§22. Жапония. Оңтүстік Корея (1945-2008 жж.)
1945-1951 жж. Жапония. Потсдам келісімдеріне сэйкес жапон
аралдарын америка карулы күштері басып алды. Барлык билік генерал
Д.Макартур басқарған эскери әкімшілік қолына қарады. Мұнда ел
тарихында болмаған жағдай қалыптасты.
Жапония баска елдерден тартып алған аумактар өз елдеріне
кайтарылды. Тынык мұхитындағы отарлар АҚШ қарамағына өтті.
Онггүстік Сахалин заңды түрде КСРО--ға берілді, ал 1875 жылғы
келісім бойынша Сахалин Ресейге Курил аралдары Жапонияга
карайды деп шешілген. Сондықтан Кеңес Одағының Курилге жармас-
қаны, әсіресе, ешкашан орыстардың қолына түспеген Оңтүстік Курил
аралдарын (Итуруп, Кунашир, Шикотан, Хабомаи) 2-3 қыркүйекте
алуы осы күнге дейін Жапония наразылыгын тудыруда. Қытайдың
Порт-Артур, Далян порттарын, Қытай-Шығыс темір жолын КСРО
езіне каратты. Корея азат етілді.
Қиыр Шығыс мәселесін реттеу үшін 1945 жылдың аяғында
Мәскеуде жеңіске жеткен елдердің сыртқы істер министрлері кездесіп,
Одактас Кеңес және Қиыр Шығыс комиссиясын кұрды. Комиссияның
ұйғарымы бойынша, Жапонияда түбегейлі өзгерістер енгізілді.
Бұрынгы саяси партиялар таратылып, әскери кылмыскерлер жауапка
тартылды. Токиода өткен халыкаралык трибунал оншакты саяси жэне
эскери басшыларды дарга асу жазасын шыгарды. Жер реформасы
ежелден келе жатқан феодалдык жүйенің орнына фермерлік шаруа-
шылыкка жол ашты. Ірі әскери-өндіріс монополиялар — дзайбацулар
бөлшектенді. Елде демократиялык тәртіп орнатылды. Жаңа саяси
ұйымдар мен партиялар өмірге келді: либералды, демократиялык,
социалистік жэне т.б. Коммунистер қызметін ашык жүргізетін болды.
Жаца конституция
. Жаңа тэртіпті нығайтуда 1947 жылы күшіне
енген конституция өте маңызды орын алып келеді. Ол бойынша, ел
конституциялык монархия болып дамуда. Император тек ұлттық бір-
ліктін белгісі ретінде саналып, билікке қатыспайды. Сондай болғаны-
мен, жанұясының эдептілігімен, әр салада адал кызмет аткаруымен
император халык кұрметіне ие болды. 1989 жылы Хирохито император
кайтыс болып, такка оның ұлы Акихито отырды. Ол - белгіпі галым,
өте карапайым адам. Әйелі Мичико, екі ұлы, бір кызы бар.
Екі палаталык парламент сайлау аркылы құрастырылады. Оның
жоғаргысы — кеңесшілер палатасының 100 мүшесі бүкіл елден, капған
152 префектурапардан сайланады. Әр үш жыл сайын құрамының
жартысы кайта сайланып отырады. Төменгі өкілдер палатасы түгелі-
мен 4 жылға сайланып, негізгі заң кабылдаушы палата ретінде
саналады. Көп дауыс алған партия үкімет құруға кұқылы. 1947 жылы
біраз ай бойы үкіметке социалистер катыскан. Одан кейін либераляык
партия жетекшісі Сигэру Иосида (Есида) үкіметті басқарды. 1954 жыл-
даи бастап 1993 жылға дейіи өкіметті либералды-демократиялык пария
(ЛДГТ) басқарып келді. Кейін екі жылдай коалицияпық үкіметтер
кызмет аткарғаи, ал 90-шы жылдардың аяғында ЛДП тагы да үкіметті
баскарды.
Конституцияның IX бабы елдің соғыстан бас тартқанын, халык
аралык дау-таласта тек бейбіт әдістерді қолданатыны, баскаларга қауіп
төидіруге болмаса, қарулы күш жүмсауға тыйым салганын бекіткен.
Жапонияның экономикалык жағдайы. Соғыс аяқталған кезде
Жапония оте напіар жағдайға тап болды. көптеген калалар меи
кентгер, ондіріс орындары мен порттар қирап жаткан болатын.
Жұмыссыздардың саны бірнеше миллионная асып түсті. Азық-түлік
жетіспей, бұкара халык қатты қиналган. Инфляция шарықтап, бағалар
өсіп кеткен.
к
АҚШ, КСРО Жапонияны көконіс өсіретін ел ретінде дамуыи
калаған. Бірак 1947-1948 жж. Америка бұл елді күйзелістен кұтқарып,
шаруашылығы н қаита қалпына келтіріп, дамытуды ойластыра бастады.
Онсыз жұмысіпылар мен қала тұрғындарының ереуілдерін бәсеңдету
мүмкін емес еді. Оған қоса «кырғи кабақ» соғыс өршіп, Қытай комму-
нистері күшейіп, Қытай КСРО-ға бұрыла түскен заман басталды. Қиыр
Шығыс пен Тынық мұхит аймағында АҚШ-ка Жапония секілді
сүйеніш мемлекет табыла қоймаған. Сондықтан Вашингтон жау
болған елді өздеріне жақындастыруға бел байлап, қол ұшын бере
бастады. Бұл өте көрегендік дипломатия бұрылысы Америкаға жемісті
нәтиже берді. Керісінше, Мәскеу орыстарға туыс халықгарды да
(поляктар, чехтар, словактар), сондай-ак КСРО құрамындағы халык-
тарды да зарлатқызып ұстаудан жалықпай карғысқа батқан.
Жапониямен бейбіт келісім жасау мәселесі көп мемлекеттерді
мазалап келді. Бейбіт шартты дайындау ісі дау-талас туғызған. Әсіресе
КСРО мен АҚШ көзкарастары карама-кайшы болды.
Жапониямен бейбіт шарт жасасу мәселесі көптеген елдердің
қатысуымен дайындалған. Бірак, ол көптеген қайшылыктар туғызған.
Мәскеу өзіне өткен жерлерді мойындатуды көздеді. Жапония жерле-
ріне шетелдің қарулы күштерін енгізбеу туралы баптарды ұсынды т.б.
КСРО-ның кейбір тілектері негізсіз болганымен, Сталин үкіметі алган
бетінен қайтпады. 1951 жылы қыркүйектің басында бейбіт шартты
қарастыруға Сан-Франциско қаласында (АҚШ) халыкаралык конфе
ренция шақырылып, келісімге кол қойылды. Конференция жүмысына
қатыскан КСРО, Польша, Чехословакия өкілдері қол коймай койган.
156
Тэуелсіз Жапонияның сыртқы саясаты. Жапония егеменді ел
болып, оның үкіметі ішкі және сыртқы саясатты өзі белгілеуіне
шамасы жетті. Әрине АҚШ ықпалы басымырақ болып шыкты. Бейбіт
бітімге кол қойған күннен-ак Иосида үкіметі АҚШ-пен бірнеше
келісімдерге барган. Олардың ішінде «қауіпсіздік пактісі» мен
«әкімшілік келісім» бойынша екі ел достасып, АҚШ қарулы күштері
Жапония жерінде орналасуы, корғау мәселелері шешімін тапкан. Бұл
кұжаттарда жапон халқының наразылығын тудырған баптар кездескен:
қылмыс жасаған эскери адамдар ісін тек АҚШ сотында карастыру,
АҚШ армиясының жабдыктануы, әскери жатгығулар жүргізуде жапон
үкіметі мен жергілікті әкімшіліктермен санаспауы т.б., сондыктан да
50-шы жылдары АҚШ эскери базаларына қарсы толкулар жиі
ұшырасты. Соны ескеріп, екі жак 1960 жылы жаңа қауіпсіздік шартын
жасасты. Ол әр 10 жылда ұзартылып, осы күнге дейін күшін сақтауда.
АҚШ-пен Достық катынастар дамыту, оның қарулы күштеріне сүйену
Жапонияның ресми бағытының негізгі кагидаларына жатады.
Экономиканы жетілдіру үшін Жапония баска елдермен ынтымак-
тасуға күштар. Табиги байлығы жоктың касында болғандыктан, оның
өндірістік салаларына керекті темір рудалары, мүнай, металдар, ағаш,
макта, жүн, ауылшаруашылығы заттары шеттен алынады. Зерттеу-
шілердің айтуынша, елге кажетті тамак пен шикізаттардың 4/5 бөлігі
импорт аркылы қамтамасыз етіледі. Жапон аралдарына мыңдаған
кемелер әлемнің түкпірлерінен шикізаттар тасуда болса, соншама
кемелер өңделген заттарды алып кетуде. 130 млн жан тыным таппай
жұмыспен шүғылдануда. Бұл ел кұмырсканын илеуіне ұксас: күндіз-
түні тыным таппай кимылдауда. Адамдармен бірге роботтар да жүмыс
аткаруда.
80-90 жылдары импорт күрылымында шикізаттар көлемі азайып,
жартылай өңделген болмаса. өндіріс тауарларының көлемі үлғая түс-
кен, ол туралы төмендегі мәліметтер баяндайды (импорт % түрінде):
1 9 7 5 ж .
1 9 8 0 ж .
1 9 8 5 ж .
1 9 9 0 ж .
1 9 9 5 ж .
Т а м а к ж э н е
ш и к і з а т г а р
3 5 , 4
2 7 , 3
2 5 , 9
2 5 , 6
2 5 , 0
О г ы н (м ұ н а й ,
т а с кө м ір)
4 4 , 3
4 9 , 8
4 3 , 1
2 4 , 2
1 5 , 9
у
" ■■■ ■—
■
1 ■ ■
1 Ө н д і р і с з а т т а р ы
2 0 , 3
2 2 , 8
Ко
4 7 ^ 6
5 6 ^ 9
(Түп цуеқасы: The Japan o f today. Tokyo. 1996. p. 63)
Егеменді Жапония коп жылдар бойы көршілес КСРО жэне ҚХР-
мен катынас жасаспай жүрді. Саяси кайшылыктар жэне Америка
кысымы оған кінэлі болды. 1956 жылы КСРО - Жапония, 1972 жылы
157
ҚХР-Жапония дипломатия қатынастары орнаған. КСРО/Ресей мен
Жапония бейбіт бітімге әлі бара апмай жүр. Токио жағы Оңтустік
Курил аралдарын (Итуруп, Шикотан, Кунашир, Хабомаи) кайтаруды
талап етеді, ал орыстар аралдарды «ата мекеніміз» деп бергісі
келмейді.
Ш
Шынында ол 4 арал жапондардікі, 1956 жылғы 19 казандагы оны
екі жак кол койган декларацияда мойындаган. Тек КСРО (Ресей)
империялык тон мойындыққа кұныгып, неше рет уәде беріп, неше
түрлі айлалар ойластырып, эділетті шешуден бас тартып келеді.
Осыған байланысты КСРО-Жапоння сауда-экономикалык ынты-
мактасуының болмай жүргені. 1957-1972 жж. екі ел арасындағы сауда
айналымы 21,6 млн доллардан 1,1 млрд долларга көтерілген, ал 1976
жылы ол 3,4 млрд долларга жетті. Бірақ бұл көрсеткіштер екі елдің
жалпы сыртқы саудасында 2-3,1% кұрап келген. 1995 жылы сауда
колемі біраз ұлғайып 6 млрд доллар болды (Жапония сыртқы сауда
айналымы - 0,6%). Оған қарағанда Жапонияның Қытаймен саудасы-
ның колемі 1951 жылы 7,5 млн доллар болса, 1960 жылы 23,4 млн
доллар, 1970 жылы - 901,5 млн доллар, 1976 жылы - 3,033 млрд
доллар, 1995 жылы - 50 млрд доллар, ал 1999 жылы - 66,177 млрд
долларга дейін барган.
50-60 жж. Жапония карсы болган Азия елдерімен катынастарды
жақсартуға барды. Согыс кезінде жапон баскыншыларынан болган
шыгындарды толеп, саудаласу, каржы болу, серіктестік іс-кимылдарга
бару арқылы тыгыз байланыстар орнатып алды. Сол кезде-ак жапон
монополиялары Африка, Латын Америкасы мен Еуропа елдеріне карай
ұмтылып, жапон банкілері мен
корпорациялары жагдайларын
ныгайтты.
:х
Елдін саяси өмірі. Жапония қогамының саяси өмірі кызыкты да-
муда. Елде бірнеше саяси партиялар, котам ұйымдары қызмет аткара-
ды. Жұмысшылар мен қызметкерлер кәсіподактары батылды қимыл-
дармен козге түсуде. Газет, журналдар, кітап басуда жапондыктар
алдыңғы сапты ұстап келді. Электронды бұкара баспа кұралдары, теле
радио-интернет жүйесі керемет дамыған. Ішкі жэне элемдегі оқигалар
сол сәтте хабарланып, копшілік беймэлім бола қоймайды.
Саяси тартыстар бұрын (50-70 жылдарда) ереуілдер мен коше
кақтығыстарына апарып, азаматтар арасында теке тірестік туғызған.
80-90 ж. элеуметтік жағдай жөнделіп, жапондыктар қандай да болма-
сын қайшылықтарды ақылға салып, келісе отырып шешуді жөн
көретін болды. Бұл демократия мен заңды сыйлайтын, жетілген
жариялык коғам калыптасқандығын дәлелдейтін жайт.
Сондай дәрежеге жеткен Жапонияда саяси күрес токтады деуге
болмаиды. Сайлау наукандарында партиялар арасында пікірталас.
158
саяси ..тұпіпанларды эшкерелеу, парақорлыққа баргандарды айыптау
күшейе туседі. Заң бұзғандарды сотқа тарту, жазалау - қарапайым
дәстүрлі тәжірибеге айналған іс. Мысалы 70-жылдары үкіметті
баскарған К. Танака пара алғаны үшін сотқа тартылған.
50-80 жж. елде либералды-демократиялық партия (ЛДП) социа
л и с т (ЖСП), ко м м у н и ст (ЖКП), демократиялық-социализм (ДСП)
жэне Комэйто (Таза саясаттың партиясы) қызмет атқарган. ЛДП 1954-
1993 жж. билік тізгінін өзі жалғыз ұстап келді. Оппозицияда ЖСК
жэне ЖКП болған.
80-шы жылдардың аяғында ЛДП бөлшектене түсті. Ішкі тартыс-
тар, билікке талас ұлгайып, оның катары на бірнеше топтар шығып,
жаңа саяси партиялар пайда болған: жаңа шектер партиясы (ЖШП),
жаңа партиялық ұсыныс (Сакигаке), жаңарту партиясы, т.б. 1993 жылы
сайлауда ЛДП көпшілік дауыстан айырылып, коммунистерсіз коали-
циялык үкіметін оппозициядага партиялар кұрастыртан. Оның
•басында М.Хосокава болды. Келесі жылы Хосокава одан кейін И.Хата
кабинеттер орнынан кетіп, ЖСП жетекшісі Т.Мураяма ЛДП және
Сакигакемен топтасып үкімет қүрастырған. Бірақ, 1995 және 1996
жылдары парламентгің жоғарғы және төменгі палатапарына сайлау
жүргенде ЖСП, Сакигаке қатты жеңіліске үшырады. Жана шектер
партиясы максатына жете алмады. Сайлаушылар қолдауына ие болған
ЛДП жетекшісі Р.Хасимото үкіметгі басқарды. Содан соң ЖШП
ыдырап, 1997 жылы өзін-өзі таратып тастады. Оның орнын либералды,
бейбітшілік жаңа партия, достықтың жаңа партиясы, халык үні,
реформалар клубы, т.б. үсак топтар баскан. 1998 ж. осылардың көбісі
кайта
жакындасып,
демократиялык
партия
(ДП)
құрылған.
Социалистер социал-демократиялык партиясы (СДП) болып аталды.
Комэйто жаңарды. 1998 жылы каржы дағдарысы кезінде парламенттің
жогаргы палатасына кезекті сайлау жүрген. ЛДП біраз орнынан
айырылган. Соның күнәсін озінен көріп, Р.Хасимото орнынан түсті.
Келесі премьер К.Обути 1,5 жыл ғана үкімет баскарады. Қатты
ауырып, кызмет етуге шамасы келмеді. 2000 жылы сәуірде үкімет
басына ЛДП жаңа жетекшісі И.Мори келді. Ол үкіметте көп тұрақтана
алмады. ЛДП ішкі топтар арасындағы кайшылыктарға орай 2001
жылдын жазында оның орнына келген Дз.Коидзуми өте тиімді ішкі
саясат жүргізіп, бірнеше жаңалыктар енгізді. Парақорлыкка жол
бермеу, фракциялар мәнін төмендету, банк ісін қатаң бакылау аркылы
экономикалык дағдарыстың салдарын бәсендетуге кірісті. Оның 2005
жылы пошта жүйесін жекешелендіру ойын парламент қолдамаган еді.
Себебі өз партиясының арасынан карсылықтар болган. Сонда ол
парламентті таратуга барып,
жаңа сайлау арқылы жағдайын
нығайтқан. Сонан соң ен ірі мемлекет колындағы 3 млрд. долларга тең
мүлкі бар пошта жүйесін жекешелендіру заңын кабылдаткызган. Ол 10
159
жыл уакытқа созылмак. Ел ішінде беделі жоғары болып тұрғанымен,
калыптасқан саяси жағдайға карай Коидзуми 2006 жылы күзде үкімет
басынан өз еркімен кеткен. Премьер-министр тағайындапған С.Абэ
саясатын халық жөнді колдамады. Келесі жылы үкіметгі 71 жастағы
Ясуо Фукуда баскарды.
2007-2008 жж. ел дамуына ипотекалык қаржы мэселелері
айтарлықтай кері әсерін тигізген, бірнеше ірі банкілер банкротқа
ұшырап, экономика артқа шегіне түскен. Оган коса азық-түлік
бағалары да тез көтеріліп, тұрғындар тұрмысы біраз төмендеген.
Үкімет тарапынан ұсынған заңдар оппозиция партиялары басында
болған жоғарғы палатадан қолдау таппай, оларды іске асыру дау-талас
туғызып, көп уақыт күйіп түрған мәселелер шешімін таппай жатты
Фукудо беделі де төмендей берді. 2008 жылы қыркүйекте ол премьер
орнынан бас тартып, ЛДП жетекшілерінің бірі Таро Асо «жаңа
комэйто» партиясы катыскан коалициялық үкімет қүрастырды. Саяси-
әлеуметтік тұрақсыздыққа карамастан Жапония элемдегі 2-3-і орынды
нық ұстауда.
Саяси сахнадагы оқиғалар жапон қоғамындагы озгерістерге
байланысты. Елде халыктың негізін кұрайтын тұрмысы орта
деңгейдегі топ қалыптасты. Оныц түракты жұмысы бар, еңбек ақысы
жанұяны канағаттандыратындай болды, балалар оки алады, элеуметтік
камсыздандыру мәселелесі жөнді реттелді және т.б. Өмір барысы
саяси кайшылыкгарды бәсеңдетуде. Соған орай келесі дәуірде саяси
партиялар саны азайып, 3-4 партиядан аспайтындай болуы мүмкін.
«
Қазіргі кездегі Жапонияныц жағдайы. XXI ғасырға Жапония ең
гүлденген елдердің бірі болып аяқ басуда. Оның экономикалык дамуы
50-60 жж. әлемді таң қалдырып отырды. Өйткені орта есеппен жыл
сайынгы өсуі 12-18% кем түспей алға жылжыды. 1959 жылы ел Ж ¥Ө
бойынша әлемде 4-ші орынға шықты. Келесі он жылдың аяғында 3-ші
орынға ие болды. 1981 ж. Жапонияның ЖІӨ КСРО-дан асып түсті. 90-
шы жылдардың аяғында ол корсеткіш бойынша Қытай екінші орынга
көтершіп, Жапония үшінші орынға ығысты. Ж ¥Ө осуі 1960-1970 жж
жыл сайын орта есеппен Жапонияда - 11,1%, АҚШ-та - 4,1%, ГФР-де
- 4,8%, Англияда - 2,8%, Францияда - 5,8%, Италияда - 5 6% Бұл
«ғажап секірістер» 70-80 жж. жалғасты. Бұл кезде экономикада кұры-
лымдык өзгерістер жасалып, куатты жэне металды шағын жүмсайтын
композитивті заттар шыгаратын өндіріс салалары мәнді орын алды.
Радио, электроника, компьютер өндірісі кең етек жайды. Машиналар
автомобильдер, кеме жасау, химия, биотехнология ондірістері жаңа
деңгейге шыкты. Интернет жүйесі бүкіл елді, ірі жанұяны қамтуга
шамалы болды. Өндіріс затгарының жартысынан кобі шетелге
шыгарылуда, демек Жапония элем тілектерін камтамасыз етуде.
160
I
Соғыстан кейінп кезеңде Жапония каржы жэне экономика жүйесі
бірнеше дағдарыстар мен қиын кезеңдерге тап болған. 50-ші жылдарда
онын сауда айналымы көп ұтылыспен сипатталған. 1974-1975 жж.
әлемдегі энергетикалық дагдарыс елге катты соккы болып тиді. 1997-
1998 жж. қаржы дағдарысына байланысты жапон банкілері мен өндіріс
корпорациялары кэдімгідей әлсіреді. Кей кездері өндірілген тауарлар
сұрауын таппай калган жағдайлар да кездескен. Сондай кедергілерге
карамастан Жапония дамуы токтаусыз алга ұмтылуда. Оны мынадан
керуге болады.
2 0 0 7
2 0 0 6
Ж а л п ы і ш к і ө нім ( Ж І Ө )
4 3 7 6 7 0 5 м л н д о л л а р
4 7 4 9 0 0 0
Ж а н б а с ы н а ш а к к а н д а г ы Ж І Ө
3 4 2 4 9 д о л л а р
4 0 0 0 0 ( 2 0 0 0 ж . )
А л т ы н - ш е т е л д е р в а л ю т а к о р ы
9 9 6 м л р д д о л л а р
8 9 5 , 3
С а у д а а й н а л ы м ы
1 3 3 4 м л р д д о л л а р
7 1 2 , 9 м л р д д о л л а р
1 И м п о р т
6 2 0 , 9 м л р д д о л л а р
Осы көрсеткіштерді төменгі мэліметтермен салыстырып көріңіздер:
Ж а л п ы і ш к і ө нім ( Ж Ю )
2007 ж ш
Э л е м
54347038 млн доллар
« ¥ л ы ж е т і л і к » е л д е р і
64%
« ¥ л ы ж е т і л і к т е н » б а с к а д а м ы г а н
2 0 е л д е р
21%
Қалған е л д е р
15.1%
Ж1Ө
V
Мемлекет
млн ооллар
А Қ Ш
|
1 3 8 1 1 2 0 0
Е у р о п а л ы к О д а к
1 2 1 7 9 2 5 0
Ж а п о н и я
4 3 7 6 7 0 5
Г е р м а н и я
3 2 9 7 2 3 3
К ы т а й
3 2 8 0 0 5 3
Ү л ы б р и т а н и я
2 7 2 7 8 0 6
Ф р а н ц и я
2 5 6 2 2 8 8
И т а л и я
2 1 0 7 4 8 1
К а н а д а
1 3 2 0 3 7 6
Б р а з и л и я
1 3 1 4 1 7 0
Р е с е й
1 2 9 1 0 1 0
Ү н д і с т а н
1 1 7 0 4 6 0
О ң т ү с т ік К о р е я
9 6 9 7 9 5
М е к с и к а
8 9 3 3 6 4
А в с т р а л и я
8 2 1 7 1 6
Т у р к и я
6 5 7 0 9 1
И н д о н е з и я
9 3 2 8 1 7
С а у д А р а б и я
3 8 1 6 8 3
О н г ү с т і к А ф р и к а О д а г ы
2 7 7 5 8 1
А р г е н т и н а
2 6 2 3 3 1
Дерек: У-20. Information-entre NY. 2008. p. 14
161
Қазіргі кезде Жапония алып мемлекет болып есептеледі. Ол
экономикалык жетістіктері бойынша элемде 2-3 орынга не болып
келеді. Шетелдеп инвестиция көлемі 1 трлн доллардан асып түседі.
Сырткы саудада Жапониянын алдында тек АҚШ, Қытай, Германия
гана бар. Алтын жэне валюта коры жагынан Жапония элемде екінші
орынды ұстауда.
Жер көлемінен әлемнің 0,3% кем иеленген 128 млн халкы бар
Жапония әлемнің 10-12% өндіріс тауарларын шыгаруда, ал ЖІӨ үлесі
2,5% құрауда. 14 млн автомобиль шыгаруга каукары бар. Теңіз
кемелерін, түсті теледидар, радиоэлектроника заттарын, роботтар,
байланыс кұралдарын ондіруде алды на жан салмайды.
Жапония карулы күштерінің саны 240 мыңга ж акын (2006 ж.),
оған жұмсалатын бюджет шығыны 45 млрд доллар.
Халык түрмысы өте биік деңгейге көтерілген. Жан басына
шаккандагы ұлттық табыс колемі 24 мың доллардан аскан. Күп
көрсеткшггер Жапонияны әлемдегі алдыңғы орынға шыгаруда.
Жапония элем өміріне батыл катысып келеді. Интернет жүйесінде
алдыңгы орынды ұстанган ел, баскаларга жол салуда. Оның БҮҮ-ғы
кызмеп де аз емес, сондықтан да осы үйымның Қауіпсіздік кеңесіне
мүше болу тілегі орынды деп көптеген елдер колдап отыр.
Сонымен бірге ел ішінде элі толық шешімін таппаган мәселелер
бар. Халыктың 49% не бары Токио, Осака, Нагоя калалары мен солар-
Дын төңірегінде өмір сүреді. Бүл жагдай пэтерлердің шагын болуына,
жұмыска барып келу уакытыныц тым созылуына, экологияның
нашарлай түсуіне эсерін тигізіп отыр. Баска дамыған елдерден көрі
жапондыктардың апталық жұмыс уақыты көбірек болып келеді.
Қазіргі дэуірдің баска да күрделі мәселелері бүларды да мазалауда.
Ж апония-Қазакстан катынастары. Жапония—
Қазакстан каты-
настары жаксы дамуда. Екі ел елшіліктер орнатып, көптеген салаларда
ынтымактасып келеді. Жапония комегімен Қазакстанда ауыр өндіріс
орындары жаңартылып, көпір, аэродромдар салынуда. Жапон тәжіри-
бесі бізге үлгі. Байыргы заманда жапондыктар мен түркілер аралас-
күралас болған, олардың тілдерінде, мэдениетінде, сана-сезімінде
туыстык тамырлар аз емес.
Онтүстік Корея. Корея Республикасының даму жолдары. 1948 жы
лы тамыз айында Оңтүстік Корея аймагында күрылган Корея Респуб-
ликасынын саяси дамуы едэуір киыншылыктарға тіреліп отырды.
АҚШ-тың колдауымен күрылған мемлекетте 40 жыл бойы эскери-
диктатор лык тәртіп басым болды.
1948
жылдан бастап саяси бірлікте бірнеше президенттік кабинет-
тер ауысты:
162
- 1948-1960
жж. президент Ли Сын Ман кабинеті ашык түрдегі
әскери-полициялык үкімет болды;
- 1960-1961 жж. президент Юн Бо Сан кабинеті азаматтық билік
түрінде басталғанымен, ұзакка шыдамай, 1961 жылы әскери төңкеріс
нэтижесінде кұлады;
- 1961-1979 жж. президент Пак Чжон Хи кабинеті әскери-дикта-
торлык үкімет;
- 1979-1980 жж. президент Цой Гю Ха кабинеті азаматтық үкімет
кұрды. 1980 жылы әскери төңкеріс нэтижесінде биліктен тайдырылды;
- 1981-1988 жж. президент Чон Ду Хван кабинеті әскери-дикта-
торлык үкімет;
- 1988-1992 жж. президент Ро Дэ У кабинеті парламенттік
сайлауда жеңіп шыккан зайырлы үкімет;
- 1993 жж. бастап президент Ким Ен Сам кабинеті парламентпк
сайлауда жеңген азаматтык үкімет;
- 1998 президент қьізметіне демократиялык партияның өкілі Ким
Тэ Чжун келді.
Ощүстік Корея қоғамы, әсіресе, студенттік жастар ұйымдары
эскери-диктаторлық тәртіпке талай рет карсы шығып, саяси тэртіпті
демократияландыруға едәуір үлестерін қосты. Бірак бұған карамастан
Оңтүстік Кореядағы саяси тәртіп, көбінесе эскери-диктаторлық жүйеге
сүйенді. Мұндай жағдайдың ішкі себептері бар.
Оңтүстік Кореяда коммунистік идеологияның канат жаюына
жагдай болмады. Бұл өңірде Кеңес әскерлері ешкашан болған емес.
Бұкара халык ком м ун и ст және социалисгік ілімдерге салкын қарады.
Көп жылғы жапон отаршылдарының «қылыштык тәртібі», ал кейіннен
АҚШ-тын оккупациялық тэртібі әскери-диктаторлык жүйенің қалып-
тасуына жағдай туғызды. Оккупациялык тэртіптің басымдығы эскери
шенді топтардың билігін күшейтті. Жоғарыда аталған президенттердің
басым көпшілігі эскер баскарған генералдар. Осыған орай Оңтүстік
Кореядағы зайырлы үкіметтер әскери-генералдык топтардың кысымы-
на шыдай алмады. Үкімет басшылыгындағы генералдардың бэрі АҚШ
пен Жапонияның эскери оку орындарында тәрбиеленді. Сондыктан
экономика жүйесінде алдымен АҚ11І моделі, кейіннен Жапония
моделіне кошу сақгалып отыр.
Әскери-диктаторлык тэртіп орнаткан генералдар тобы Солтүстік
Кореямен жакындасу мэселесіне өте қатаң карап, ондай ой-пікірлердін
дамуына мүмкіндік бермеді.
Онтүстік Корея экономикасынын даму ерекшеліктері.
Оңтүс-
тік Корея Жапония үстемдік жүргізген кезде нашар жагдайда болды.
Өндіріс орындары көбінесе елдін солтүстігіне шоғырланған, ал мұнда
макта мен күріш өсіру колға алынған. Жергілікті феодалдар мен жапон
163
үкіметі шаруаларды басыбайлы ретінде ұстап канап келген. Халык
түрмысы өте төмен, сауатсыздық, жұмыссыздық қаптаған еді.
1950-1953 жж. Корея соғысы елдің екі жағын да капы каксатты.
Қалалар, өндіріс орындары киратылды. 7 млн астам адам каза тапты.
Ли Сын Ман диктатурасы салаларын көтеруге жөнді мән бермеді. Ел
каржысы мен шеттен келген көмек ен алдымен әскери күштерді
камтамасыз етуге жұмсалды.
sS
__ 1960-1970 жылдары АҚШ долларының көмегіне сүйенген
Оңтүстік Корея экономикасы жылдам дамыды. Кореядагы шаруалар
отбасының артыкшылығын ескерген АҚШ мамандары аграрлык
мәселеге ерекше көңіл бөліп, 50-жылдардың барысында бұл мәселені
капиталист бағытта шешуге көмектесті. Помещиктердің иелігіндегі
жердщ кұнын төлеп (сатып алып), шаруаларға сатш . Шаруаларды ң
жағдайын тұрактандыру үшін мемлекет тарапынан несие беріп,
техникалык кұралдарды арзан бағамен сатып, Оңтүстік Кореяның
ауыл шаруашылығында фермерлік қатынастар бекітілді.
60-жылдардан бастап Оңтүстік Корея экономикалык даму жолын-
да Жапония үлпсше ауысты. Жапон үкіметі отаршылдық жылдардагы
К
1
НЭСШ мойындап, коммерциялык несне көздерін ашып берді.
АҚЩ пен Жапонняның несне қорларына сүйенген Оңтүстік Корея
жевдл жэне ауыр ондіріс салаларында жаңа технологиялык даму
жолына түсп. Ел экономиканың экспорттык түрін жакгады. Шетел
капиталын тарту үшін көптеген жеңілдіктер енгізілді. Аз уакытгың
ішшде Корея кэсіпорындары шетел бэсекесіне төтеп беретін тауарлар
шыгаратын болды.
-
^ 4 Т /
Онтүсгік Корея Венірия, КСРО, ҚХР, Вьетнам, Монголия
елдерімен дипломатиялык қатынас орнатып, мәртебесін котерді.
Әкономиканын жедел дамуы ұлтгык, монополнстік, капиталистік
топтардың («чэболь») шоғырлануына мүмкіндік ашты. Шаруалардың
басым копшшіп капиталистік негіздегі кооператнвтерге шоғырлаңды.
Мемлекетпң тікелей колдауы аркасында орта жэне жоғары білімді
мамандар көбейді. Қыска мерзімде Оңтүстік Корея елі жаксы дамыған
индустриялы-аграрлы мемлекеттер катары на косылды.
Онтустік Кореянын 60-70-жылдардағы жағдайы. I960 жылы
мамырда жастар бастаган көтерілісті қала түргындары колдап, Ли Сын
Ман куылған. Эскери басшылык арасындағы бақталастыкта Пак Чжон
Хи тобы басымды болып, катан тәртіп орнатты. Жана конституция
кабылданды. Кейін Пак Чжон Хи бір рет емес, үш рет президент
белуга мүмкіншілік алды (1969 ж). 1971 жылы «сайлауда ол жеңіске
жетп» деген мәліметп когам сенімсіздікпен кабылдап, ірі қалаларда
наразылык шерулер үйымдастырылган. Оппозицияға карсылык шара-
лар колданылды. Төтенше жағдайлар жарияланды. Мыңдаган адамдар
164
жауапка тартылды, жазаланды. Эскери трибуналдар карапайым аза-
маттардың ісін қарауға құқыкты болды (1972 ж. қазан). «Қазандағы
жаңарту реформалары» аталған тәртіп бойынша конституция өзгер-
тіліп, президент Пак Чжон Хи шексіз билікке жетіп зандар енгізді.
Міне, сол жылдары үкімет бақылауына караған ауыр өндіріс, машина,
кеме жасау, электроника салалары, металл корыту комбинаттары
пайда болған. Оларды ең алдыңгы қатардағы АҚШ пен Жапония
технологиясы мен ғылыми-техникалық негізінде дамытуға мэн берілді.
1970 жылдары Онтүстік Корея тез жетілді. Бұкара халық өмірі
айтарлыктай өзгерді. Әлеуметтік омір жонделе түсті.
80-жылдардағы Корея Республикасы.
Сондай жағдайда көбіне-
се АҚШ-та эскери білім алған топ билікке жармасты. Оның жетекшісі
генерал Чон Ду Хван еді. Жүздеген саяси қайраткерлер қуғын-сүргін
көріп жүрген кезде әскерилер бұл жолы да үкімет басына келуге күш
салды. Сондықтан ел бірден түбегейлі озгерістерге бара алмады. 1980
жылы жаңа конституция кабылданып, президентті бір ғана рет 7 жыл-
га сайлау туралы бекітілген. Ол орынга генерал Чон Ду Хван келді.
Қоғамдагы наразылықты әскерилер басуға шамасыз болды. 1982 жылы
мамырда Кванчжу қаласында үкіметке қарсы көтеріліс басталған.
Оган, әсіресе, студенттер мен жұмысшы жастар белсенді қатысып,
бірнеше күн қала көтерілісшілер колына откен. Үкімет танкілерді
пайдаланып, кала тұргындарына оқ жаудырып, оны аяусыз басып
тастаған. Оппозициядағы партиялар таяқталды, коптеген кайраткерлер
тұткындалды. Демократиялык партия жетекшісі Ким Тэ Чжунды
жазалаудан сескеніп, оны елден аластатты.
Сонымен катар экономикалык салалар барған сайын жетіле берді.
Шетке шығаратын тауарлар өндеу: киім-кешек, электроника, машина,
кемелер, электр жабдыктары әлем нарығынан орын тапты. 1983 жылы
жалпы ұлттык табыс 75 млрд долларға жетіп, Оңтүстік Корея дамыған
елдер катарына ілінді. Экспорт мөлшері 23 млрд доллардан асып, жыл
сайын оның көлемі ұлгая берді. Елді Сингапурмен, Гонконгпен,
Тайванмен косып, Азияның торт «жолбарысы» деп атайтын болды.
Жетістіктерге сай халык тұрмысы да жаксара берді. Ел беделі элем
сахнасына котерілді. 1988 жылы Олимпиада ойынын Сеулде өткізуге
кұкыкты болып, оны сэтті жүргізді. Елге қуылған Ким Тэ Чжун, Ким
Ен Сам, т.б. демократтар қайтарылды. Әскери басшылык ішкі және
сырткы кысымды байкап, демократизациялау үрдістерін іздестіруге
барды (1986 ж.). Келесі жылы оппозициямен келіскен жаңа конститу
ция кабылданды (1987 жылы 27 қазан). Сол ата заң әлі күнге дейін
күшін сактауда. Екі айдан соң президенттік сайлау өткен. Сайысқа
бірнеше кайраткерлер түскен. Соның алдында эскери шенін тастап,
жаңа тэртіпті колдаган генерал Ро Дэ У жеңіске жеткен еді. Әрине, бұл
165
өзгерістерге «қырғи қабак соғыстың» токтауы да оз әсерін тигізгенін
ұмытпау қажет.
Оңтүстік Кореянын 1990 ж. жэне XXI г. басындагы саясаты.
Ро Дэ У кезінде Корея Республикасын көптеген елдер мойындап,
қатынастар орнатты. Ол да КСРО орнына келген жаңа мемлекеттермен
байланыстарын дамытты. Екі Корея елдері 1990 жылы күзде БҮҰ-га
қабылданды. Қытай, Ресей, Қазақстан сиякты жакындагы-алыстагы
елдермен сауда-экономикалық ықпалдастық қыза түсті.
Ішкі омірде де жұмысшылар кұқығы өсті, олардың жалақысы
көбейтілді, кэсіподақ ұйымдары дамыды. Елдің экономикасы орта
есеппен жыл сайын 8%-дан кем түспеді. 1996 жылы оның сауда
айналымы 280 млрд, ал экспорта 130 млрд долларға жеткен. Бірақ,
1997 жылы бірнеше Азия елдері, олардың арасында Оңтүстік Корея да
қаржы дағдарысына тал болып, екі-үш жыл бойы соны басынан
кетіруге күш салды.
1993
жылы президент орнын көптен бері армандап жүрген Ким Ен
Сам жеңіп алды. Ол билікке келе сала, баяғы Чон Ду Хванды 1982 жы
лы студенттерді атқылағаны үшін, ал Ро Дэ Уды парақорлыкка барга-
ны үшін жауапқа тартқызды. Сыртқы саясатта Солтүстік Кореямен
қатынастарды реттеуге дайындык білдірді. Өзін қолдаган партияларды
біріктіріп, 1996 жылы Жаңа Корея партиясын (ЖКП) кұрган.
Экономика саласындагы ауыртпалықка қарай президенттік сай-
лауда халык оппозициядағы Ким Тэ Чжунды колдаган. Ол «күн жылы-
лығы» саясатын алға тартып, Солтүстік Кореямен катынастарды жақ-
сартуға кіріскен. 2000 жылы жазда екі Корея басшылары тарихта бі-
рінші рет кездесіп, бірнеше шешімдерге кол койган. Тек Пхеньянның
ядролык каруды иелену бағдарламасы, АҚШ-тың оған қатысты сая
саты түбектегі жагдайды жөндеуге кедергі жасап келген. 2003 жылы
өткен президент сайлауында Ким Тэ Чжун колдау корсеткен Ро Му
Хен (кейде Но Му Хен деп те жазады) билік тізгінін ұстаган. Ол АҚШ-
тың Таяу жэне Орта Шығыстагы саясатын мақұлдап, осы аймакка
әскери күштерін жіберді. Ал негізгі саяси багыты Солтүстік Кореяның
атом қаруын жасау жоспарына қарсы тұру болды. 2006 жылы Ким Чен
Ир үкіметі атом бомбаларын сынап, әлем наразылығын тудырған. Бір-
неше жылга созылған келіссөздер 2007 ж. аяғында жемісті аякталған-
дай еді. Бірак Пхеньян жағы 2008 жылы тамызда ядролық кару жос-
парын каитадан бастауға кіріскен. Қазіргі кезде ел басында жаңа прези
дент - Ли Мун Бак отыр. Ол өте кедей жанұясынан шыққан қайраткер. Ли
Мун Бак оте жауапты «747» атты максатты іске асыруга уэде берген: эр
жылда шаруашыльпсты 7% котеру, эр адам га шаққанда ЖІӨ 40 мың
долларға жетюзу, едщ ең каукарлы 7 мемлекет катары на косу.
Оңтүстік Корея мен егемен Қазақстан арасында коп салалы жэне
жемісті катынастар калыптасқан.
166
Азия мен Африкада тәуелсЬ мемлекеттердін пайда бопуы. Жас
мемлекеттердін мэселелері.
Фашистік жэне соғыскұмар мемлекеттер-
дің талхандалуының манызы зор болды. Мұның өзі элемдік империа-
лизмді едәуір әлсіретіп, Азия, Африка жэне Латын Америкасындағы
халыктардың ұлт-азаттық күресіне дем беріп, отарлық жүйенің
дагдарысын аскындыра түсті.
Отарлық жүйенің ыдырау үдерісі Азияда кең өріс алды. Тәуел-
сіздік даму жолына - Үндістан, Цейлон, Бирма, Индонезия, ҚХР,
КХДР, ВДР, Лаос, Камбоджа, Пэкістан, Сирия жэне Ирак елдері түсті.
Кейінірек саяси тэуелсіздікті Солтүстік Африканың көптеген елдері
иеленді. 1960 жылдардың соңында Африка елдері отаршылдык
бұгаудан босанып, тәуелсіз құрылымдардың катарына қосылды.
Азия жэне Африка елдерінің ұлт-азаттык қозғалысы 1970 жылдың
барысында тарихи жеңістерге жетгі. Азия жэне Африка халыктарының
пәрменді соққысынан Францияның, Англияның жэне Португалияның
огарлы империялары күйреді. Согыстан кейінгі қираған отарлық
бөлшектердің орнына 120-дан астам тэуелсіз мемлекетгер кұрылып,
2 млрд-тан астам түрғындар отаршылдыктың бұғауынан кұтылды Бұл
халықгар өміріндегі терең революциялық тоңкеріс еді.
Халыктың тез өсуі коптеген жерді жыртуға, ормандарды шабуға,
түіиы су қорының саркылуына әкелді. Табиғаттың экологиялық тепе-
теңдігінің біртіндеп өзгеру қаупі байқалды. Адам саныньщ тез өсуі
жастардын қатарын көбейтіп, оларды тэрбиелеуге, оқытуға, жүмыс
орындарын дайындауга едэуір шығын жұмсаудың қажет екендігін
айкындап берді.
Өтпелі кезенге
ену. Азия жэне Африкадагы азаттық алган жас
елдер саяси тәуелсіздігін нығайтуға, экономикалык дербестігін тұрақ-
тандыруға, әлеуметтік кайта кұрулар эрекеттеріне кірісті. Бұл мәселе-
лерді шешуде Азия жэне Африка халыктары жаңалау (модернизация)
әдістеріне көшті. Жаңалаудың барысында Азия жэне Африка қоғамда-
ры гасырлар бойы калыптасқаи дэстүрлі өмір жүйесін өзгертуге тиісті
болып, халык өзінін отпелі кезеңіне бет бұрды. Өтпелі кезенде Азия
жэне Африка коғамдары мен мемлекеттерінде жаңа дәстүр коріністері
ескі әдет-ғұрыптармен қатарласып, экономикасы коп салалы жэне
әлеуметтік жүйесі тотенше ала-құла болды. Осы кезде халыктың
басым копшілігі ауылдан калага ауысты. Шаруаның калаға тиісті
еңбек қабілеті, қалалық машығы, не тиісті мамандығы болмады, 50-80-
жылдар аралыгында Азия жэне Африка тұрғындарының 350 миллионы
кала халкының катарына қосылды. Экономиканың көп салалы,
Достарыңызбен бөлісу: |