Хорезми „Мұхаббат-наме” Құтб



бет2/3
Дата18.12.2022
өлшемі22,05 Kb.
#58015
1   2   3
Байланысты:
кесте

Тақырыбы мен идеясы

Дастанның негізінен жігіттің қызға жазған он бір хатынан (наме) тұратыны, қыздың жігітке жауап хаты берілмейтіні, жігіттің хаты арқылы-ақ қыздың махаббаты айқын бейнеленгені. «Мұхаббат-наменің» лирикалық қаһарманының кейде ертедегі аңыздарда айтылатын дәстүрлі кейіпкерлерге ұқсап кететіні. Дастанда өмір шындығының басымдығы. «Мұхаббат-наме» – адам бойындағы ең ізгі қасиеттер болып саналатын махаббатты, ізгілікті, бауырмалдықты, жомарттықты, кішіпейілділікті, т.б. ту етіп көтерген дастан.

Низами поэмасында кала өмірінің, патша сарайындағы сән-салтанаттың, ал Құтбтың дастанында мал бағумен тіршілік еткен көк майсалы дала көріністерінің көбірек бейнелетіні.
«Хұсрау-Шырын» дастанының негізгі тақырыбы.
Дастанның қаһармандары: Шырын патша, Хұсрау патша, құрылысшы Фархад, Хұсраудың досы Шамур, Мариям, Шеруя т.б.
«Хұсрау-Шырын» дастанының қазақгың лиро-эпостық жырларымен сарындастығы, үндестігі, ал баяндау тәсілдері мен композициялық құрылысы жағынан ұқсас болып келетіні.
​- Дастанның Низами поэмасының сюжет, композициясын сақтағаны, дегенмен, өз шығармашылығына ерік берген аударма екендігіне тоқталу.
​- Оның көне түркі тілінде жазылуы.
​- Түпнұсқаның Парижде сақталуы.
​- Негізгі тақырыбы махаббат екендігі.

Тақырыбы: «Жүсіп-Зылиха»
Идеясы: ел билеушілер арасында тәж бен тақ, байлық пен мансап үшін болатын қанды соғыстарды, адамдар арасындағы алауыздық зардаптарын паш ету.



Образдар жүйесі

Жырдағы негізгі мәселе - автор атынан жырланатын махаббат (сүйген қызына бағытталғаны).
​- Махаббат сұлулығының, сүю қуанышы мен азабының қатар алына жырлануы.
​- Сүйген жар бейнесі.
- Ақын үшін падиша, сұлулық сұлтаны, Хызыр суы (тірлік суы), аспандағы ай, «Жұмақ ағаш бұтағының» ерекше қымбат екендігі т.с.с.
- Сүйген жар бейнесінің небір кестелі сөз оралымы, поэтикалық тілмен, ғажайып теңеу мен метафора, эпитеттермен берілуі.
Жігіт:көркемдік әдіс жағынан романтикалық образ.Тек тарапы жағынан лирикалық образ.Жасалу жолына қарай трагедиялық образ

Хұсрау
Көркемдік әдіс жағынан романтикалық образ
Тек тарапы жағынан эпикалық образ
Жасалу жолынан сатиралық образ

Зылиха
Көркемдік әдіс жағынан романтикалық образ
Тек тарапы жағынан эпикалық образ
Жасалу жолы жағынан геройлық образ

Сюжеттік желісі

Негізгі бөлімінде жігіттің қызға деген махаббаты жырланады. Жігіт қызды айға да, күнге де теңеп, жер бетіндегі ең сұлу адам етіп көрсетеді. Махаббат үшін аяғына дейін күресуге дайын екенін көрсетіп батылдық танытады. Ақырында қолынан келмейтінін түсініп, қызға тек бақыт тілеп, сыйластығын көрсетеді. Бұнда жігіттің қызға деген ілтипаты 11 хат бойы баяндалады.

Дастанның оқиғасы Шырын мен Хұсраудың махаббаты  
туралы, сүйіспеншілік, ғашықтық, жақсылықты, ізгілік пен  
адамгершілікті үлгі етеді. 

Жүсіп-Зылиха дастаны махаббат туралы көне ,көркем жыр.Дастанда екі жастың махаббаты,пәк сезімі,махаббат жолында көрген азабы ғана емес қоғамдағы әділетсіздік пен сыни көзқарастар туралы айтылған.Жүсіп-Зылиха дастанының ерекшелігі жас ерекшелігі махаббатқа кедергі болмаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет