Хиуа және Қоқан хандықтарымен күрес



бет2/3
Дата22.11.2022
өлшемі3,52 Mb.
#51860
1   2   3
Байланысты:
Хиуа және Қоқан хандықтарымен күрес

Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған және Қосқорған сияқты әскери бекіністеріне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарымен белсенді байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтініші бойынша Созақ әскери бекінісін басып алуға қатысты. Кейінірек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен көп жылға созылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар 1851 жылы қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кетті. Жанқожа батыр Ақмешітке дейін жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекініс-қамалын басып алды. Жергілікті қазақтар Қоқан езгісінен азат етілді. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері олармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.

Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады.

Патша өкіметіне қарсы көтеріліс

Патша өкіметі Сыр өңірінде реакциялық ішкі саясат жүргізіп, отарлық езгіні күшейте түсті. Қазақтардың саяси тәуелсіздігін жоюмен бір уақытта жақсы құнарлы жерлерін тартып алып, оған Орынбор әскерінің казактарын орналастыру жоспарлы әрі тиянақты түрде жүргізілді. Оның үстіне 1837 жылы Ресей өкіметі тарапынан бағынышты ел ретінде қазақтардан әр шаңырақтан 1 сом 50 тиындық жаңа салық енгізілді.[4] Алайда кейініректе салық мөлшері екі есе көбейтілді. Бұл салық тарихта «түтін салығы», «шаңырақ салығы» деген атаулармен белгілі. Салық тең дәрежеде, халықтың әлеуметтік жағдайына қарамастан, яғни қатардағы жеркепе, лашық иелерінен де және ауқатты отбасыларынан да бірдей көлемде жылына бір рет жиналды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет