Хv-хvіі ғ қазақ әдеби тіл үлгілері. Бұқар Жыраудың жаңашылдығы жырау тілінің тазалығы. ХV-ХVІІ ғасырлардағы әдеби тілдің грамматикалық сипаты


ХV-ХVІІ ғасырлардағы әдеби тілдің грамматикалық сипаты



бет4/6
Дата26.12.2023
өлшемі118,61 Kb.
#143592
1   2   3   4   5   6
3.ХV-ХVІІ ғасырлардағы әдеби тілдің грамматикалық сипаты.
XV-ХVI ғасырлар – осы күнгі бірқатар ұлттық түркі тілдерінің жеке-жеке халық тілдері болып қалыптаса бастаған дәуірі. Әрине, бұл қалыптасу көрсетілген кезден көп бұрын басталған, әр халық тілінің фонетикалық-грамматикалық белгілері XV-ХVI ғасырларда бір- бірінен едәуір ажыратылып, бірсыпыра орныққан деуге болады. Ол белгілер кейінгі ғасырларда әрі қарай бекітіле түскен, жалпыхалықтық тіл нормасына айнала бастаған. Бірдейліктің екінші себебі – түркі тілдерінің фонетикалық-грамматикалық жүйесінің өте баяу өзгеретіндігінде. Үшіншісі – біз әңгіме етіп отырған әдеби нұсқалардың ауызша таралып, ауызша жеткендігінде, яғни ұрпақтан ұрпаққа өткенде ескі элементтердің заманға сай жаңасымен ішінара алмастырылып отырғандығында.
Септеу тәртібі (парадигмасы) негізінен қазіргімен бірдей, тек есімдіктердің септелуінде өзгешелік бар. Ілік жалғауы мен, біз деген есімдіктерге жалғанғанда -ің, -ім түрінде де келеді: менім, бізің. Әсіресеменім варианты қазіргі қазақ тіліне жат, ол – ноғайлық тұлға.Бірақ XV-ХVI ғасырлардағы қазақ тілі үшін де бұлайша қолданыстың тән болуы ықтимал. Жіктеу есімдіктерінің септелу жүйесінде күні бүгінге дейін жеткен ерекшеліктердің(мен-ің, ма-ған, о-ның, о-ған, о-ны) бар екендігін ескерсек,қазақ тіліндегі қазіргі норманың бірден қалыптаса қоймағандығын мойындауға болады.[Р.Сыздықова.Қазақ әдеби тілінің тарихы.3 том.100бет ,2014]
Етістіктің тұйық түрі (немесе қимыл атауы) екі түрлі тәсілмен жасалған: бірі – қазіргіше -у жұрнағы арқылы, екіншісі –мақ жұрнағы арқылы. Алғашқысы өте сирек ұшырасады,негізінен бұл кезде қимыл атауы -мақ тұлғалы болып келеді:мақтанбақ, батыр болмақ, кешу кешмек. Мақсат (супин)реңкімен келетін тұстарда -уға қосымшаларымен берілетін етістік біз талдап отырған дәуірлерде -арға тұлғасымен кездеседі: «Ал дегенде аларға, Алып жерге саларға», «Сырғаласқан жауды сықтарға. Сырт бергенді зорларға Сырттанның ұлы Қара Қосай мырза бар» (Шобан). «Жарақшылар жоқ па екен,Жармай білте соларға» (Доспамбет). Бұл көрсетілген ерекшеліктер ауыз әдебиеті тіліне де тән.[Р.Сыздықова.Қазақ әдеби тілінің тарихы.3 том.100бет ,2014]
Сонымен қатар бұл кезеңдегі әдеби тілде бұйрық райдың II жақта -ғыл/-гіл жұрнағын жалғаған түрі кездеседі: «Адам әзіз айтар деп, көңіліңді салмағыл. Нәпсі алдаушы дұшпанның Насихатын алмағыл» (Асан).
Етіс категориясының да морфологиялық көрінісі қазіргі қазақ тілі нормасынан көп алшақтамайды. Тек бірер жерде осы күнде -қыз /-кіз жұрнағымен келетін етіс тұлғалары –кер қосымшасымен берілген: «Масағынан өткеріп, Басын қолға жеткеріп, Созып тартар күн қайда?!» (Доспамбет). Етістіктің ашық рай тұлғаларының ішінде келе жата («Жараға мамық тосатып, Келе жата дегейсің» – Доспамбет), не білейім сияқты бірді-екілі тұлға – XV-ХVI ғасырлардағы қазақ тілі үшін де,қазіргі тіл үшін де жат тұлғалар. Олар – біздіңше, ноғай тілі элементтерінің көрінісі. [Р.Сыздықова.Қазақ әдеби тілінің тарихы.3 том.101бет,2014]
Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрінің I жақта –ма+й+мын вариантының орнына -ман (фонетикалық түрлерімен) жұрнақты тұлғасы да кездеседі. Және бұл амал жиі жұмсалған: «Тоғай қондым өкінбен. Ару сүйдім өкінбен» (Доспамбет). «Көбе сайлап кимен-ді. Алдыма алып сүймен-ді» (Шалкиіз). «Мұныңа, ханым, шыдаман» (Жиембет). Бұл тұлғаның беретін мағынасында үзілді-кесілділік реңкі (категоричность) бар. Жоғарғы мысалдарда осы реңк сақталған. Ал кейінгі дәуірлерде, айталық, XIX ғасырдың II жартысында, Абай тілінде бұл тұлға аталған мағынаны білдірмей-ақ, жай хабарлау үшін де жұмсалатын болған.[Р.Сыздықова.Қазақ әдеби тілінің тарихы.3 том.102 бет,2014]
Шылаулар қазақ тіліне тән түрлерінде ғана кездеседі. Жазба тілдерге тән арабша уа, лекин, парсыша һәм шылауы бір-екі жерде ғана көрінеді: «Жайыңды білген қарындас. Ол - қарындас һәм жолдас» (Шалкиіз). Соң шылауының соңратын деген көне варианты да қолданылған.
Сөйтіп, ХѴ-ХѴІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы тілінің грамматикалық жүйесі қазіргі кездегімен көбінесе бірдей келіп отырғанымен, едәуір сәттерде ерекшеліктері де бар екені байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет