Хронология, аныктама, карталар



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата15.03.2017
өлшемі20 Mb.
#9620
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
9620

тан**


т
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҮЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
К.  Қожахметулы,  Ә.  Шөпеков
ШЫҒЫСТЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ. 
ХХ-ХХІ  ғғ.  бас  кезі
Оцу қүралы
Екінгиі басылым
Редакциясын басцарган
 -  
тарих гылымдарының докторы, 
профессор К. Қожахметулы
Алматы 
«Қазак университеті»
2012

Щ М  
u . МшШ Щ щШ Ш  1
ББК 66.4 К С /  С)  f Z  
|
қ  ^2 

I
Баспага әл-Фараби атындагы Қазақ үлттық университет! 
халықаралық цатынастар факультетінің Ғылыми кеңесі жөне
Редакциялық-баспа кеңесі усынган
П і к і р   ж а з ғ а н
тарих ғылымдарының докторы, профессор 
М.К. Әбусеитова
 
,
(ҚР БОМ Шығыстану Институтьшың директоры)
К. Қожахметүлы
 -  тараулар 2, 3,4, 6, 9,  11,  12,
13,  14,16,  17,21,24, 25, 27, 28, 29, 30, 31, 33, 35;
хронология, аныктама, карталар;
Ә. Шөпеков -
 тараулар  1, 5, 7, 8,  10,  15,  18,  19,
20, 22, 23, 26, 32, 34.
Қожажметүлы  К.,  Ш өпеков Ә.
Қ  53 
Ш ығыстың  тарихы  және  халы қаралы қ  қатынастары.  XX- 
XXI ғт.  бас кезі:  оқу құралы. -  2-бас. / ред.  басқ. К.  Қожахметүлы
-  Алматы:  Қ азақ университеті,  2012. -  308  б., иллюстр.
ISBN 978-601-247-350-6
XX  ғ.  және  XXI  ғ.  бас  кезіндегі  Шығыс  елдерінің  тарихы  мен  халык- 
аралык  катынастарына  арналған  оқу  күралы.  Авторлар  Шығыстын  топ- 
таскан елдерінің саяси-әлеуметтік, экономикалык дамуына назар аударған.
Жоғары  оку  орындарының  халыкаралык  қатынастар,  тарих,  шығыс- 
тану, саясаттану факультеттерін#ң студенттеріне арналған оку қүралы.
С .Т о р ай ғы р о в  
,
аты н д ағы   ПМУ-д 
| ББК  66.4
к а д е м и к   С .БейебМ баеі
атындағы  ғылыми 

9
.ожахметүлы К., Шөиеков Ә., 2012
ISBN 978-601-247-350-6 
II  Қ  j j  Д  
ҮУ, 2012

К І Р І С П Е
Шығыс  елдерінің  тарихы  әлем  тарихының  бөлінбес  бөлшегі 
ретінде  карастырылады.  Ежелгі  дәуірден  бастап  Азия  және  Африка 
халыктары,  олар  кұрған  мемлекеттердің  адамзат  өмірінің  дамуына 
коскан үлесі ұшан-теңіз еді. Тек XVIII ғасырдан бері қарай олар батыс 
елдерінің  отарына  айналып,  қаналып,  тапталып,  көрмеген  қорлыққа 
тап  болған.  Кавказ,  Орталық  Азия,  Таяу  және  Орта  Шығыс,  Африка, 
Оңтүстік  Азия,  Оңтүстік-Шығыс  Азия,  Солтүстік-Шығыс  Азия 
аймақтарындағы  бұрын  дамыған  елдерде  отаршылдардың  үстемдігі 
орнап,  тэуелсіздігіиен  айырылып,  халықаралык  катыиастардағы 
субъект  мәиінен  айырылып,  объект  түрінде  саналып,  әлем  дамуының 
күре жолынан шектелген. XX ғасырдың бас кезінде екі кұрлықгаң кең 
аумағында  аз  ғана  тәуелсіз  болмаса  жартылай  тәуелді  елдер  күн 
көрген.  Олардың  арасынан  тек  Жапония  алып  мемлекеттер  катарына 
қосылған,  ал  Қытай,  Таиланд,  Ауғанстан,  Иран,  Түркия,  Эфиопия 
тағдыры  кол  ұшында  тұрған  еді.  Батыс  елдері  оларды  да  бөлісуге
жанталасып келген.
Әлемді  билеп-төстеу  саясатына  кұныккан  импералистік  күштер 
I  дүниежүзілік  соғысты  бастап,  миллиондаған  тұрғындарды  кырып 
жойған.  Ол  кыркыстың  салдарынан  Еуропа  халыктары  да  зардап 
шеккен,  ал  Шыгыстағы  отарлы  халықтар  шексіз  езіліп  қаналған, 
кырылған.  Шыдамы  біткен  қазак  халқы  1916  жылы  ұлт-азаттык 
көтерілісті  бастап,  аса  кағынган  Ресей  империясының  құлауына  үлес 
косқаны  тарихи  шындык.  Әрине,  қытай,  үндістан,  түрік,  араб,  сондай- 
ак  иеміс,  орыс,  украин  т.б.  халыктарының  соғыс  қүмарларына 
карсылык  көрсетуін  естен  шығармаймыз.  Соғыс  аяғында  бірнеше 
империялардын  тас-талқаны  шығып,  жеңіліске  ұшыраган.  Тіпті 
жеңімпаз аталған Франция, Ұлыбритания элсіреп, элем қатты өзгерген. 
¥лт-азаттык идеялары айтарлықтай  кайраттанған еді.
Бірак,  XX  гасырдың  20-40  жылдарында  имперлік  саясат  тамыры 
кайта  канаттанып,  тоталитарлық  жэне  әскери  жүйе  орныккан  елдер 
(Германия,  Италия,  Жапония)  II  дүниежүзілік  соғыстың  шығуына
з

болды.  Зерттеушілер  буржуазиялык  демократия  негш 
Франция,  Ұлыбритания  басшылары  фашистік  озбырлыкка
Веймарлык Германиямен,  сонан соң фашистік Германиямен өте  кұпия 
шартгар  жасасып,  элемдік  соғысты  тұтандыруға  катысқаны  күмэн
туғызбайды.  Кейбір орыс тарихшыларының неше айла тауып,  кеңестік
саясатты ақтауы ешқандай сын көтермейтін жайт.
Фашистік  Германияны  жэне  милитаристік  Жапонияны  талқандау
әлем  халықтарының  тарихи  жеңісі  екені  даусыз.  Ол  жеңіс  үшін 
ондаған  миллион  адам  өмірін  қиды.  Қытайлықтар,  орыстар,  немістер 
катты шығынданды.  Қазақ халқы согыстың шексіз тауқыметін тартты.
Бауыржан  Момышұлының,  Әлия  Молдагұлованын»  Мәншүк 
Мәметованың, Рахымжан Қошқарбаевтың майдандағы ерлігі, еліміздің 
табиғи  байлығы,  шаруашылық  саласындагы  жетістіктер  —  осылар
казактың даңқын элемге көтеріп, батырлығын танытгы.
Соғыс  барысында  тэуелді  халықтардың  сана-сезімі  нығайып, 
бостандык  үшін  күресі  кең  етек  жайды.  Соған  қарай  1945  жылдан 
кейін  бір  топ  Азия  елдері  тәуелсіздікке  жетіп,  дербес  жолға  түскен. 
Адамзат  аңсаған  бейбітшілік  өмірге  жету  тагы  да  оңай  болмады. 
Әлемді  билеу  саясаты  алға  шығып,  XX  ғасырдың  екінші  жартысы 
"қырғи-қабак  соғысымен" өтті.  Соған  қарамастан  Азия  жэне  Африка 
халыктары  50-70  жылдары  отаршылдык  жүйені  талқандап,  оның 
орнына 90-ға  жуык жаңа  мемлекеттерді  қатарга  косты.  Бұл  ұлы  жеңіс
Сонда  да  бостандыктын  аскактаған  кезеңі  90-шы  жылдарға 
жатады.  Өйткені  солшыл-импералистік  ту  астында  отаршылдыкгың 
жаңа  түріне  байланған  КСРО  кұрамындагы  халықтар  егемендігін 
бекіткен  заман  келді.  Оған  да  айтарлықтай  үлес  қосқан  казак  коғамы 
болған.  1986  жылы  желтоксандағы  Алматы  студенттері  мен  жас 
жұмысшылары  ел  намысын  корғап,  әлемді  дірілдетіп  ұстаған 
Компартия  мен  Кеңес  үкіметіне  қарсы  саяси ереуілге  шығуы  -  тарихта
еді.
4

өшпес  ерлік пен  қаһармандық айбат болып  есептеледі.  Жас  қазақтарға 
қарулы  әскери  күштерді  айдап  салып,  неше  өмірді  қиған  зәлім 
Горбачев  бастаған  КСРО  басшылығы  барлык  халықтар  арасында 
сенімсіздіктен  жұрдай  болып  айьфылған.  Одан  кейінгі  Вильнюстегі, 
Бакудегі,  Тбилисидегі,  Таулы  Қарабахтағы  оқиғалар  КСРО-ның 
ыдырауын  тездетгі.  "Қырғи  кабақ  соғыстың"  аякталуы,  Германияның 
бірігуі,  КСРО-ның  ыдырауы,  адамзат  тарихында  аса  үлкен  жеңіс  боп 
есегггелуі сұрак туғызбайтыны ақиқат. Ол оқиғаларды басқаша бағалау 
кешегі өткен имперлік саясатты армандайтындардың зәлім ой-пікірі.
Тэуелсіздік  Қазакстан  ұлттық  және  мемлекеттік  мүдделерді  алға 
тартып дамуда.  Егемендігімізді жандандырған дәуірдің бастамасы бар, 
аяғы  жоқ  болғай.  Ол  үшін  Қазақстан  тез  жетіліп,  эр  азамат  елді 
нығайтуға  жігерін  аямай  еңбек  етіп,  билік  әр  түрғынның  жағдайын 
жаксартуға  атсалысуы  абзал.  Бұл  істі  ұтымды  жүргізуге  біздер 
дамыган баска халыктардың тэжірибесін,  жетістіктерін,  кемшіліктерін 
жаксы  білуіміз  қажет.  Шығыстағы  Жапония,  Оңтүстік  Корея, 
Сингапур,  батыстағы  Германия,  Австрия,  Швеция  сияқты  елдердің 
тарихи  дамуы  үлгі  бола  алады.  Білсек,  жақсы  жакгарын  пайдалансақ. 
Президентіміз  Н.Ә.Назарбаев  қойған  мақсатты  -  тез  арада  50  ең 
дамыған елдер  катарына қосылу - осы ұрпак шеше алады.
Тарих  білімі  эр  қоғамда  ерекше  орын  алатыны  белгілі.  Соған
карай  ол  тек  шындыкка  негізделіп,  бұрмаланбай,  объективті  түрде 
баяндалғаны  лэзім.  Сол  қағиданы  бұлжытпауға  тырысып,  Шығыс 
елдерінің  бір  ғасырлык  өмірі  мен  халықаралық  сахнадағы  іс-
кимылдарын ашуға тырыстық.
Міне,  осы  концепцияға  негізделіп  жазылған  оқу  құралын
жастардың  алдына тартамыз.  Оны  даярлауда  көптеген  елдерде  жарык 
көрген  монографияларды, 
макал аларды, 
кұжаттарды, 
сондай-ак 
оқулықтарды  ескердік.  Окырмандардың  сынауы  эбден  мүмкін.  Ол 
жана деректермен бірге  кейбір тұжырымдарды  жаңартуға апарар. Оған 
біздер даярмыз.
Лвторлар

