Хрситиан дінінің сенімдік негіздері Діни сенім негіздерінің қалыптасуы



бет3/3
Дата06.11.2022
өлшемі481,5 Kb.
#47852
1   2   3
Байланысты:
№2. Лекция, Христиандык (1) (1)

Ораза

  • Христиан дінінде ораза түсінгі басқаша. Исаның шөлде тұтқан оразасының құрметіне 21-наурыздан кейінгі, айдың толған кезіне тура келетін алғашқы жексенбі күні яғни пасхаға дейін бітетін 40 күндік оразалары бар. Бұл «Үлкен диета» деп аталады. Жексенбі күндері ораза тұтылмағаны үшін барлығы 34 күн. Пасха күні, Исаның көкке көтерілгенін еске алатын күн. Ол кезде күнделікті жеп жүрген тамақтың үштен екі бөлімі желінеді. Балықтан басқа, жануарлардың еті желінбейді. Король И.Джеймс дәуірінде парламент, теңіз саудасын қолдау мақсатымен шығарған шешімімен диета күндерінде балықтың желінуіне рұқсат берген еді. Бұдан өзге, католик бағытындағылар жұма күні, правослвие бағытындағылар сәрсенбі және жұма күндері ет жемейді. 40 күндік ораза міндет емес.

Қажылықтың шығуы

  • Інжілде қажылыққа қатысты нақты үкімдер жоқ. 49 жылы ашылған тұңғыш христиандар соборында таураттың төрт мәселесінен басқа әрқандай бір үкімнің байланысы қалмағандығы қарар етілді. Бұған ілесе қажылық және құрбан шалу әдттері де жоққа шығарған. Павел түсіндірмелерінде бұл құлшылықтарға құпия мағына берген. Інжіл жазушылары да Павелдің идеяларын қабылдап, інжілде яһудилердің қажылық орталығы құдысқа қарсы пікір қалыптастырған. Сол себепті Павелден кейінгі ұрпақ құдысқа қажылыққа баруды қойған. Тек христиандардағы Иса пайғамбар ғұмыр кешкен жерлерді кору арманы ғана Құдысқа баруды жандандырды.
  • Рим католик шіркеуі христиан дүниесіндегі орнына сүйене отырып, Рим қаласын қажылық орталығы деп жариялап, Құдысқа баратын христиандарды бұл жерге тарту үшін, әртүрлі материалдық көмектерін жасаған.

Қажылық формасы

  • Қазіргі таңда христиандардың Құдысқа немесе Римге қажылығы толық уахиға сүйенбейді, сонымен бірге христиандар Исаның туылуы, крестке шегеленуі, қайта тірілуін еске түсіріп Құдыс пен Вифлеемге (Исаның туған жері) қажылық сапарын жасайды. Иса пайғабар өмірінің үш кезеңін көрсететін осы оқиғалар христиандықтағы қажылықтың уақытын көрсетеді. Қажылар күнәдан арылу үшін алдымен Иордан өзеніне шомылады. Кейін реттік тәртібімен Иса жасаған маңызды жерлерге барады. Ол жерлерде олар інжілден үзінділер оқып, тәубе жасап, өлімді ойлайды. Католиктер қажылық үшін Римге барса, протестант бағытында қажылық дейтін құлшылық түрі жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет