ойық жара
ауруы бар. Бұрынғыдай аурудың өршуінің спецификалық кезеңділігі мен мезгілділігі
жоғалған. Пациент тәбетінің төмендегенін айтады. 
Аталаған көріністер ойық жара ауруының қандай асқынуын дәлелдейді?
*жарадан жасырын қан кетуді 
*жараның жабыңқы перфорациясын 
*тыртықты тарылудың дамуын 
*ойық жараның бауырға пенетрациясын 
*+ойық жараның малигнизациясын 
#239
*!Асқазанның рентгенологиялық зерттеуінде беті тегіс емес, шырышты қабаттан шығып
тұратын терең ойық жара анықталды. Ал асқазан каскад пішіндес болып өзгерген.
Аталағандар ойық жара ауруының қандай асқынуының белгілері болып табылады?
*аталған көріністердің диагностикалық маңызы жоқ 
*+ойық жараның бауырдың сол жақ бөлігіне пенетрациясы 
*гипертрофиялық гастриттің дамуы
*ойық жара ауруының өршуі
*ойық жараның малигнизациясы
#240
*!52 жастағы ер адам, емханаға эпигастрийдегі ауырлық сезіміне, тамаққа тез тойып
қалуына, жағымсыз иісті кекірікке, жақын арада ішкен тамағын қайтадан құсып
тастайтындығына және айтарлықтай азып кеткеніне шағымданып келді. Асқазанның ойық
жара ауруымен 7 жыл бойы ауыратындығы анықталды. Объективті түрде: терісі құрғақ,
тургоры төмендеген, Хвостек және Труссо симптомдары анықталады. Пальпация кезінде
іші жұмсақ, «су шалпылы» байқалады. 
Ойық жара ауруының қандай асқынуы туралы ойлауға болады?
*+пилородуоденалды стеноз
*қан кету
*малигнизация
*перфорация
*пенетрация
#241
*!Он екі елі ішектің ойық жарасы бар әйелде орташа дәрежелі профузды қан кету (Forrest
1
A
) анықталды. Ойық жаралық анамнезі 12 жыл.
Қандай емдік тактика АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*ЖҚК-ді толықтыру және гемодинамика көрсеткіштерін тұрақтандыруға бағытталған
консервативті ем
*операция алдындағы интенсивті дайындықтан кейін жедел операция 
*+өмірлік көрсеткіштер бойынша шұғыл операция 
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


*кейінге шегерілген операция
*жоспарлы операция
#242
*!68 жастағы ер адам, жалпы әлсіздікке және тәбетінің болмауына шағымданып келді.
Анамнезінде 10 жыл бойы асқазанның ойық жарасымен ауыратындығы анықталды. Соңғы
кездері дене салмағының едәуір төмендегенін, ешқанрдай себепсіз әлсіздік пайда
болатындығын айтады. Асқазанды рентгенологиялық зерттегенде үлкен иінде толығу
дефектісі анықталған. 
Асқазанның ойық жара ауруының қандай асқынуы туралы күдіктенуге болады?
*аталған көріністердің диагностикалық маңыздылығы жоқ 
*жараның ұйқы безіне пенетрациясы
*гипертрофиялық гастриттің дамуы
*ойық жара ауруының өршуі 
*+ойық жараның малигнизациясы
#243
*!Қабылдау бөліміне жеткізілген 42 жастағы ер адам эпигастрийдегі белдемелі тұрақты
ауру сезіміне, көп рет құсатындығына шағымданады. Анамнезінде 6 жыл бойы он екі елі
ішектің ойық жарасымен ауыратындығы анықталды. Ауру сезімінің бұрынғыдай мезгілдік
және «түнгі» сипаты жоқ. ФГДС кезінде он екі елі ішектің алдыңғы қабырғасында беті
тегіс емес терең ойық жара анықталды. 
Ойық жара ауруының қандай асқынуы туралы ойлауға болады?
*анықталған көріністердің диагностикалық маңыздылығы жоқ 
*+ойық жараның ұйқы безіне пенетрациясы туралы
*гипертрофиялық гастриттің дамуы туралы
*ойық жараның өршуі туралы 
*ойық жараның малигнизациясы туралы
#244
*!31 жасар ер адам, ішінің жоғарғы бөлігінде аяқ астынан пайда болған ауру сезіміне
шағымданып түсті. Пальпация кезінде іш бұлшық еттері айтарлықтай қатайған. Құрсақ
қуысының жалпы шолу рентгенограммасында бос газ анықталады.
Қандай емдеу тактикасы АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*консервативті ем
*жедел операция
*жоспарлы операция
+шұғыл операция
*динамикалық бақылау
#245
*!58 жастағы ер адам, асқазаннан қан кету белгілерімен жедел түрде келіп түсті.
Анамнезінде ойық жара ауруы жоқ, 2 жыл бұрын миокард инфаркті болған, соған
байланысты ұзақ уақыт бойы кардиомагнил қабылдайды. ФГДС-та асқазанның жедел
ойық жаралары анықталды, қан кету белгілері жоқ. 
Қандай емдеу тактикасын қолданған АНАҒҰРЛЫМ тиімді?
*+хирургиялық стационарда консервативті ем
*терапия бөлімшесінде консервативті ем
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


