«Хромосоманың жіктелуі, медициналық маңызы» тақырыбы бойынша ақпаратты-дидактикалық блок



бет1/3
Дата01.11.2023
өлшемі27,9 Kb.
#121370
  1   2   3
Байланысты:
Ақпараттық-дидак. блок 6


«Хромосоманың жіктелуі, медициналық маңызы» тақырыбы бойынша ақпаратты-дидактикалық блок:

Медицина саласында хромосомаларды зерттеу хромосомалардың құрылымы мен қызметінің бұзылуының нәтижесі болып табылатын адамның хромосомалық ауруларының себептері мен механизмдерін түсіну үшін маңызды.


Ең алғаш 1956 жылы француз цитогенетиктері Тийо және Леван адамның хромосомаларының нақты санын 46 екенін анықтады.
Кариотип — бір түрге жататын ағзаның жасушаларына тән хромосомалардың нақты санымен, құрылысымен және генетикалық құрамымен сипатталатын диплоидты жиынтық. «Кариотип» терминін 1924 жылы совет цитологы Г.А. Левитский енгізді.
Кариотиптегі хромосомаларды аутосомды және жыныс хромосомалары деп ажыратады. Адамның сомалық жасушаларында 23 жұп хромосомалар болады, оның 22 жұбы, аутосомалар – жыныстық емес хромосомалар. Жыныс хромосомалары – жынысты және жыныспен тіркес белгілерді анықтайтын хромосомалар. Әйел адамдардың кариотипінде екі жыныс Х- хромосомасы (ХХ), ал ер адамдардағы жыныс хромосомалар Х және У (ХУ).
Қалыпты ер адам кариотипі 46, ХУ, әйел адам кариотипі 46, ХХ. Әйел адамдардың кариотипіндегі жыныс хромосомалары гомогаметалы, ал ер адамдардағы жыныс хромосоомалары гетерогаметалы деп аталады.
Идиограмма- хромосомаларды мөлшерінің кішіреюі бойынша жұптарымен орналастыру.
Жыныс жасушаларындағы хромосомалар жиынтығы – гаплоидты, ал дене жасушаларындағы жиынтығы – диплоидты.
Адамның (сондай-ақ басқа да түрлердің) хромосомалар санын анықтаудың қиындығы олардың зерттейтін препараттарда ретсіз орналасуы, жеке хромосомалардың түсіп қалуы және басқа да техникалық қиындықтарға байланысты болуы.
Алғаш рет 1960 жылы АҚШ-тың Денвер қаласында өткен халықаралық конференцияда хромосомалардың біркелкі боялуын ескере отырып, хромосомаларды ажыратып, Денверлік жіктек қабылданды. Денверлік жіктеу бойынша адамның барлық хромосомалары центромералалық индексі (қысқа иығының ұзындығының хромосоманың түтас ұзындығына қатынасы, пайызбен есептелінеді) және ұзындықтары бойынша 7 топқа бөлінеді. Топтар ағылшын әріптерімен А-дан G-ға дейін белгіленеді. Хромосома жұптарын араб сандарымен белгілеу қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет