Html hyperText Markup Language гипертекстті өңдеу тілі


Селекторлардың төртінші түрі әмбебап (универсальный) идентификатор деп аталады



бет10/10
Дата06.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#12459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
4. Селекторлардың төртінші түрі әмбебап (универсальный) идентификатор деп аталады.

Ол былай белгіленеді:

* {color:red;}  - яғни бұл ереже бойынша парақ бетіндегі барлық әріптер қызыл түске ие болады.

5. Атрибуттар селекторлары деп аталатын селекторлар HTML тегінің атрибуттарын квадрат жақшаға алып сипатталады.

HTML туралы мақаламда мен атрибуттар туралы айтып өткенмін.Солардың бірі сілтемелерде қолданылатын "href" ті осы атрибуттар селекторына бір мысал ретінде қарастыруымызға болады. 

[href^="http"]{color:green;} - яғни бұл ереже бойынша  "http" мен басталатын (^-үздіксіз сөйлемшелер ережесі бойынша сөйлемнің ең басы дегенді білдіреді) барлық сыртқы сілтемелер жасыл түске боялады деген сөз.



6. Псевдокласс селекторлары HTML тегінен кейін қойылатын қос нүктеден соң орналасады.

Олар ешқашан HTML парақшасында көрсетілмейді, тек қана стильдік кестелер CSS файлында сипатталады.Оларға жататындары мыналар:

:link{color:green;}-Яғни мына келтірілген ереже бойынша бұл селектор әлі басылмаған сілтеме әріптерінің бояуын жасыл түске бояйды.

:vizited{color:green;} - ал бұл селектор басылған сілтемелер әріптерінің бояуын жасылға бояйтынын көрсетіп тұр.

Ал келесі псевдокласс селекторлары барлық HTML тегтерінде қолданылады:

a:active{color:red;}- сол жақ мышканы көрсетілген тегті басқанда ғана оның әріптері қызыл түске боялады.

a:hover{color:blue;}- бұл селектор ережесі бойынша тек мышка тегтің үстінен жүріп өткенде ғана тег көрсетілген түске боялады.

7. Енді баяндалатын селекторлар псевдоэлементтер селекторлары деп аталады.

Олар мыналар:

p:first-letter{color:blue;}

p:first-line{color:blue;}

p:after{content="Сонымен бітті.";}

p:before{conten="Қайырлы күн";}



Аттары айтып тұрғандай, абзацтағы бірінші әріп көкке,бірінші қатар көкке, абзац аяқталғанда "Сонымен бітті" деген сөйлем қосылады, абзац басталғанда  "Қайырлы күн" деп басталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет