Хроматографияның бұл түрі талданатын ерітіндідегі иондарды адсорбенттің құрамына кіретін иондарға қайтымды алмастыруға негізделген. Өз иондарын жылжымалы фаза иондарына алмастыра алатын мұндай сорбенттерді иониттер немесе ион алмастырғыштар деп атайды, олар өздерінің арналуына сәйкес катиониттерге және аниониттерге бөлінеді. Талданатын ерітінді иондарының алмастыру қабілеті әр түрлі болуына байланысты хроматограммалар түзілуі жүзеге асады.
Қағазды хромотографияның ерекшелігі: көрінетін ультракүлгін жарықта көп-теген қосылыстардың табиғи бояуы, оңай біліну флавоноидты қосылыстарды қа-ғазда жеңіл тануға мүмкіндік береді. Басқа тəсілмен салыстырғанда бұл əдістің артықшылығы жəне оны ауыстыруға болмайтындығы, оның оңайлығында жəне басқа заттардың микрошамалы заттармен жұмыс істеу мүмкіндігінде.