*тұрғылықты жерінде амбулаторлы ем
*жедел операция
*жоспарлы операция 
#246
*!Қабылдау бөлімшесіне 35 жасар ер адам эпигастрий аймағындағы қатты ауру сезіміне
шағымданып келіп түсті. Қарап тексергенде науқас мәжбүрлі қалыпта, бүгілген аяқтарын
ішіне қарай тартып оңжақ қырында жатыр? Пальпация кезінде іш бұлшық еттері
айтарлықтай қатайған, бауыр тұйықтығы анықталмайды.
Қандай диагноз АНАҒҰРЛЫМ мүмкін?
*ішектің жедел түйілуі 
*жедел панкреатит 
*+ойық жараның перфорациясы
*жедел холецистит
*миокард инфарктісі 
#247
*!37 жасар ер адам профузды қан кету белгілерімен жеткізілді. Анамнезінде он екі елі
ішектің ойық жара ауруы. 
Қандай емдеу тактикасы АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*консервативті ем
*жедел операция
*+шұғыл операция 
*кейінге шегерілген операция 
*жоспарлы операция
#248
*!55 жастағы науқас эпигастрий аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып түсті.
Асқазанның ойық жарасымен ауыратындығы белгілі болды. Эпигастрий аймағында қатты
ауру сезімі жұмыс жасап жатқан кезде аяқ астынан пайда болған. Қарау кезінде науқас
аяқтарын ішке қарай бүгіп оңжақ қырында жатыр, іштің бұлшық еттері қатайған және
қатты ауру сезімі анықталады. Спижарный симптомы оң.
Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға мүмкіндік береді?
*+құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы
*құрсақ қуысының МРТ
*құрсақ қуысының КТ
*ЭРХПГ
*ФГДС
#249
*!Хирургия бөлімшесіне ойық жарадан қан кету диагнозымен жатқызылған 43 жастағы ер
адамға жүргізіліп жатқан консервативті емнің барысында «кофе тұнбасы» тәрізді құсық,
айтарлықтай әлсіздік және қара түсті сұйық нәжіс пайда болды. ФГДС-та: ойық жарадағы
қызыл тромбтың астынан аздап қан кетуде.
Әрі қарайғы емдеу тактикасы қандай болмақ?
*динамикалық бықылау
*консервативтік емді жалғастыру
*кейінге шегерілген операция
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


*+шұғыл операция
*жоспарлы операция
#250
*!Хирург кардиология бөлімшесіне кеңес беру үшін шақырылды. Онда миокардтың
инфарктісі бойынша емделіп жатқан 65 жастағы ер адамда асқазан-ішек жолынан қан кету
белгілері байқалады. 
Хирургтың әрі қарайғы тактикасы?
*кардиология бөлімшесінде динамикалық бақылау
*гастроэнтерология бөлімшесіне ауыстыру
*+хирургия бөлімшесіне ауыстыру
*амбулаторлық ем
*емдеуді күндізгі стационарда жалғастыру
#251
*!30 жастағы ер адамда дене шынықтырудан кейін эпигастрий аймағында қатты ауру
сезімі, жалпы әлсіздік, көзінің қарауытуы және суық тер пайда болды. Анамнезінде жыл
мезгілдерінде қайталанатын ауру сезімі, түнгі уақытта қыжыл мазалайтыны анықталды.
Қарап тексергенде құрсақ қуысы бұлшық еттерінің қатайғандығы байқалады, Спижарный
симптомы оң.
Сіздің болжамалы диагнозыңыз?
*+он екі елі ішек ойық жарасының перфорациясы
*он екі елі шек ойық жара ауруының өршуі
*Мэллори-Вейс синдромы
*жедел панкреатит
*жедел холецистит
#252
*!Ішінде аяқ астынан пайда болған қатты ауру сезіміне шағымданып түскен 35 жастағы
әйелдің құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенограммасында диафрагманың оңжақ
күмбезінің астында пневмоперитонеум анықталды. 
Қандай емдеу тактикасы АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып есептеледі?
*+шұғыл операция
*ауруханаға жатқызып, динамикалық бақылау
*жоспарлы түрде оперативті ем
*консервативтік ем
*амбулаторлық ем
#253
*!Хирургия бөлімшесіне «кофе тұнбасы» тәрізді құсыққа, әлсіздікке, қара түсті сұйық
нәжіске шағымданып түскен 55 жастағы әйелге ФГДС жасаған кезде, асқазанның ойық
жарасы Forrest IIB анықталды. Сонымен қатар, тромб қызыл түсті, тығыз емес. 
Әрі қарайғы емдеу тактикасы қандай блмақ?
*амбулаторлық ем
*+консервативті ем
*кейінгі шегерілген операция
*шұғыл операция
*жоспарлы операция
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


#254
*!70 жастағы әйел адам, кіндік тұсында қатты ауыратын жарықтың пайда болғанына
шағымданады, ол өздігінен орнына енбейді. Қарап тексергенде томпайған жарық үстіндегі
тері көгерген, пальпация қатты ауру сезімін тудырады. Анамнезінде қантты диабет. 
Қандай емдік тактика АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
* хирургия бөлімшесінде бақылау жедел оперативті ем
*+шұғыл түрде оперативті ем
*жоспарлы оперативті ем
*кейінге шегерілген операция
*амбулаторлық бақылау
#255
*!П. деген 68 жастағы ер адам, оңжақ шап аймағында жарықтың бар екендігіне және зәр 
шығуының қиындауына шағымданып түсті. Болжамалы диагноз: Сырғымалы шап 
жарығы. 
Диагнозды АНАҒҰРЛЫМ нақтылау мақсатында қандай зерттеу әдісі қолданылады?
*УДЗ
*+цистография 
*ирригоскопия
*колоноскопия
*МРТ
#256
*!Жедел жәрдеммен қысылған шап жарығы бар ер адам жеткізілді. Науқасты тасымалдау 
кезінде қысылған жарық өздігінен орнына еніп кеткен. 
Әрі қарайғы АНАҒҰРЛЫМ дұрыс тактика?
*тазалағыш клизма қою 
*диагностикалық лапароскопия жүргізу 
*+стационарда динамикалық бақылау
*диагностикалық лапаротомия жүргізу 
*амбулаторлық бақылау
#257
*!67 жастағы ер адам, шап жарығымен жоспарлы түрде келіп түсті. Жарықпен жүргеніне 
10 жылдай болған. 
Шап каналы аллопластикасының қандай әдісі АНАҒҰРЛЫМ тиімді?
*Бассини әдісі
*+Лихтенштейн әдісі
*Спасокукоцкий әдісі
*Бобров-Жирар әдісі
*Руджи-Парлавеччио әдісі 
#258
*!42 жастағы әйел кіндік жарығы бойынша жоспарлы түрде оперативті ем қабылдауға 
түсті. 
Қандай пластика әдісі АНАҒҰРЛЫМ тиімді? 
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


*Бассини
*+Сапежко
*Лихтенштейн
*Кукуджанов
*Спасокукоцкий
#259
*!30 жасар әйел, дефакациядан кейін артқы өтісте пайда болатын ауру сезіміне және қан 
кетуіне шағымданып түсті. Аналды аймақты қарап тексергенде сфинктердің спазмы 
анықталады. 
Қандай зерттеу әдісінің ақпаратылығы АНАҒҰРЛЫМ жоғары? 
*ректороманоскопия
*фистулография
*ирригоскопия
*колоноскопия
*+аноскопия
#260
*!47 жасар ер адамға жедел теріастылық парапроктит диагнозы қойылды. 
Емді неден бастаған дұрыс? 
*+оперативті емнен
*антибактериалды терапиядан
*физиоемнен
*иммуностимуляторлардан
*дезинтоксикациялық терапиядан
#261
*!45 жастағы ер адамға, созылмалы парапроктит бойынша операция жасау жоспарланған. 
Қандай операция АНАҒҰРЛЫМ тиімді?
*Тирш операциясы
*Гартман операциясы 
*+Габриэль операциясы
*Миллиган-Морган операциясы
*Зеренин-Кюммелль операциясы
#262
*!32 жастағы әйел, анус аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап 
тексергенде геморроидалды түйіндердің тромбозы анықталды. 
Осы патологияны жергілікті емдеуде қандай майдың әсері АНАҒҰРЛЫМ маңызды?
*Синтомицин
*Левомеколь
*Ихтиол
*Метилурацил
*+Гепарин
#263
*!39 жасар ер адамға сыртқы геморрой деген диагноз қойылды. 
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


Геморройды консервативті емдеуде қандай дәрілік препарат АНАҒҰРЛЫМ тиімді 
қолданылады? 
*Церукал
*Трихопол
*Рибоксин
*+Детралекс
*Платифиллин
#264
*!29 жасар ер адам, ауруханаға созылмалы парапроктитпен жатқызылды. Қандай зерттеу 
әдісі параректалды жыланкөздің ішкі тесігін анықтау үшін қолданылады?
*аноскопия
*ректороманоскопия
*фиброколоноскопия
*+фистулография
*жамбас қуысының жалпы шолу рентгенографиясы
#265
*!52 жастағы ер адам, аналды сызаттың клинникалық көрінісімен жатқызылды. 
Сфинктердің спазмын басу мақсатында АНАҒҰРЛЫМ тиімді қолданылатыны?
*физиоем
*тұзды ванночкалар
*тазартқыш клизма
*+жылы марганцовкалы ванночкалар
*мұз басу
#266
*!50 жастағы ер адам, дефекация кезінде артқы жақтан қан кетуіне, жалпы әлсіздікке және 
басының айналатындығына шағымданып түсті. Қарап тексергенде геморроидалды қан кету 
жалғасып жатқаны анықталды. 
Қанрдай емдік тактика АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*үйінде динамикалық бақылау
*стационарға жатқызу және бақылау 
*+оперативтік ем
*стационарда консервативті ем
*гемостатиктерді қолданумен қатар амбулаторлық ем 
#267
*!31 жасар ер адам, қабылдау бөліміне жедел парапроктит белгілерімен келіп түсті. 
Диагноз қою мақсатында ең бірінші болып не жасалуы тиіс?
*ирригоскопия
*фиброколоноскопия
*тік ішектің қуысындағы қысымды өлшеу
*+тік ішекті саусақпен тексеру
*сфинктердің тонусын өлшеу
#268
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


*!42 жасар ер адамда жедел парапроктитке байланысты операция жасау жоспарланған.
Жансыздандырудың қандай түрі АНАҒҰРЛЫМ дұрысырақ?
*+венаішілік наркоз
*эндотрахеалды наркоз
*жұлындық анестезия
*хлорэтилмен жергілікті анестезия
*сакралды-эпидуралды анестезия
#269
*!Ішектің жедел түйілуіне байланысты операция кезінде қарайып кеткен ішек ілмегі және 
құрсақ қуысында бос геморрагиялық сұйықтық анықталды. 
Қандай оперативтік тактика АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болады? 
*ваготомия 
*колостома шығару 
*құрсақ қуысын дренаждау 
*айналма анастомоз салу 
*+некроздалған ішектің резекциясы 
#270
*!М. деген 72 жастағы науқас, копростаз белгілерімен келіп түсті. Анамнезінде созылмалы
колиті бар. 7 күннен бері үлкен дәреті болмаған. Ректалды зерттеу барысында нәжістік 
масса анықталады. 
Осындай жағдайда емдеу шаралары нені тағайындаудан басталуы тиіс? 
*ішек перестальтикасын күшейтетін препапараттарды енгізуден 
*спазмолитиктерді енгізуден 
*іш жүргізетін препараттардан 
*№10 диеталық стөлді тағайындаудан 
*+сифондық клизмадан 
#271
*!42 жастағы ер адам, ішектің жедел түйілуінің белгілерімен жеткізілді.
Қандай құрал-аспаптық зерттеу әдісі ең бірінші болып қолданылады? 
*құрт тәрізді артерияның ангиографиясы 
*ФГДС 
*КТ 
*+құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы 
*МРТ 
#272
*!57 жасар А., деген науқас, ішектің механикалық түйілуінің клиникалық белгілерімен 
келіп түсті. Анамнезінен: соңғы 3-4 ай ішінде 10 кг азып кеткен. Пальпация кезінде оңжақ
мықын аймағында қозғалмайтын, консистенциясы тығыз және беті кедір-бұдыр ісік тәрізді
құрылым анықталады. 
Диагнозды нақтылау үшін тағайындалатын зерттеу әдісі? 
*+ирригоскопия 
*ФГДС 
*КТ 
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


*құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы 
*құрсақ қуысын УДЗ 
#273
*!51 жастағы Т. деген науқас, ішектің паралитикалық түйілуінің клиникасымен түсті. 
Айтуы бойынша, 10 жыл бойы қорғасын зауытында жұмыс істеген. Құрсақ қуысының 
жалпы шолу рентгенограммасында үрленген ішек ілмектері көрінеді, сұйықтық деңгейі 
жоқ. 
Емдеу тактикасының қайсысы АНАҒҰРЛЫМ дұрыс болып табылады? 
*шұғыл операция 
*+консервативті ем жүргізу 
*жоспарлы операция 
*амбулаторлы емдеу 
*жедел операция 
#274
*!67 жастағы ер адам, ішектің паралитикалық түйілуінің клиникалық белгілерімен 
жатқызылды. 
Ішекті стимуляциялау үшін қандай препарат қолданылады? 
*+прозерин 
*диклофенак 
*ксефокам 
*цефазолин 
*квамател 
#275
*!36 жастағы ер адам, ішектің түйілуі белгілерімен келіп түсті. 
Ішектің жедел түйілуі кезінде емдеу тактикасына не әсер етпейді? 
*ішектің түйілу түрі 
*ішек түйілуінің деңгейі 
*перитонеалды симптомдардың болуы 
*+ауру сезімінің интенсивтілігі 
*рентген мәліметтері 
#276
*!85 жастағы ер адам, ішектің түйілуі белгілерімен келіп түсті. 
Тек консервативті ем қолданылатын ішектің жедел түйілуінің түрі? 
*бұралу 
*түйінделу 
*ішектің обтурациялық түйілуі 
*+ішектің динамикалық түйілуі 
*инвагинация 
#277
*!47 жастағы ер адам, ішектің түйілу белгілерімен келіп түсті. 
Диагностикалық мақсатта ең бірінші болып жасалынатыны? 
*ирригоскопия 
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


*лапароскопия 
*колоноскопия 
*барийдің ішекпен пассажын зерттеу 
*+құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы 
#278
*!Операция барысында жайылмалы іріңді перионит диагнозы қойылды. 
Іріңді-септикалық асқынуларды алдын-алу мақсатында не тағайындалады?
*төсектік режим 
*антисептиктер
*+антибиотиктер
*аналгетиктер 
*дезинтоксикациялық терапия 
#279
*!25 жасар ер адамға жедел гангренозды аппендицитке байланысты операция жасалынған.
Операциядан кейінгі кезеңде іштің төменгі жағында ауру сезімі, дәретке барғысы
келетіндей жалған сезініс пайда болды, дене температурасы 38,5
0
С дейін жоғарылаған.
Қан анализінде лейкоцитоз - 16,0х10
9
/л, ЭТЖ - 32 мм/сағ, аздаған анемия байқалады. 
Диагнозды нақтылау үшін тағайындалуы қажет?
*құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы
*+құрсақ қуысының КТ 
*АІЖ барий пассажы
* ирригоскопия 
*колоноскопия 
#280
*!43 жасар А. деген науқас, хирургия бөлімшесіне диффузды перитонитпен келіп түсті.
Емдеу тактикасы қандай?
*тұрғылықты жерінрде амбулаторлы ем 
*қосымша зерттеулер жүргізу
*консервативті ем
*+шұғыл операция
*жоспарлы операция 
#281
*!23 жастағы жас жігітте, аппендэктомиядан кейін 5 тәулікте жамбас қуысының абсцесі
анықталды. 
Әрі қарайғы емдеу тактикасы?
*құрсақ қуысын Шалимов бойынша дренаждау 
*+абсцесс қуысын ашу және дренаждау
*массивті антибактериалды терапия 
*басқарылатын лапаростомия
*лаваж жүйесін салу
#282
*!55 жасар науқас әйел, хирургиялық стационарға бүкіл іші ауыратындығына, жүрегінің
айнуына, құсуға, аузының құрғайтындығына шағымданып түсті. Қарап тексергенде
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


ішастардың тітіркену симптомдары анықталады. Құрсақ қуысын УДЗ барысында бүйір
қалталарда және жамбас қуысында бос сұйықтық анықталды. 
Диагнозды нақтылау мақсатында жүргізілуі тиіс?
*КТ
*МРТ
*ФГДС
*колоноскопия
*+лапароскопия
#283
*!36 жасар науқас әйел, перитонит диагнозымен операцияға алынды. Операция барысында
мықын ішектің бір учаскесі ішкі жарықта қысылып, некроздалғаны анықталды. 
Хирургтың әрі қарайғы оперативтік тактикасы?
*+ішектің резекциясы
*айналмалы ішекаралық анастомоз
*илеостома салу 
*ішекті Шальков зондымен дренаждау 
*құрсақ қуысын дренаждау 
#284
*!27 жасар науқас, жол-транспортты оқиға жерінен іштің жабық жарақатымен жеткізілді. 
Лапароцентез барысында қан араласқан сұйықтық алынды. 
Әрі қарайғы тактиканы анықтаңыз? 
*антибактериалды терапия
*гемостатикалық терапия.
*инфузионды терапия
*гемотрансфузия
*+лапаротомия
#285
*!45 жастағы ер адам, перитонит диагозымен операцияға алынды. 
Қандай кесілім құрсақ қуысына АНАҒҰРЛЫМ қолайлы жету жолы болып есептеледі?
*Кохер
*Лененандер
*Черни
*Федоров
*+орталық лапаротомия
#286
*!У деген 47 жасар пациенттің кіші жамбас қуысының абсцесі анықталды. 
Әрі қарайғы емдеу тактикасы анықтаңыз?
*құрсақ қуысын Шалимов бойынша дренаждау
*массивті антибактериалды терапия 
*басқармалы лапаростомия
*лаваж жүйесін салу
*+абсцесс қуысын ашу және дренаждау
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


#287
*!57 жастағы пациент, клиникада солжақ өкпенің созылмалы абсцесі диагнозымен
емделуде. Рентгенографияда солжақ өкпенің төменгі бөлігінде сұйықтық деңгейі бар
қуысты құрылым анықталады.
Емдеу тактикасының АНАҒҰРЛЫМ тиімдісі?
*плевра қуысын дренаждау 
*абсцесс қуысын дренаждау 
*өкпенің сегментарлы резекциясы 
*абсцесс қуысын тіліп алу
*+лобэктомия
#288
*!52 жастағы ер адам, ауруханаға өкпенің созылмалы абсцесімен жатқызылды.
Ең тиімді емдеу әдісін атаңыз?
*стационардағы комплексті консервативті ем
*санаторлы-курортты ем
*диспансерлік бақылау
*+радикалды операция
*амбулаторлы ем
#289
*!40 жастағы әйел, ауруханаға солжақ өкпе абсцесі деген күдікпен келіп түсті.
АНАҒҰРЛЫМ ақпараттылығы жоғары зерттеу әдісі? 
*+кеуде қуысының рентгенографиясы 
*плевра қуысының УДЗ 
*қақырық анализі 
*бронхоскопия
*спирография
#290
!Стационарда өкпе абсцесі диагнозымен емделіп жатқан 33 жастағы ер адамда, 5-ші
тәулікте пиопневмоторакс белгілері байқалды. 
Қандай емдеу тактикасы АНАҒҰРЛЫМ дұрыс?
*+плевра қуысын белсенді аспирациямен дренаждау және антибактериалды терапия
*өкпенің абсцеспен зақымдалған бөлігінің резекциясы
*торакотомия және плевра қуысының санациясы
*массивті антибактериалды терапия
*емдік бронхоскопия
#291
*!17 жасар жас жігіт, солжақ өкпесінің төменгі бөлігінің бронхоэктатикалық ауруы 
диагнозымен келіп түсті.
Ақпараттылығы АНАҒҰРЛЫМ жоғары диагностикалық әдіс?
*қақырық анализі
*+бронхография
*бронхоскопия
*спирография
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


*кеуде қуысының жалпы шолу рентгенографиясы
#292
*!31 жасар пациент, асқазанның пилорикалық каналының субкомпенсацияланған 
стенозымен келіп түсті.
Емдік тактика?
*консервативті емдеу
*кейінге шегерілген операция
*шұғыл операция
*+жоспарлы операция 
*жедел операция
#293
*!19 жасар жас жігіт, спонтанды пневмоторакстың клиникалық белгілерімен келіп түсті.
АНАҒҰРЛЫМ тиімді емдеу әдісі?
*торакотомия
*динамикалық бақылау
*консервативті терапия
*плевральді пункциямен қатар ауаны аспирациялау
*+плевра қуысын дренаждаумен қатар ауаны белсенді түрде аспирациялау
#294
*!52 жасар әйелде, аяқтың перфорантты веналарының жеткіліксіздігі анықталды.
Қандай операция АНАҒҰРЛЫМ оптималды болып есептеледі?
*Бебкокк
*Нарат
*Маделунг
*Троянов-Тренделенбург
*+Линтон
#295
*!38 жасар әйел, ауруханаға кеңейген аяқ веналарының тромбозымен жатқызылды. 
Тромбоз кезінде жүргізілетін негізгі емдік шаралар?
*антибиотиктер
*спазмолитиктер
*+антикоагулянттар
*белсенді қозғалыс
*парентералды жолмен көп мөлшерде сұйықтық енгізу
#296
*!56 жастағы әйел адамға жоспарлы түрде холецистэктомия операциясы жоспарлануда. 
Анамнезінде екі аяғының да теріасты веналарының варикозды кеңеюі бар. 
Тромбоэмболиялық асқынуларды алдын алу мақсатында қолданылатын АНАҒҰРЛЫМ 
қолжетімді әдіс?
*дезагрегантты терапия
*антикоагулянтты терапия
*флебэктомия
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155


*+аяқтарды эластикалық бинтпен орау
*криотерапия
#297
*!70 жастағы пациент, аяқтарының облитерациялаушы атеросклерозымен 5-6 жыл 
көлемінде ауырады. Қарап тексергенде аяқтарының IV дәрежелі ишемиясы анықталды. 
АНАҒҰРЛЫМ дұрыс емдік тактика? 
*қан тамырларын кеңейтетін терапиядан бастау
*+ампутация жасау
*тромбэмболэктомия операциясын жасау
*белдік симпатэктомия
*реваскуляризациялық остеотрепанация
#298
*!Оң аяғының терең веналарының тромбозы бар науқасқа антикаогулянтты терапия 
жүргізілуде. 
Осындай терапия қандай анализді бақылау арқылы жүргізіледі?
*жалпы қан анализін
*жалпы зәр анализін
*+коагулограмманы
*биохимиялық қан анализін
*жасырын қанға алынатын нәжіс анализін
#299
*!82 жасар пациентке, мезентериалды қан тамырларының тромбозы салдарынан дамыған 
некрозға байланысты ащы ішектің бір учаскесі резекцияланды. Операциядан кейінгі 
кезеңде кешенді консервативті емнің құрамына гепарин енгізілді.
Гепаринді терапия кезінде нені ескеру қажет? 
*АЛТ
*АСТ
*эритроциттердің деңгейін
*+қанның ұйығыштығын
*жалпы билирубиннің деңгейін
#300
*!69 жастағы ер адам, ұзақ уақыт бойы асқазанның ойық жара ауруымен ауырады. Қаралу 
келген кезде ойық жараның малигнизациясы бар деген күдік туындады. Зерттеу кезінде 
Вирхов метастазы анықталды.
Осы метастаздың локализациясын анықтаңыз?
*өкпе
*бауыр
*оңжақ қолтық аймағы
*+солжақ бұғанаүсті аймағы
*тік ішектік-қуықтық қатпар
Downloaded by ?????? ???????? (dark.nas.saparbek@gmail.com)
lOMoARcPSD|35447155



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет