«Хирургиялық аурулар және реанимация» пәні бойынша кәсіптік тәжірибе бағдарламасы



бет1/4
Дата08.06.2023
өлшемі31 Kb.
#99829
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
Хирургия және реанимация ЛД


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ «АВИЦЕННА» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
«Хирургиялық аурулар және реанимация» пәні бойынша
кәсіптік тәжірибе бағдарламасы
Жалпы сағат саны :72 сағат

Талдықорған қ.,
Хирургия аурулары білім берудің негізі болып саналады, колледж студенттер хирургия пәнін өткенде, мамандық бойынша жұмыс істеуге кажетті білім және практикалық дағдыларды меңгереді.
Бағдарлама медицина колледжінің оқушыларына емдеу ісі мамандығы бойынша негізделген. Хирургия пәні негізгі хирургиялық аурулар, жарақаттар, олардың диагностикасын, клиникалық ағымын және емдеу әдістерін, көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы ғылыми білім жүйелерінен құралады.
Хирургия пәнінің негіздері, терапия сияқты, білімгерлерді дайындауда маңызды орын алады. Жоғарғы дәрежедегі мамандарды дайындауда хирургия адам анатомиясы мен ішкі аурулар және басқа да клиникалық пәндерімен тығыз байланыста болып, оқу процесінің негізгі бөлігі болып саналады.
Үлгілік оқу бағдарламасы хирургия емдеу іс пәнінен Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірлеу.

Оқу-өндірістік практиканың мақсаты: Оқушыларда хирургия аурулары және білімін қалыптастыру.

Кәсіптік тәжірибе міндеттері:

  • Жалпы хирургия негіздерін меңгеру

  • Жеке хирургия негіздерін меңгеру




  • Хирургия бөліміндегі посттағы, егу бөлмесіндегі, қайта таңу бөлмесіндегі, ауруханадағы, емханадағы, ота бөліміндегі жұмысы мен құжат толтыруды меңгеру.


Студент не білу керек

  1. Хирургиялық профильдегі жұмыс барысын ұйымдастыру тұралы кәсіптік дайындықтың негіздерін.

  2. Кәзіргі күнде хирургиялық стационарда қолданатын асептика және антисептика тәсілдерін.

  3. Хирургиялық науқастардың жағдайларын тексеру әдістерін, патологияны белгілеу, диагноз қойып, әрекетті жоспарлауды




  1. Жансыздандыру түрлері,қолданылатын жағдайлар,жансыздандыратын дәрілер

  2. Бас, дене,қол, аяққа салатын таңғыштар. Артериялдық веноздық қан ағуды тоқтату.

  3. Қан сәйкестігі, қан құюдың асқынулары

  4. Ота алды диагностика жасау,отаға дайындау

  5. Отаға дайындау және отадан кейінгі науқасты күту. Қан қысымы,тынысын,пульсін, дене темперетурасын бақылау

  6. Механикалық, химиялық, ашық жабық жарақаттар. Емі және оңалту.

  7. Термиялық,химиялық,электр зақымдарды емдеу,алдын алу іс шаралары.

  8. Инфекциянын алдын алу.жергілікті және жалпы емдеу принціптері

  9. Клостридиялық және спецификалық хирургиялық инфекция.

  10. Кіші және үлкен қан айналым шеңбері,бұзылыстары, емі алдын алу.реанимация негіздері. Ісіктер туралы түсінік. Жіктелуі,диагностикасы, емі, алдын алу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет