И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген


Өзіндік жұмыстың даралық-психологиялық детерминанттары



бет113/189
Дата31.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46481
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   189
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Өзіндік жұмыстың даралық-психологиялық детерминанттары

Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы бола отырып, оның субъекті ретіндегі үйренушінің даралық-психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерімен шартталады. Осындай психологиялық детерминанттарға ең алдымен өзін-өзі реттеу жатады. Өзін-өзі реттеу түсінігін психологиялық тұрғыдан И.П. Павлов, Н.А. Бернштейн, П.К. Анохин негіздеген, яғни олардың түсінігі бойынша адам - кемеліне жеткен, өзін-өзі оқытушы, өзін-өзі жетілдіруші, өзін-өзі реттеуші жүйе. Өзін-өзі ретттеудің психологиялық теориясының (О.А. Конопкин, О.К. Осницкий) жалпы контекстінде өзіндік жұмысты ұйымдастырумен сәйкестендірілетін пәндік өзін-өзі реттеудің кезеңдері анықталған болатын [155].


Оқушыларда, өзін-өзі реттеуді дамыту мақсатында ең алдымен өздерінің мүмкіндіктері және оларды жүзеге асыра алу іскерліктері жайлы, соның ішінде мақсат құру және мақсатты тежеу мүмкіндіктері жайлы елестетулердің тұтас жүйесі қалыптастырылуы керек. Оқушылар тек мұғалім ұсынған мақсаттарды түсіне алу ғана емес, сондай-ақ оларды өзі қалыптастырып, жүзеге асқанша тежеу, басқалар жағынан ығыстыруға жол бермеу және де қызықты болу керек. Оқушы өз іс-әрекетін модельдей алуы, яғни өз тәжірибесінен қажеттілік заты жайлы елестетуді, ал қоршаған жағдайдан – осы затқа сәйкес объектіні іздей отырып, мақсатты жүзеге асыру үшін маңызды шарттарды бөлуі тиіс. Оқушының өзін-өзі реттеуі өз іс-әрекетін бағдарламалай алу іскерлігін болжайды, яғни іс-әрекеттің сәйкес мақсатына қатысты берілген шарттарды қайта құрау тәсілін таңдауды іске асыру, осы қайта құрау үшін құралдарды сұрыптау, жеке әрекеттердің бірізділігін анықтау.
Пәндік өзін-өзі реттеудің маңызды көрінісінің бірі өз әрекетінің аяққы және аралық нәтижелерін бағалай алу іскерлігі болып табылады. Бұл жерде маңыздысы қабылданған, объективті критерийлерден өз нәтижелерін бағалаудың субъективті критерийлері айырмашылығының аса көп болмауында. Өзін-өзі реттеу үшін өз әрекеттеріне түзету жасай алу, яғни нәтиже қойылған талаптармен сәйкес келу үшін өз әрекеттерін қалай өзгертуге болатынын елестету маңызды болып табылады.
Сондай-ақ өзін-өзі реттеу адамның басқа адамдармен өзара қатынас жасау нормалары жайлы, еңбек құралдарымен жұмыс жасау жайлы түсініктерін қамтиды. Бұл жерде өзіндік жұмысты ұйымдастыру үшін үйренушінің жоғарыда аталған түсініктеріне оның бойында бұрыннан оқудағы сыныптық жұмыс барысында қалыптасқан дағдылар мен іскерліктер сәйкес келу керектігі жөніндегі маңызды ой ерекше аталынып көрсетіледі,. Әрине, адамның пәндік өзін-өзі реттеуінің өзі өзін-өзі танудың, өзін-өзі бағалауды барабарлығының, ойлаудың рефлексиялылығының, тұлғаның мақсаттылғының, ұйымдасқандығы-ның, өз бетіншелігінің, оның ерік сапаларының қалыптасқандығының жоғарғы деңгейін ұйғаратын оның тұлғалық өзін-өзі реттеумен байланысты. А.К. Осницкий, егер өзін-өзі реттеу іскерліктері педагог пен оқушының өзінің мақсатты бағытталған әрекеттерінің пәні болып табылса, онда олардың жылдам қалыптасуы мүмкіндігін атап көрсетеді. Бұл жерде адамның өзін-өзі реттеуінің дамуы оның дербестілігінің қалыптасуына ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет