Html тілі туралы жалпы тџсінік


HTML тілі туралы жалпы түсінік



бет3/8
Дата06.01.2022
өлшемі0,87 Mb.
#16470
1   2   3   4   5   6   7   8
HTML тілі туралы жалпы түсінік.
Web-топтардағы құжаттардың негізгі форматы HTML тілі болып табылады. HTML (Hyper Text Maker Language) ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді: гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web беттер түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. HTML тілі WWW қызмет бабымен бірге дами отырып, Web беттерінің ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол WWW жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. WWW сөзі қазақ тіліне Кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады. Ол құжаттың бастапқы мәніне (ASCII-файл) енгізілетін қарапайым командалар жиынынан тұрады, олар осы құжаттың экранда көрсетілуін басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кез келген мәтіндік редакторда даярланған құжаттар HTML форматы ретінде сақталғаннан кейін Web-бет түрінде бейнелейді.

Гипермәтін – бұл қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне екпінді элемент орналасқан мәтін түрі. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру және форматтау әрекеттерін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу деген мағынаны білдіреді. Гипермәтінді бейнелеу үшін браузер деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Ал гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек, не ENTER пернесін бассақ, онда онымен байланысты құжатты оқи аламыз.

Сонымен, HTML тілі мәтіндерді осылайша байланыстыра отырып белгілеу мүмкіндігін береді. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет