- ферма мен бөлімшелерде жылқыны тексеруге, емдеуге арнап салынған, жақсы жабдықталған пунктер болуға тиіс;
- жұмыс біткен соң барлық бөлмелерде жұмыс орындарын тазартып, жинап, ертенгі күнге дайындап қою керек;
- аптасына бір рет міндетті түрде тазалық күнін өткізіп отыру керек;
- еденді, қабырғаларды, есік- терезелерді мұқият тазартып, 2-3% соданың ыстық ерітіндісімен жуады;
- жылқы дәрігерінің, техниктің үстіндегі халаты мен басына киген ақ қалпағы кіршіксіз таза болуы керек;
- қажет болған жағдайда алдына резинадан жасалған алжапқыш, аяғына резина етік киеді;
бұл арнайы киімдерді пунктен тыс басқа жұмыстарға пайдалануға болмайды;
- қалпақ пен халаттарды жуған кезде қайнатқан жөн, сонан соң үтікпен басып кептіреді;
Қорытынды Қорыта келгенде, жылқы шаруашылығында тұқымдық айғырларды, құлын - тайларды, сауын биелерді азықтандыруға оларды бордақылау кезінде азықтандырылуына ерекше көңіл бөлу керек. Жылқы желінетін жемшөп пен суарылатын судың тазалығы мен сапасына аса сезімталдық, талғампаздықпен қарайды. Бойында дамыған иіс сезгіштігінің арқасында жылқы бүлінген сапасыз жемшөпті жемейтін лайланып, ластанған суды ішпейтін текті жануар болып келеді. Жылқы астық тұқымдастары басым шалғын және дала пішені мен бұршақ тұқымдастардың аралас пішенін сүйсініп жегенмен, беде пішенін қажет ете бермейді. Жылқының сүйікті азығы – сұлы дәні болып табылады. Сондықтан оны жылқыға шектемей жегенінше беру керек.
Азықтандыру нормасының көрсеткіштерін толығымен өтеу үшін рационға жаңадан қосылған азық пен азықтық қосындыларға малды біртіндеп, аз мөлшерден бастап үйретеді. Малға жегізілетін ондай жекелеген азық пен негізгі азықтық топтардың көлемі мен арақатынасы малдың ас қорытуына үйлесімді келіп, қоректік заттар қорытылуы мен игерілуін жоғары деңгейде қамтамасыз етулері керек.
Биелердің, құлын–тайлардың, тұқымдық айғырлардың азықтандыру ерекшеліктеріне аса назар аудару керек. Жылқыларды бордақылау кезінде де азықтандырылуына мейлінше көңіл бөледі. Жылқыны бордақылағанда көп қолданылатын азығы әрі тиімдісі картоп бардасы болып табылады. Бордақылаудағы жылқыға таңертең жем қосылған барда, жом не сүрлем беріп, туралған пішен, сабан салып қояды да, артынан шырынды жемшөп үлестіреді. Кешқұрым қайтадан ірі жемшөп турамасын таратады. Жазда жылқыны жақсы жайылым отына жайып бордақылау тиімді болып келеді.Сондықтан жылқыларды жайылымда баққанда жаздық, қыстық жайылымдардың ерекшеліктерін де ескеруіміз қажет.