IТ А Р А У
ҚАЗІРГІЗАМАННЫҢ БІРШ Ш ІКЕЗЕЩ НДЕП ЕЛДЕР
дүниежүзінін
Еуропада,  Америкада  капитализмнің  жеңуі
іамудың
не  онын
кезеңнің
мазмұны
Отарлық  жаулап  алуға  мүдделі  Еуропаның
(устриалды
Еуропалык
елдерінің  сауда  буржуазиясы,  географиялық  ашулардың  нэтижесінде 
Америкаға,  Австралияга,  Азияға  және  Африка  кұрлыгының  елдеріне 
теңіз жолдарын салуды  көздеді. Бұл істе Португалияның,  Испанияның, 
кейінірек Англия мен Францияның сауда ұйымдары үлкен белсенділік
көрсеггі.  XIX  ғасырда  «империализм»  термині  -  
.  .
үстемдіктің  Еуропадан  тыс  жерде  орнауының  көрінісі  ретінде  белплі
болды. Империализм -  латынша,  «билік, басқару» деген мағына береді
цылык  саясатты,  баска  аумакгы  басып  алуды,  өзге  жерді
билеудің  үстемдігін  білдіреді.  Британияның  отаршылдык  үстемдігі
орнаганнан  кейін,  «империализм»  термині  «отаршылдық»  терминінің
синониміне айналды.
1900  жылга  карай  Ұлыбританияның  отарлық  иеліктері  368  млн
халкы  бар  33  млн  шаршы  шақырым  аумакгы  қамтыды.  Үлыбритания- 
ның отарлык  иеліктері Жер  шарының әр  түрлі  аймақгарында таралып 
жатты.  Ал  Үндістан  болса,  «британ  тэжінің  інжу-маржаны»  болды. 
Африканың көп бөлігін Франция  иеленді. Еуропаның екі мемлекетінің
-  Швеция мен Швейцарияның гана отарлык иеліктері болма,
Еуропадан тыскары дүниежүзі
болмаған
:қы күштердің қысымына ұшырап отыі 
XX  ғасырдың  басында  Азиядағы
ірі  мемлекет
Қытай
інле-ак
Қ ы тайды ң
жасауға  ұмтылды.  «Апиын  соғыстарында»  жеңіске  қол  жеткізген 
Батыс  елдері  Қытай  үкіметін  тең  күқықсыз  келісімшартқа  кол  қоюға 
мэжбүр  етгі.  Аталмыш  келісімшарт  бойынша,  Қытайдың  тұтас 
облыстары  дерлік 
шетел 
алпауытгарының  ыкпалды 
аймагына
айналды.
Қытайга  шетелдік  капитал дың
қатынастарының  өсуіне  мүмкіндік  берді.
каркынды  енуі
XIX
тауар-акша 
гасырдың  70-80
6

жылдарында  Қытайда  алғашқы  ұлттык  кэсіпорындар  пайда  болып,
ұлттық буржуазия қалыптасты.
Корея.  Қытай  үлкен  жеңіліске  ұшыраған  1894-1895  жылдардағы
Қытай-Жапон  согысы  Кореяның жартылай  отарға  айналуының  алдын
алды.  Кореяда  іс  жүзінде  жапондық  шапқыншылық  режимі  орнады.
1905  жылы  Жапониямен  соғыста  патшалық  Ресейдің  жеңілуі  Жапон
империализмінің  түбегейлі  кұлаш  сермеуіне  мүмкіндік  берді.  1905
жылы  американ  дипломатиясының  қолдауымен,  Корея  үкіметін
протекторат туралы  келісімшартқа қол  қоюға мэжбүр  етті.  1910  жылы
Корей  монархы  биліктен  апыстатылды.  Енді  Корея  Жапонияның
генерал-губенаторлығы  болып  кұрылды.  Елде  Жапонияның  отарлық 
режим і нығайды.
Монголия 
екі 
ғасырдан 
астам 
уақыт 
бойы 
Маньчжур 
империясының отары болды. 20 ғасырдың басында Қытайдың әлсіреуі 
Моиголияның  жағдайына  күшті  ыкпал  етті.  Монголия  патшалық 
Ресеймен  Жапонияның  қарама-қарсы  шайқас  алаңына  айналды.  1907 
жылы  30  шілдеде  жалпы  саяси  орыс-жапон  конвенциясы  бекітілді. 
Конвенция Кореяда Жапонияның «ерекше кұкығын», Жапония сыртқы 
Монголияда Ресейдің «арнаулы  кұқыгын» мойындады.
20 ғасырдың басына қарай Батые Азия елдері - Осман империясы, 
Иран  және  Ауғанстан  капиталистік  Батыс  державаларының жартылай
отарына айналды.
Жапония.  1867-1868  жылдары  болган  Мейдзи  революциясы, 
1870-1880 
жылдардағы 
реформалар 
Жапонияда 
капитализмнің 
дамуына  жол  ашып,  оның  әлеуметтік  және  саяси  жагынан  өзгеруіне 
ыкпал  етгі.  Капиталистік  базистің  қалыптасуы  Жапония  қоғамының 
жаңғыруына  алып  келді.  Жапония  Батыс  елдерінің  мэдениеті  мен 
техникалык  жетістіктерін  өздерінің ұлттык  ерекшеліктеріне  бейімдеп, 
пайдалана білді.
Онтүстік  Шығыс  Азия  аумагында  бір  ғана  Тайланд  тәуелсіздік 
ел  ретінде  қарастырылған,  калган  оншакты  елдер  Ұлыбритания, 
Франция,  Голландия,  АҚШ  бакылауында  еді.  Үндіқытай  түбегіндегі 
Вьетнамды,  Лаосты,  Камбоджаны  Франция  иеленген.  Филиппиндерде
XVI  г.  бері Испания  үстемділігі орнаган, бірак  1898 ж.  басталған АҚШ 
-Испан  согысы 
нэтижесінде  ол  Америкаға  өткен.  Индонезия 
аралдарында  бипік  голландыктардың  қолында  болды.  Сонымен  бірге, 
Тимор  аралының  бір  бөлігін  португал  отаршылдары  ұстаган,  ал 
Сулавеси, 
Борнео 
жерлерінде 
агылшындардың 
да 
отарлары 
орналаскан.  Ұлыбританияга Малайя, Сингапур,  Бирма багынышты еді.
7

Азияныц  оңтүстігінде  қазіргі  Үндістан,  Пәкістан,  Бангладеш, 
Шри-Ланка  толыгымен  ағылшын  отаршылдарына  тәуелді  болды.
Непал  Бутан билеушілері де Лондонга жалтактап өмір сүрген.
Орта  Шыгыска  жататын  Ауганстан,  Иран,  Туркия  жартылай 
отарлы  елдерге  айналған.  Бұл  аймакты  билеуге  Англия  жэне  Ресей 
патшалыгы  көптен  бері  өзара  тартысып  жүрген.  XIX  г.  аягында 
олардың  қатарына  Германия  косылып,  империалистік  шиеленіс  кыза
^ А з и я д а ғ ы   араб  елдерінде  Түркия  үстемдік  жүргвіп  келген,  бірақ 
өзі  әлсіреген  Осман  әулетінің  ықпалы  барган  сайын  саркыла  түскен. 
Ал  Африка  кұрлыгындагы  Мысьфды,  Суданды  агылшындар  билеп- 
төстесе,  Магрибтегі  Марокконы  француздар  мен  испандыктар,  Алжир 
мен  Тунисті  француздар  қанап  тұрган.  Ресми  түрде  Ливия  түрік
империясындагы  бөлім  болып  саналганымен,  оны  Италия  ез
бақылауына ала бастаған.
Сахараның  онтүстігіндегі  Африка  мемлекетгері  отарланган.  Тек,
Эфиопия,  Либерия  сөз  түрінде  еркін  елдер  деп  саналған,  ал  Оңтүстік
Африка  одагы  1910  ж.  Ұлыбританияның  доминионы  ретінде  дами
түскен.  Оны  билеген  ақ  нәсілділер  жергілікті  түрғындарды  құл
жагдайда ұстап, апартейд саясатын жүргізіп отырды.
Отар  және  жартылай  отар  елдер.  Азия  мен  Африканың 
Жапониядан  басқа елдері  отар  елдер  қатарына тіркеліп,  егемендігінен 
айырылып,  отарлаушы  елдердің  басқаруына  көшті.  XX  ғ.  басында 
дүние  жүзін  бөлісу  аякталды.  «Бос  жер»  мүлде  дерлік  калган  жоқ. 
Дүние жүзін бөлісіп болганнан кейін, әлемде  империализмнің отарлык 
жүйесі  біржолата  қалыптасты.  Бұл  жүйенің  құрамында  егемендігінен 
толык  айьфылган  бөлшектер  отар  түрінде,  ал  өздерінің  дәстүрлі 
басқару  кұрылымдарын  қагаз жүзінде сактаганымен,  іс жүзінде  каржы 
жэне  экономикалык  жагынан  империалистік  мемлекетгерге  тәуелді 
елдер  жартылай  отар  түрінде  болды.  Жартылай  отар  елдер  катарына 
Қытай,  Түркия,  Иран,  Эфиопия,  Ауганстан  сиякты  бір  топ  елдер
жатты.
XIX 
г.  екінші  жартысы  мен  XX  г.  басында  еуропалыктар  коныс- 
танган  кейбір  отарлар  доминиондар  деп  атала  бастады.  Доминиондар 
өзін-өзі  басқаруга  кұқык  алды.  Олардың  катарында  -   Канада,  Жаңа 
Зеландия, Австралия жэне Оңтүстік Африка Одагы болды.
Отарлык  үстемдіктің  бір  түрі  -   протекторат  түрінде  байқалды. 
Протектор  -   латынша,  қамқоршы-басқарушы  мемлекет  багынышты 
елдің саясатын бакылап, отаршылдык үстемдігін жүргізеді.
8

Еуропалық мемлекеттердің үстемдігінін түп негізі.
Батыс  Еуропа  аумағында  буржуазиялык  катынастар  қалыптасты. 
Содан  барып  кап и тали ст  қатынастардың  дамуына,  жеке  меншік 
иелену  құқығы  мен  жаңа  техникалық  жабдықтардың  өндіріске  енуіне 
мүмкіндік  ашылды.  Мұндай  құкык  жеке  адамның  талаптануына  өз 
бетімен  тіршілік  жасауына  ашық  бастама  болды.  Еңбек  -   беделді, 
кұрметті,  сыйлауға  тұрарлык  іс-әрекет  деп  кабылданды.  Капиталистік 
қоғам  кұрылымында  экономикалық  мүдде  ең  жогары,  қасиетті  мүдде 
деп түсіндірілді.
Өндірістік  қүрал-жабдықтарды  жетілдіру  талаптары  барынша 
мадакталды  жәие  үзбей  көтермеленді.  XVIII  ғ.  Еуропа  елдері  машина 
жэне  машина  жасайтын  өндірістер  санынан  алға  шықты.  Сонымен 
қатар,  өнім  өндіруден  баска  аймактағы  елдерді  тез  арада  басып  озып,
әскери  кару-жарағының  басымдылыгы  анықталды.  Бұл  жетістіктер
Еуропа  елдерінің  келешектегі  отаршылдык  үстемдігіне  қолайлы 
жағдай тудырды.
Ұ лттык сана-сезіммен азатты к козғалыстардың өсуі.
Тарихи  тұрғыдан  алып  қарасак,  ұлттык  мэселе  капитализммен 
бірге  буржуазиялык  ұлттардың  қалыптасу  кезеңінде  пайда  болды. 
Буржуазиялык үлттардың пайда болуына байланысты  қауымдык,  діни, 
әулеттік айырмашылыктар өз мәнін жоғалта бастады.
XX  ғ.  ұлтшылдық  Еуропадағы  мемлекеттік  кұрылыстың  басты 
элементіне  айналды.  ¥лтшылдык  бірыңғай  мемлекеттер  аясындагы 
этностардың барлык бөліктерінің шоғырланган белгісі болды.
Азия  жэне  Африканың  көпшілік  елдерінде  ұлттық  пролетариат 
үлттық  буржуазиядан  бұрын  шетелдік  кэсіпорындарда  қалыптаса 
бастады.  Отарларда  ұлттык  буржуазия  әлсіз,  бағынышты  жағдайда 
болды.  Үлттык  буржуазияны  -   көпестер,  шеберханалардың,  шағын 
кәсіпорындардың  иелері  кұрады.  Оған  көптеген  калалык  ұсак 
буржуазия  жіктері  косылды.  Үлттык зиялы  кауым  өкілдері,  офицерлер 
арасынан  шыккандар,  студент  жастар,  діни  сословие  мен  феодалдар 
ұлт-азаттык қозғалыстардын идеологтары болды.
Өркениеттер  үндестігі.  Шыгыс  өркениеті  ұзак  уакыт  бойы  бір- 
бірінен  окшау  өмір  сүрді.  Олардың  арасындагы  байланыс  өте  сирек 
болатын.  Көбінесе,  өркениет  ошактары  көшпелі  және  отырыкшы
тайпалар 
қоршауында 
калды. 
Еуропа 
елдерінің 
отаршылдык 
экспансиясы  барысында  Қытай,  Үнді  жэне  Ислам  өркениеттерінін 
бұрынғы окшаулануы бұзылды.
«
Өркениет
»  үғымы  гылымга  XVIII  г.  енгізілді.  Өркениет адамзат 
когамының  әлеуметтік  жэне  мэдени  даму  деңгейімен  сипатталады. 
«Өркениет»  үғымы  адамзат  когамынын  мәдениеті,  халыктың  рухани
9

ерекшелігі,  дүниетанымы  жэне  дәстүрі  сияқты  орныюгы  көрсеткштер
аркылы бейнеленді. 

^
Қытай  өркениеті
  -  әлемдегі  ең  көне  өркениеттің  бірі.  Қытай
өркениеті  Конфуций  идеяларына  арқа  сүйеп  дамыған.  Көне  Қытай 
ойшылы Кун-Цзы «Патша -  патша қызметін, азамат -  азамат қызмепн, 
ата  -   ата  қызметін,  бала  -   бала  міндетін  атқаруы  қажет»  деп 
уағыздаған. Конфуцийліктер ата-бабаларын және қарияларын ардактап 
есте сактауды,  қоғамдық тәртіпті, үкіметгік билікті,  император биліпн 
насихаттаған.  Император  шексіз  билікті  иеленген  мемлекет  қожасы 
болды.  Шаруалар  қауымдары  мен  жеке  иеліктегі  жер  коры  да 
император  меншігі  деп  уағыздалды.  Қытайда  жеке  адамның  өміріне 
катаң  шек  қойылып  отырды.  Өз  елінің  табыстарына  масатганған 
қытайлықгар  шетел  әлеміне  мэн  бермей,  өздерінің  ғасырлық 
дэстүрлерін  өзгертуге  талаптанбады.  Өздерін  «аспан  мемлекетіміз», 
«әлемнің  орталығымыз»  деген  пікірді  заңдастырып,  қалған  әлемді
менсінбей, жабайылар -  «варварлар» деп үғынатын.
Үнді  өркениеті  -
  ең  коне  және  ерекше  өркениет.  Үнді  өркениеті
индуизм мен буддизм ілімдеріне арқа сүйейді.
Индуизм ілімі
 — адам жаны сөнбейді,  ол жан баска жанмен бірігіп,
Қүдяйта  қосылады  дейтін  және  қоғамның  касталық топтарына  бөліну
дэстурін  уағыздады.  Әр  адам  өз  кастасының  дэстүрін  бүлжытпай
орындап, каста жолынан таймауы қажет.
Буддизм  ілімін
  жақтаушылар  -  адамды  қоршап  тұрган  орта 
алдамшы,  жалған,  бұлыщыр,  кияли  жағдай  деп  ұғынады.  Осыған 
сәйкес  адам  омірі  қайғы-қасірет  тартып,  азапта  өтеді.  Мұндай 
жағдайдан қүтылу үшін адам мынандай торт шартты орындау кажет:
1)  өмір деген қайғы-қасірет жолы;
2)  қайғы-касіретке адамның қүмарлығы мен үміті алып барады;
3)  ең  жогарғы  рухани  кемелдіпікке  жету  үшін  қүмарлыктан
арылу керек;
4)  нирванага жету -  кайгы-касіреттен  күтылудың жолы.  Буддизм
-  тәуелсіз,  рухани  бостандығы  бар жеке  азаматты  жақтап,  мемлекеттік 
қүрылымның жагдайына онша мән бермейді.  Үнді өркениетінін мыкты 
тірегі мемлекет емес, ауыл кауымы болды.
Ислам  өркениеті -  VII ғ. Араб түбегінде пайда болды.  Мұхаммед 
пайғамбар жэне  Қүран  ислам  өркениетінің діни  негізін  калады.  Аллаға 
кұлшылык  ету,  Аллаға  гана  сену  -   бұл  исламның  негізгі  қагидасы. 
Ислам  -  әлеуметтік  тэртіптің  өте  кең  жүйесі.  Мүсылман  өмірінің 
барлык  жактары  дінге  катысты.  Аллага  мүлтіксіз  багыну  сана-сезімі 
кен түрде  орныкқандыктан,  жеке  адам  баласының  әрекетіне  онша ерік 
берілмей,  дүниені  пэрменді  түрде  өзгертуге  болады  деген  ой,  сезім
10

карастырылмайды.  Осындай  катаң  тәртіпке  сэйкес,  ислам  көптеген 
аймакгарда  тұракты  діни  қауымдар  ошақтарын,  яғни  отырыкшы 
түрғындар,  көшпелі  қауымдар,  қапалардағы  қолөнершілер,  сауда- 
саттық топтарының діни ұжымдарын құрды.
Еуропаландыру. Еуропа елдерінің отаршылдык саясаты, олардың 
ашык  түрдегі  қаракшылыгы,  Еуропа  компанияларының  зорлык- 
зомбылык, 
қырып-жоюшылық 
эрекеттері 
Азия 
жэне 
Африка 
халықтарының көңіліне сыймайды. Олардың Еуропа отаршылдарының 
карақшылык  әрекетіне  карсы  жасырын  және  ашык  түрдегі  күресі 
сәтсіздікпен  аякталды.  Азия  жэне  Африка  халыктарының  карсылығы 
аяусыз басылып, жаншылып тұрды.
Еуропалық  отаршылдармен  күрестегі  сэтсіздіктер,  Азия  мен 
Африка  елдерін  еуропалық  өркениеттің  жетістіктерін  игеруге  жете- 
леді.  Олардың Еуропа  мамандарын  шакырып,  өнеркәсіптің  жекелеген 
ошактарын  дамытуға  талпынған  эрекеттері  ойдағыдай  нэтижелер 
бермеді.  Біртіндеп,  осы  аймактардағы  дәстүрлерді  түбегейлі  жаңарту 
кажеттілігі  байкалады.  Мұндай  жағдайда  Жапония  елінің  тәжірибесі 
үлгі есебінде болды.
§2. XX гасырдын басындағы
халы каралы к қаты настарды ц шиеленісуі
Дүние  жүзінін  дамыған  елдеріндегі  бетбүрыстар.  XIX  гасыр­
дын соңы -  XX ғасырдың басында Еуропаның,  Солтүстік Американыц 
алдыңғы  қатарлы  елдерінде,  сондай-ак  Жапонияда  оң  өзгерістер 
байқалды.  Олар  элеуметтік-саяси,  экономикалық  және  рухани 
салаларда  буржуазиялық  қарым-катынастардың  калыптасу  үрдісінің 
аякталуымен  жэне  ары  карай  дамуымен  байланысты  болды.  Осы 
елдерде конституциялык кұрылыс, парламентаризм мен сайпау құқығы 
жүйесі  бекітілді.  Халык  саяси  күреске  тартылды.  Әр  түрлі  партиялар 
пайда  болып,  жария  түрде  әрекет  жасай  бастады.  Идеологиялық 
тұрғыдан олар  консервативтік, либералдык, социалистік және марксис- 
тік  партиялар  ретінде  рэсімделді.  Демократиялык  козгалыстар  да 
белен алды.
Әсіресе  әлеуметтік-экономикалық  өмірде  үлкен  бетбұрыстар 
жасалды.  Экономикадағы ескі  салалармен (көмір,  металл өндіру) катар 
машина  жасау,  станок  жасау,  химиялық,  электротехникалык  сиякты 
салалар  жедел  карқынмен  дами  бастады.  Автомобильдер,  паровоздар, 
теміржолдар ат арбаны  алмастырды. Сауда, банк, өндіріс саласында ірі 
монополиялар  қалыптасты.  Жалпы  алганда,  осы  екінші  өнеркәсіп 
революциясы  Швеция,  Ресей,  Германия,  Жапония,  Австро-Венфия,
II

Канада сиякть,  Жака  елдерді  шарпыд».
дүниежүзілік
бұкарасының
^ П с а т к а н   қажеттіліктерін  канагатгандырумен  катар  баска  ел дер 
т
эскепи-саяси жаулап алу үшін де пайдаланылмак болды.
Д а м у і т  
екінші  4 і   -   жака  түгыну  варыкирын  жаулап  ш и п .
— *у. 
күшті 
иемлексүердік бжи елдерд
Бүл  саясат дамыған  мемлекеттерін
тіліне  айналды.
күру саяси жэне экономикалык элитаның өмірлік
иализм»  ұғымы  халықаралык  каты нас тар 
__  _  
«империализм»  дегеніміз  баскыншылык,
халыкгарды  эскери-саяси,  экономикалык  жэне  рухани  қүлдану, 
баскалардың  үстіне  билік  орнату  саясаты.  Ол  XX  гасырдагы  жаңа 
капитализмнің сипатгы белгісі болып, канды соғыстардың себептерше 
айналды.  XIX  гасырдын  соңында-ак  «ескі»  отарлы  елдер  мен  «жаңа» 
күшейген елдердің арасындағы қарым-қатынастар күрт ширықгы.
Халыкаралық  аренада  жаңа  күштер  қалыптаса  бастады.  Еуропа 
аймагында  Германия  мен  Италияның  одактасуы  нэтижесінде  жаңа
___  
Аталған  елдердің  бас  көтеруі  Англия,
Франция, 
Австро-Венгрия 
жэне 
Ресей 
мемлекеттеріне 
карсы 
багытталғандыгы  айқындалды.  Сонымен  бірге,  Ресей,  Англия, 
Германия,  АҚШ  жэне  Жапония  сиякты  ірі  державалар  арасындагы 
империалистік  кайшылык  бұрынгыдан  да  күшейе  түсті.  Халықаралық 
тартыстардың  ошагына  Осман  империясы  да  қосылды.  Оның
ілрп
І
г
І
ііпрг
І  Гпп-rvrriK  Д fhnи ка.  Таяү  Шыгыс,  Оңтүстік-шыгыс  Еуропа
империалистж
империалистік
болған  отаршыл  мемлекеттердің  әлемді  бөлісудегі  күресін  әбден 
шиеленістірді.  Қайшылықтар құрлық пен теңіздегі отарларды бөлісуге, 
ықпалды  аймақтарды  иеленуге  байланысты  күннен-күнге  үдей  түсті. 
Соғысқүмарлық,  экспансиялық  әрекеттер  ұлтшылдық  геосаясаттың 
теорияларымен бірлесе отырып негізгі максатка талпынды.  Англияның 
көздегені  -   Азиядағы,  Африкадағы  және  мұхит  аралдарындағы  жаңа 
жерді бағындырып, онда ¥лыбританияның үстемдігін орнату болды.
Германияның  ойы  Еуропаны,  Таяу  Шығысты,  баска  аймактарды 
басып  алып,  Орталык  Еуропа  атты  бірлікті  кұрастыру  болатын.  Ал 
Францияның  олигархиялык  топтары  Эльзас  пен  Лотарингияны, 
сонымен  катар  Рур  алыбын  жэне  Африкадағы  француз  отарларының 
көлемін  кеңейтуді  жоспарлады.  Ресей  елі  Балкан  түбегіне,  Иранға
12

және  Қиыр  Шығысқа  саяси  үстемдігін  орнатуға  тырысты.  Австро- 
Венгрия  Сербияны  қиратып,  Балқанға  қожалык  жасауды  ойластырды. 
Италия  империалистері де  Тирольді,  Триесп,  Албанияны  басып  алып, 
Жерорта  теңізіне  иелік  етіп,  Африканы  ірі  державалармен  бөлісуді
аңсады.
АҚШ  империалистері  Қытайға  көз  тігіп,  Латын  Америкасындағы 
елдерге  «Монро  доктринасын»  жариялады.  Бұл  доктрина  дүние  жүзі 
елдеріндегі  АҚШ-тың  билігін  кеңейтуді  жоспарлаған  алғашқы  кұжат
болатын.
Ірі  державалардың  арасындағы  саяси  және  экономикалық 
кайшылыктардың өршуі,  осы  шиеленістердің негізінде  әр түрлі  саяси- 
эскери  одақтардың  кұрылуына  әкеліп  соқтырды.  Еуропадағы  саяси 
топтардың  арасалмағы  да  айқындалып  қойған  болатын.  Жасырын 
дипломатиялық  әрекеттер  «ескі»  және  «жаңа»  мемлекеттер  арасында 
кайшылыктарды шиеленістіріп, алғашқы соғыс ошақтарын өршітті.
Дүние жүзін бөлісудегі алгашқы әрекеттер. XIX гасырдың соңы 
мен  XX  ғасырдың  басында  АҚШ-Германия  катынастары  шиеленісе 
түсті. Гер мания ның капиталистік отаршылдык саясатқа түбегейлі еніп, 
тіпті  бел  шешіп  кірісуі  АҚШ-тың  көздеп  отырган  эрекетіне  едэуір 
кедергі  тудьфды.  Германия  мен  АҚШ  арасындағы  Латын  Америкасы 
мен  Шығыс  Азия  жөніндегі  тартыстар  Германия  империализмінің 
белсенділігін  арттырды.  Әсіресе,  Орталық  Америка  өңірінде  қолда- 
нылған  Германия  саясаты  АҚШ  дияломаттарын  әбден  күдіктендірді. 
Бүл  өцірде  АҚШ  монополиялары  Тынық  мүхит  пен  Атлант  мұхитын 
жалғастыратын канал кұрылысына дайындалып жатқан болатын.
АҚШ-тың  баскыишылык  эрекетінің  күшеюі  Испанияға  да  эсер 
етгі.  Америка  капиталистері  Испанияның  кол  астында  болған  Куба 
аралына  ерекше  көңіл  бөліп,  өз  иелігіне  айналдырғысы  келетін. 
Сондыктан  АҚШ  Испанияға  карсы  соғыска дайындала бастады.  АҚШ 
үкіметі  осы  окигаға  байланысты  коғамдык  пікірді  туғызу  үшін 
испандыктардыи  Кубада  жүргізіп  жатқан  озбырлығына  наразылық 
білдіру  жөнінде  нота  жіберді.  Сонымен  катар,  Американ  азаматтарын 
қорғауды желеу етіп,  әскери-соғыс  кемесін Куба жагалауына жөнелтті. 
Бұл  кеме  Гавана  айлағында  белгісіз  себептермен  апатка  ұшырады. 
АҚІІІ  үкіметі  осы  жағдайды  сылтауратып,  ашык  түрде  согысқа 
дайындалды.  1898  жылы  21  сэуірде  АҚШ  конгресі  Испанияға  согыс 
жариялады. 
Сотые 
үш 
айга 
созылып, 
Испания 
Кубадан, 
Филиппиндерден  бас  тартты.  Куба  АҚШ-тың  отарына  айналды.  1898 
жылы  болған  Испания-АҚШ  согысы  дүние  жүзін  бөлісудегі  алгашкы 
соғыс болатын.
3

бөлшектеудін  алгашқыларынын  бірі
т  
#  
С Ш   V   Я
Оңтүстік
Отарларды 
.  . 
_
Агіюикада  ағылшын  империалистершщ  ьур  к
^-------
с о т ы м и   байланысты.  1899-1902
кезінле  ағылшындар  бур  партизандарына  карсы  250  мың  әскерден 
™ Г ьш  " с ы
н   кар™ы  койды.  Осы  согыс  кезіиде  ап^ш ы ндар
жанадан  енгізгея  кару-жарактары  мен  согыс  т ™ а с ь ш г ш й ^ а , р  
мысалы 
алғаш  рет  пулеметгі  колданды.  Жер  түстес  жасырын 
киімдерін  киіп,  окоптар  казып,  окган  жасырынды.  Қарсьшастардын 
күші  тек  болмады.  Бур  республикасының  эскері  жеңілда.  Олар
ағылшын 
ағылшындар
отарларының  қатарына  қосылды.  Ак  түсп  бурлар  ме 
арасындағы  келіссөздерден  кейін,  «Оңтүстис  Африка
отар  қүрылып,  оған  1910  жылы  Доминион  мэртебесі
берілді.
XX  ғасырдың  басында  Жапония  эскери  дамыған  елдердщ
г
 
.  
____________ ___ 
т
і  
o
^
v
t
 
т1тттады
қатарында  болып, 
өзінің 
баскыншылык 
әрекетін
мен Кореяға көз тікті.
жүргізу  мақсатымен  Жапония  Маньчжурия
[ьілығы  Ресейді  де  қызыктыратын. 
ұмтылуы  ұнамады
Жапония  қайшылыктары  туындап,  XX  ғасырдың  басында
жетті
Англия-Жапония  келісіміне  қол  коиылып
алып
Қиыр Шығыстағы ықпалды аймактар
бөлісу 
мақсатымен 
орыс-жапон 
соғысы 
басталды. 
Соғыстың 
нәтижесінде  Жапония  Оңтүстік  Маньчжурияға  үстемдігін  орнатып, 
1910  жылы  Кореяны  отарлады.  Сонымен,  Қиыр  Шығыс  өңірінде 
АҚШ-қа  карсы 
күшті 
бақталас  ретінде  Жапония 
державасы
калыптасты.
XX  ғасырдың  басында  Германия  жеке  теңіз  флотын  қүру 
бағдарламасын  іске  асыруға  кірісті.  1900  жылдың  маусымында
сапу
астам
жоспарлады.  Мұны  естіген  Англия  ірі  эскери  кемелер  жасаумсн 
айналысты.
Германияның  басқарушы  топтары  Түркия  сұлтанын  Берлин- 
Бағдад-Басра  теміржолын  салуға  көндірді.  1903  жылы  бұл  темір 
жолдың  жобасы  бекітіліп,  жол  салуға  кірісіп  те  кетті.  Бұған  жауап 
ретінде 
Англия 
Кувейт 
елін 
басып 
алды. 
Англия-Германия 
қайшылықтарының өршуі  Еуропадагы  Англияның сырткы саясатының
өзгеруіне эсер етті.
14

Әскери  одактардың  құрылуы.  Германияның  бірігуімен  қатар
Герман  империясының  құрылуы  (1871  ж.)  осындай  үрдістердің 
Италия да  болу  мүмкіндігін  айқындады.  Еуропаның  саяси  картасы 
өзгерді.  Бұлар  басқалардың  да  байлыктарына  көз  тікті.  Әсіресе 
Германия 
империясының 
кұрылуы на 
байланысты 
Еуропада
халықаралық жағдай өзгерді.
Германия  канцлері  Отто  Бисмарк  Орталық  Еуропа  аймақгарында 
Германияга  қарсы  соғыс  одақтары  күрылуда деп  күдіктенді.  Германия 
қауіпсіздігін  сақтау  үшін,  оны  жақтайтын  одақ  іздестіру  қажеттігі 
туды.  Ресей  мен  Францияға  күресу  мақсатымен  Германия  Австро- 
Венгр иямен 
одак  құрды  (1879  ж.).  Содан  кейін  Австро-Венгрия, 
Италия,  Германия  мемлекеттері  Үштік  Одаққа  (1882  ж.)  жол  ашты. 
Бұл  одақгың  міндетгері  1892  жылы  қайта  қаралып,  1915  жылға  дейін
қызметін жалғастырды.
Франция  Үштік  Одақтың  қаһарынан  сақтанып,  өзін  қолдайтын 
жактастарды  Ресей  жағынан  іздеді.  Таяу  және  Қиыр  Шығыстағы 
кайшылыктарды  реттеу  жолында  екі  ел  арасындагы  одақтык 
жақындасудың сәті түсті.  1893  жылы Франция-Ресей одағы  қүрылды.
Үштік  Одақ  пен  Француз-Ресей  одағы  құрылғаннан  кейін, 
Еуропада  ірі  державалардың  өзара  тең  күпггері  -   соғысқұмар  екі  топ 
құрылды.  Үлыбритания  бұлардың  арасындагы  араздықты  өршітуге
тырысты.
1904  жылы  Марокко  дагдарысы  Франция  мен  Англияның 
жакындасуын  тездетті.  Нэтижесінде  1904  жылы  агылшын-француз 
келісімі жасалды. Осы келісім негізінде империалистік екі державаның 
отар  жөніндегі  даулары  реттелді.  Франция  Англияның  Египеттегі 
үстемдігін  мойындады,  ап  мұныц  есесіне  Англия  Францияның 
Марокконы  басып  алуына  кедергі  жасамауға  келісім  берді.  Бұл  кезде 
Марокко мәселесіне  Германия да араласты.  1905 жылы  наурыз айында 
Германия  императоры  II  Вильгелм  Танжер  портына  келіп,  Марокко 
сүлтандығының тәуелсіздігін  құттықтады.  Германия  бұл  жерде  өзінің 
баска  елдермен  басымдығын  ескерткендей  болды.  Германияның 
эрекеті  Еуропадағы  жагдайды  одан  әрі  шиеленістірді.  Германиямен 
бәсекелесу  үшін  Англияга  күшті  теңіз  флотымен  катар,  қуатты  әскер 
жэне  мыкты  одақтас  қажет  еді.  Сонымен,  Англия  мен  Франция  одан 
эрі  жакындасып,  өз  катарына  баска  одақтас  елдерді  тарту  кажеттігін 
аңгарды.
Ағылшын-орыс 
келісімі 
және 
Антантанын 
құрылуы. 
Халыкаралык  кайшылыктардың  шиеленісуі  ағылшын-француз  одағын 
нығайту  мәселесін  көтерді.  Бұл  одакка  ағылшындар  мен  француздар 
Ресейді  тартуды  жөн  көрді.  Германияның  кауіпті  екендігін  ескере
I
S

жылы
Ресеймен
З іт м ы з д а  агътлшын-орыс  келісіміне  кол  койды.  Б*л  кел,с,мде  Ресей 
Ирандагы  Ауғанстан  мен Тибеггегі  ө,ара дауларын  ш е п т .  Ресей  мен 
А
«   Иранды  өздерінін  ыкпалды  аймағы  регшде  бөл.ске  с а л д а  
Елді Гонтүсті к  бөлігіне  ағьшшын  империалистер,,  солтүсппне  Ресей 
имперналнстері  кожалык  erri.  Агылшын-орыс  кед,см .  А н тал а 
^ ігы н ы н   кұрылуымен  аяюалды.  Англнянык  Франщммен  жане
|  
'ан  келісімі  Германияға  карсы  соғысты  эзірлеудеп
маңызды кезең болды.
Балкан  одағы  және  Бірінш і  Б алкан  соғысы.  XX  ғасырдан
бастап  (1911-1912),  Германия  мен  Австро-Венгрия  Балкан  түбеп  мен
Түркия  жеріндегі  үстемдіктерін  күшейтуге  тырысты.  Олар  бұл
аймакгы  стратегиялык  тірек  деп  түсінумен  катар  келешекте
материал дык қор болатынын ескерді.
1908  жылы  жас  түріктер  көтерілісінен  кейін  Осман  империясы
^  
[  1908 жылы Австро-Венгрия Босния мен Герцоговина
жерін  басып  алды.  Бұл  екі  ел  Осман  империясының  қүрамында 
болатын.  Дэл  осы мерзімде  Болгария тәуелсіздігін жариялады.  Сербия 
жэне  Ресей  Австро-Венгрияны  колдамады.  Германия,  керісшше, 
Австро-Венгрия эрекетін қолдап, Түркияны өз ықпалынан шығармауға
күш салды.
Осман  империясының ыдырауы  одан  әрі  жалгасты.  XX  гасырдың
басында  Түркия  екі  согысты  басынан  кешірді.  1911  жылы  29
қыркүйекте  Италия-Түркия  соғысы  басталды.  Триполитания  мен 
Киренаиканы  басып  алган  Италия  өзіне  багынышты  Ливия  отарлык 
бөлшегін күрды.  Италия-Түркия согысы  Балкан түбегіндегі элеуметпк 
жэне  үлттык  қайшылықтарды  шиеленістірді.  Ресей,  Англия  жэне 
Франция  елдерінің  делдалдыгы  арқасьшда  Болгария,  Сербия  жэне 
Грекия  мемлекеттерінің  бірлескен  одагы  кұрылды.  Бүл  одақтың 
мақсаты  -   Түркия  қол  астындагы  Македонияны  өзара  бөлісу  еді. 
Македония көп жылдар бойы Түркияның үстемдігіне қараган.
1912 
жылы  қазан  айында  Бірінші  Балкан  согысы  басталды. 
Болгария  армиясы  түрік  әскерін  киратып,  Константинопольге  жақын- 
дады.  1912  жылы  28  карашада  Албания  тәуелсіздігін  жариялады. 
Түркия  жеңілгендігін  мойындап,  21  сәуірде  уакытша  келісімге,  ал
л.
  Бұл  к 
Болгария
Стамбул
сақталып
бүл
Түркия
16

мен Австро-Венгрияның әсері  элсіреді.  Австро-Венгрия  мен  Германия 
мәмілегерлері  славян  елдерінің  Болгария  мен  Сербияның  бірлігін 
бұзуды  мақсат  тұтты.  Болгария  мен  Сербия  елдерінің  шовинистік 
саясаты  қарсыластарының  зұлымдық  әрекетіне  сай  келді.  Болгария 
елінің  патшасы  Фердинанд  ¥лы  Болгарияны,  ал  Сербия  басшылары 
¥лы  Сербияны кұруды жоспарлап жүрген болатын.
Австро-Венгрия  топтарының  жеңісіне  сеніл,  1913  жылы  29 
маусымда  Болгария  Сербия  мен  Грекияга  соғыс  жариялады.  Екінші 
Балкан соғысы басталды.
Болгария  бұл  соғыста  жеңіліс  тауып,  согыстағы  сәтсіздігі  үшін 
жерін тарту  етті.  Түркия  әскерлері  Адрианополь  қаласын  басып  алды. 
Мұндай  жағдайда  Ресей  Болгарияны  колдап,  Болгария  Түркиямен 
бітімге келді.
1913  жылы  10  тамызда  Бухарест  қаласында  келісімшартка  кол 
койылды.  Сербия  Македонияның  бір  бөлігі  және  Болгарияга  тиісті 
Македония  жерін  алды.  Оңтүстік  Македония  мен  Фракияның  бір 
бөлшегін  Грекия  иеленді.  Қасындағы  шагын  жерімен  Адрианополь 
каласы  Түркияға  қайтарылды.  Румыния  Оңтүстік  Добруджа  жерін 
басып  алды.  Сөйтіп,  Балкан  түбегінің  жартысы  қайта  бөлшектенді. 
Балкан  түбегіндегі  елдердің  бір-біріне  сенімі  саркылып,  күдіктері 
күшейді, Балкан түбегі Еуропаның «жарылгыш коймасына» айналды.
1914  жылдың  коктемінде  ірі  державалардың  арасындағы  қайшы- 
лыктар  шектен  тыс  артты.  Мұндай  кайшылыктар  ірі  одақтастардын 
гана емес, тіпті одақтас топтардың арасында да күшейе түсті.
Балкан түбегіндегі  алгашкы  бас  көтерулер  біраз  жылдардан  кейін 
дүниежүзілік соғыска ұласты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет