Базар оңдасұЛЫ



Дата06.10.2022
өлшемі1,02 Mb.
#41686
Байланысты:
Базар жырау

БАЗАР ОҢДАСҰЛЫ

Исмагамбетова Ж. Б. (ҚТжӘ 20-111-10)


ӨМІРІ ЖАЙЛЫ
  • Руы – шөмекей ішіндегі Балқы, сондықтан

  • ел арасында Балқы Базар аталып кеткен.
  • Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып,

  • есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген.
  • Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен ауылына сол кездегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп, апталап-айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болады.
  • Базар жырау 15–16 жасында бала жырау

  • атанады.
  • 1858 жылы Тәспен би

  • Қызылқұмдағы игі жақсыларды
    шақырып, ұлан-асыр той жасап,
    Базардың астына жүйрік ат
    мінгізіп, үстіне шапан жауып,
    жыраулық жолына сәт сапар
    тілейді.

ЖЫРАУЛЫҚ ЖОЛЫНЫҢ БАСЫ
Базар осы кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде аралайды. Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды жаттап, халық арасында жырлайды
Хорезм жағында болған кездерінде Орта Азия жұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды («Көроғлы», «Жүсіп – Ахмет», т.б.) қазақ тілінде жырлап, Сыр бойына таратады. Сонымен қатар шығыс аңыздарының ізімен «Әминә қыз», «Айна – тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады. 1907 жылы Базар жырау Қазан қаласынан баспадан шыққан «Айман – Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды. Кейіннен «Қыз Жібек» жырына да көп өзгеріс енгізіп, қайта жырлап, ел арасына таратады. Мұның өзі Базар жыраудың нәзирашылдық жолды ұстанғанын байқатады

ІРГЕЛІ ТОЛҒАУЛАРЫНЫҢ МӘНІ

Жыраудың сол кездегі шығыс және ислам философиясымен жақсы таныс болғандығы анық. «Әр кемелге – бір зауал», «Тіршіліктің түрлері», «Керқұлан», «Кермиық», т.б. іргелі толғауларында ол өмірдің мән-мағынасына көз жүгіртеді, тіршілікте кездесетін жақсылық пен жамандық, адамшылық пен зұлымдық хақында тереңнен ой толғайды.

Оның жырлары афоризмге толы, жырау ел аузында айтылып жүрген мақалдарды өз елегінен өткізіп, қайтадан түрлендіріп, әрлеп, кейде тіптен басқаша мағына беріп, асқан шеберлікпен қолданады.


5
1
2
3
4
6
БАЗАР ЖЫРАУ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ
Өнбейтiн дауды өспейтiн жiгiт
қуалар.
Өмірде адам не көрмес:
көтергенмен кеудесін –
жақсыға жаман тең келмес.
Ділмәр боп жүр бұл күнде,
Дым білместің талайы.
Жоқтықтан қолы байланып,
Кеңеске басы кірмей жүр,
Жігіттің не бір сығайы.
Жаман болса алғаның - мақтасы
қалың көрпе артық,
Қараға жауап бергеннен –
аққа берген серт артық.
Тіріде - жанға тыным жоқ,
қызыл тілде - буын жоқ.
Ақылды әйел ерінің атын
шығарады.
БАЛҚЫ ЖЫРАУ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ САҚТАЛУЫ
Жырау көзі тірісінде, әсіресе, қартайған шағында құрдасы әрі туысы Нұрымбеттің Төремұрат деген оқыған баласына ауызша айтып отырып, көп толғау-жырларын, дастандарын хатқа түсірткен. Жыраудың өз айтуымен хатқа түскен 15 мың жолға жуық өлең-жырлары, 5 дастаны сақталған.
1925 жылы Ташкенттен шыққан «Терме» жинағына, 1931 жылы жарық көрген «Қазақтың әдебиет нұсқалары» атты кітаптарға енді. Оның шығармаларына С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, аса жоғары баға беріп, Бұқар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау алыбы деп таныған. Жырау шығармаларын жинастыруда Ә. Диваев, С. Сейфуллин, Ә. Марғұлан, Ә. Қайнарбаев үлкен еңбек сіңірді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет