И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген



бет124/189
Дата31.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46481
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   189
Маркова А.К. Психология профессионализма. М., 1996.
Маркова А.К. Психология труда учителя. М., 1993.
Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. М., 1994.
3 тарау. Педагогикалық іс-әрекет стилі


§ 1. Іс-әрекет стилінің жалпы сипаттамасы
Іс-әрекет стилінің анықтамасы

Мұғалімнің (оқытушының) педагогикалық іс-әрекеті, кез-келген басқа іс-әрекет сияқты, белгілі бір стильмен сипатталады. Кең мағынада іс-әрекет (мысалы, басқару, өндірістік, педагогикалық) стилі – оны орындаудың түрлі жағдайларында көрінетін тәсілдердің, әдістердің тұрақты жүйесі. Ол іс-әрекеттің өзінің өзгешелігімен, оның субъектінің даралық-психологиялық ерекшеліктерімен шартталады (И.В. Страхов, Н.Д. Левитов, В.С. Мерлин, Е.А. Климов және т.б.). Психологиялық тар мағынада іс-әрекеттің даралық стилі – «бұл типологиялық ерекшеліктермен шартталған тәсілдердің орнықты жүйесі, ол берілген іс-әрекетті неғұрлым жақсы жүзеге асыруға ұмтылған адамда қалыптасады, ...өзінің (типологиялық шартталған) даралығын іс-әрекеттің сыртқы заттық шарттарымен неғұрлым жақсы теңдестіру мақсатында адам саналы немесе стихиялы түрде әрекет жасауға мәжбүр болатын психологиялық құралдардың даралық-өзіндік жүйесі» [87, 49 б.]. Осы анықтамада оның «іс-әрекеттің неғұрлым жақсы орындалуын қамтамасыз етуші амал-тәсілдердің жеке өзіндік тіркесі» екені ерекше атап көрсетіледі (В.С. Мерлин). Іс-әрекет стилі, объектінің өзінің қабілеттерін айқындай отырып және оның даралық-психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерімен анықтала отырып, оның операционалдық құрамын, іскерліктер мен дағдыларды қамтиды (В.Э. Чудновский).


Іс-әрекеттің даралық стилі

Іс-әрекет стилі өзін-өзі реттеу стилімен байланысты. Екеуі де адамның тұтас даралық белсенділік стилінің, іс-әрекетінің екі өзара байланысты жақтары ретінде қарастырылады (В.И. Моросанова, Г.А. Берулава). Соңғы он жылдықта бұл құрылымға танымдық іс-әрекеттің ерекшелігін анықтаушы және тәуелсізділігімен, саралап жіктелінуімен, талдамалығымен сипатталынатын когнитивті стиль түсінігі қосылады. Қазіргі кезде «стиль» түсінігі өте кең контексте мінез-құлық стилі, іс-әрекет стилі, басқару стилі (лидерлік), қарым-қатынас стилі, когнитивті стиль және т.б. ретінде айтылады.


Г.М. Андреева атап көрсеткендей [10, 282 б.], К. Левин анықтаған мінез-құлық стильдері ең алдымен, жетекшілердің шешім қабылдау түріне жатқызылды. Жетекшілік етудің өктемшілдік, демократиялық және бетімен жіберуші үш стилі белгіленді. Кейінгі зерттеулерде оның директивті, алқалық және рұқсат етілетін сияқты анықтаулары енгізілді. Алайда іс-әрекетке (мінез-құлыққа), өзара әрекеттесуге, қарым-қатынасқа қатысты көбінесе К. Левин ұсынған көрсетулер қолданылады. Стильдің екі жағы бөлінеді: мазмұндық және техникалық, яғни формалдық (амал, тәсілдер). Төменде, Г.М. Андреева бойынша, үш стильдің формалдық және мазмұндық жақтарының толық сипаттамасы келтірілген [10, 283-284 б.; 11, 222-224 б.]:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет