85. Қан тобын анықтаған кезде АВ (IV) топтың сарысуын қандай жағдайда қолданады а)егер барлық пробиркаларда агглютинация жоқ болса
б)егер агглютинация қанның 0(І), А(ІІ), В (ІІІ) топтарының сарысуымен байқалса в)аталған қан тобының сарысуымен агглютинация 10 мин. өткенде байқалса
г)барлық жағдайда пайдаланылады
д)қанның 0 (І) тобы сарысуымен агглютинация болса
86. Донор мен реципиенттің жеке үйлестілігін байқау заттары а)донор плазмасы және реципиент сывороткасы
б)реципиент плазмасы және донор сывороткасы
в)донор плазмасы және реципиент қаны
г)реципиент сывороткасы және донор қаны д)донордың және реципиенттің сывороткасы
87. Омыртқа сынығының қайсысы асқынған болып есептеледі а)омыртқа денесі
б)тік және көлденең өсінділері
в)жамбастың зақымдануы мен сынуы
г)жұлынның зақымдануы мен сынуы д)омыртқаның аралық дискісінің зақымдануымен қосыла сынуы
88. Жедел аппендицитте ауырудың сипаты мен орны а)іштің оң жағының қатты, үнемі ауыруы б)оң жақ қабырға астының қатты, үнемі ауыруы
в)белінің айналып сырқырап ауыруы
г)эпигастрий аймағының пышақ сұққандай ауыруы
д)сол жақ қабырға астының ауыруы
89. Қатерсіз ісіктің белгісі а)іріңнің пайда болуы
б)баяу өсуі в)тез өсуі
г)қан қысымының төмендеуі
д)метастаздың болуы
90. Қатерлі ісіктің белгісі а)тез өседі б)метастаз жоқ
в)баяу өседі
г)нақты шекарасы
д)қапшығы бар
91. Қуық түбі безі аденомасымен ауыратын науқастың зәрі жүрмей қалғанда жүргізілетін емдік шаралар а)іштің төменгі бөлігіне жылу қою
б)мұзды мұйық қою
в)зәрдің рефлекстік жүргізу
г)зәр қуығын катетерлеу д)лазикс тағайындау
92. Өт тас ауруына тән а)оң жақ қабырға астының иыққа берілуімен ауыруы б)дизуриялық бұзылыстар
в)белбеу тәрізді ауыруы
г)түнгі, ашқарын ауыруы
д)бел тұсының ауыруы, шат аралығына берілуі