И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген



бет116/189
Дата31.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46481
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   189
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Дәрісханадан тыс жұмыс
түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары

Оқытылушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктерімен олардың үй жұмыстары, сыныптық, сыныптан тыс жұмыстары (мектептен тыс), яғни олардың барлық дәрісханалық және дәрісханадан тыс, сабақтан тыс жұмыстарының барлық түрлері салыстырылуы мүмкін. Олардың барлығы қандай да бір континуум құрайтыны айқын (қандайда бір бірізділік), оның полюстері бір жағынан оқушының сыныптық жұмысы, ал келесі жағынан – оқу іс-әрекетінің өзіндік ұйымдастырылу жоғарғы формасы ретінде оның өзіндік жұмысы сияқты берілуі мүмкін (кестені қараңыз).


Мектеп оқушысының өзіндік жұмысы





Негізгі
критерийлер



Оқу жұмысының түрлері

Сынып
(аудитория-
лық)
жұмысы



Сабаққа дайындық ретіндегі үй жұмысы

Сынып жұмысына қосымша ретіндегі мектептен, сыныптан тыс жұмыс

Оқу пәні бойынша мектеп жұмысымен қатар орындалатын өзіндік жұмыс

Басқару көзі бойынша (бақылау):
мұғалім бақылауы
оқушының өзіндік бақылауы

+

+

+

+


+

Іс-әрекетті жүзеге асы-ру сипаты бойынша:
сырттан берілген ре-жим
өз жұмыс режимі

+


+


+
+


+

Түрткі сипаты бойын-ша :
мұғалімнен, мектептен
өзіндік таным қажет-тілігі немесе жетістікке жету қажеттілігі

+



+

+
+

+


Басқару көзі – мұғалім-нің қатысуы бойынша:
оның қатысуымен
оның қатысуынсыз

+

+

+
+

+


Оқу іс-әрекетінің оры-нын тіркеу бойынша:
тіркелінген
(мысалы, сынып тіркелмейді)

+

+

+

+

Оқу жұмысының түрлерінің талдауы келесіні көрсетеді: өзіндік жұмыс іс-әрекет тәрізді оқушының өзінің танымдық қажеттілігімен, өзін-өзі бақылауымен, өз жұмыс тәртібімен, оны орындау орны мен уақытын таңдаудағы еркіндікпен сипатталады. Атап өтетін жайт, осылайша түсінілетін өзіндік жұмысты ұйымдастыру формалары мен әдістемелері әлі де толықтай жетілдірілмегенімен де, осы аймақтағы зерттеулер материалдары әлден осы проблемаға деген келістің негізін анықтауға мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған өзіндік жұмысты оқу іс-әрекетінің ерекше түрі ретінде қарастыру келісі дамыта оқыту принциптеріне сүйенеді. Бұл оқушылардың өзіндік жұмысы олардың пәндік құрамдастығын арттырумен қатар олардың осы іс-әрекет субъекті ретінде тұлғалық дамуына ықпал етуі керек деп ұйғарады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет