Html hyperText Markup Language гипертекстті өңдеу тілі


CSS дегеніміз не және оның артықшылықтары



бет2/10
Дата06.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#12459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
CSS дегеніміз не және оның артықшылықтары

CSS (Cascading Style Sheets – Каскадтық стильді кестелер) – HTML, XHTML және т.б. белгілеу тілдерінде жазылған уеб беттердің сыртқы көрінісін суреттейтін, әрлейтін тіл болып есептеледі. Бұл тілде уеб беттердің сыртқы көрінісіндегі шрифттер, түстер, жайғасуы, блоктар сияқты элементтерді жасауға болады. CSS-тің пайда болуының негізгі себебі белгілеу тілдерінде (HTML, XHTML, XML және т.б.) уеб беттердің логикалық құрылымдарымен сыртқы көріністерін суреттеуді бір-бірімен бөліп қарастыру болды. Себебі әр қайсысы бөлек болса, сайт жасағанда да, сайттың кодын оқығанда да түсінуге ыңғайлы болады.
Тарихы

1990 жылдары Web стандарттау істері қарқынмен дамыды және уеб дизайнерлер үшін сайт жасауда ортақ бір стандарт керек болды. Сөйтіп HTML 4.01, XHTML және стандарт CSS пайда болды. “Каскадтық стильді кестелер” терминін 1994 жылы  Хокон Виум Ли енгізді. Хокон Берт Боспен CSS-ті дамытып, оған Ғаламтор Консорциумы “Web стандарты” деген атау берді.

Артықшылықтары


  • Анық бақылау кодтың көлемін едәуір кемейтеді және оны оқуға түсінікті етеді;

  • CSS тілі көмегімен HTML тілінде беруге болмайтын параметрлерді беруге болады. Мысалға алатын болсақ сілтемелердің астындағы сызықты алып тастауға болады;

  • CSS арқылы уеб беттің сыртқы көрінісін оңай өзгертуге болады. Көп құжаттардың сыртқы көрінісін бір кесте арқылы көрсету. Мысалға, сіз 30 бет кодтағы шрифттарды жасыл түс қылдыңыз. Бірақ уақыт өткен соң, көк не қызыл түске өзгерткіңіз келіп, барлық 20 бетке кіріп керекті атрибуттағы шрифтты өзгертіп шығасыз. Ал CSS тілі арқылы сол 20 беттің барлығын бір ғана стильдердің кестесінде өзгерте салуға болады.

  • Құрамалы және жинақталған дизайн техникасы. CSS тілінде сайт версткасы деген ұғым бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет