Тотығу-тотықсыздану хроматографиясы әдісі компоненттерді бөлу анализденетін иондар мен колонкадағы заттар арасындағы тотығу-тотықсыздану процестерінің жылдамдықтарынының әр түрлілігіне негізделген. Иондарды бөлу мүмкіндігін тотығу-тотықсыздану потенциалдар шамасы бойынша тауып, оларға сәйкес анализденетін иондарының колонкадағы затпен реакциясының бағытын анықтайды.
Адсорбциялы – комплекс түзуші хроматографиясы әдісі түзілетін комплекс қосылыстардың тұрақсыздық константалары шамасының әртүрлілігіне негізделген.
Комплекс түзушіні және оның хроматографияланатын металл катионымен реакциясының өнімін ұстап тұруға бейім сорбенттер тасушы ретінде пайдаланады. Оларды модификацияланған сорбенттер деп атайды.
Бекіту сұрақтары
1. Хроматографиялық әдіс деген не?
2. Адсорбциялық хроматографиядағы фазалар
3. Ион алмастырғыш хроматографияның мәні?
4. Тұндыру хроматографиясы қайда қолданылады?
Әдебиет:
1. Аналитическая химия: Лабораторный практикум / К. Б. Адиходжаева. - Алматы: Эпиграф, 2016. - 220 с
2. Аналитикалық химия: Оқу құралы / П. С. Маденова. - Алматы: Қазақ университеті, 2012. - 211 бет
3. Аналитикалық химия: Зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар / Б. С. Иманғалиева. - Ақтөбе: Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2014. - 88 бет