И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген



бет144/189
Дата31.10.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46481
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   189
Байланысты:
И. А. Зимняя педагогикалы психология екінші, толы тырыл ан, т з

Андреева Г.М. Социальная психология. М., 1996. Разд. ІІ.
Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения: В 2 т. М., 1983. Т. 1.

2 тарау. Оқу-педагогикалық еңбектестік


§ 1. Оқу еңбектестігінің жалпы сипаттамасы


Еңбектестік қазіргі күннің беталысы ретінде

Ресейдегі бүкіл білім беру жүйесі, соның ішінде жоғарғы білім беру де қазіргі күні идеялардың ықпалында болып отыр, бұл идеялар жалпы және педагогикалық психология теоретиктері (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Ш.А. Амонашвили және т.б.) мен бүгінгі күнгі мектептердің алдыңғы қатарлы практиктерінің жұмыстарында тұжырымдалған (А.С. Макаренко, А.В. Сухомлинский және т.б.). Бұл идеялар, жекелеп алғанда, еңбектестіктің қазіргі күнгі білім берудің анықтаушы негіздерінің бірі ретінде мақұлдануынан көрініс тауып отыр. «Еңбектестік – бұл балалар мен үлкендердің бір-бірінің рухани өміріне өзара түсіністікпен, ұғынушылықпен, осы әрекеттің барысы мен нәтижесін ұжымдық талдаумен бекітілген, бірлескен дамытушы іс-әрекетінің гуманистік идеясы....


Еңбектестік стратегиясының негізінде педагогтың оқушылары-ның танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен бағыттау идеясы жатыр» [94, 16-17 б.].
Оқытуды ұйымдастырудың осы формасының мәнінің ұлылығы сонша, бүкіл педагогикалық процесті еңбектестік педагогикасы ретінде қарастыру беталысы бар.
Оқудағы еңбектестік проблемасы (жұмыстың ұжымдық, кооперативтік, топтық формаларын) соңғы он жылдықтарда біздің еліміз бен шет елде белсенді және жан-жақты дамытылуда (Х.Й. Лийметс, В. Дойз, С.Г. Якобсон, Г.Г. Кравцов, А.В. Петровский, Т.А. Матис, Л.И. Айдарова, В.П. Панюшкин, Г.Магин, В.Я. Ляудис, Г.А. Цукерман, В.В. Рубцов, А.А. Тюков, А.И. Донцов, Д.И. Фельдштейн, Й. Ломпшер, А.К. Маркова және т.б.).
Оқушылардың тікелей өзара әрекетіне негізделген, оқу жұмысын белгілеу үшін, зерттеушілер «топтық жұмыс», «бірлескен оқу іс-әрекеті», «бірлесе бөліскен оқу іс-әрекеті», «ұжымдық-бөліскен оқу іс-әрекеті», «оқудағы еңбектестік» сияқты және т.б. атауларды қолданады. Қазіргі күні отандық педагогикалық психологияда көбінесе басқа терминдерге қатысты неғұрлым сиымды, іс-әрекетке-бағытталған және басқа терминдерге ортақ «оқудағы еңбектестік» термині пайдаланылады, ол сонымен бірге, оқу тобының ішіндегі көп жақты өзара әрекетті және мұғалімнің топпен өзара әрекетін білдіреді. Еңбектестік біріккен іс-әрекет ретінде, өзара әрекеттесуші субъекттердің белсенділігін ұйымдастырушы жүйе ретінде сипатталады: 1) кеңістік және уақыттық қатар болумен, 2) мақсаттардың бірлігімен 3) іс-әрекетті ұйымдастыру және басқарумен, 4) функцияларды, әрекеттерді, операцияларды бөлісумен 5) позитивті тұлға аралық қатынастардың болуымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет