Әке туралы ой-толғау



Дата29.09.2023
өлшемі15,7 Kb.
#111280
түріҚұрамы

Әке туралы ой-толғау
Керей мен Жәнібек жеке ту тігіп, егеменді өз елімізді құрамыз деп бөлек шыққалы қазақ басынан өткен азапты, қайғыра еске алатын күндер аз болмағаны бәрімізге белгілі дүние. Рас-ау. Егеменді ел боламыз дегенше, нелерді басымыздан өткермедік. Тарихты аша қалсаң болды қазақтың азапты күндері жарқырап алдымыздан шыға келеді. Қуанышынан қалмай қатарласып ерген қайғылары қанша десеңші. Орыстардың құрамына енгелі қанша зиялымыздан, қанша байлығымыздан айырылдық. Қазақ шаруаларынан тартып алған қазақ жерлері, күштеп ұжымдастыру. Ол нәрселерге шыдамаған жұрттың бәрі амалдың жоқтығынан шекара асып, мекендерін шет елден табуға тырысады. Барып орнықты, орналасты деген күннің өзінде жүрек шіркін туған жер деген киелі мекенді сонша қатты аңсағаны сөзсіз. Ауылымыздан бір аптаға алыстасақ ауылды аңсайтын мына біздер, туған жерден жырақ сонша жыл жүруді елестете алмаспыз.
Қолдан жасалған ашаршылық, соғыс. Қанша отбасын зар жылатып, қан қақсатты. Жан ұшыра жанталасып, ертеңіне ұмтылған бес адамнан аман қалғаны сол екі адам болатын. Аштық қазақ ешқашан жемеген тышқанға дейін жегізді. Қандай қиын тағдыр. Көз алдыңдағы ет жақыныңның өлімін көру, қолыңды байлап тастаған шарасыздық. Көмусіз қалып, аш жүрген ит пен құсқа жем болған адамдар денесі. Сол күйге түспеу үшін не істеу керек? Қайда барып жан сауғалайды? Кімнен нан сұрайды, кімнен су сұрайды? Нағыз тіршілік үшін күрес уақыты. Жабайы дала заңы. Жемтігіңді өзің табасың немесе ол сені табады. Кім мықты тек сол жеңеді.
Ашаршылық қанша қазағымызды алып кетті. Қазақтар санын сонша миллионға қысқартқан ашаршылықтан енді шығып, ес жидық па дегенде, есеңгіреген елге соғыс келді. Баламды жібермеймін. Бармайды дегенге қарап жатқан адам жоқ. Дені саудың бәрін алдарына салды да майдан алаңына әкетті. Тағы да алаңдап, есеңгіреген сорлы ел. Қазіргі уақыттағыдай емес, жылына бір хабар аласың. Онда да жақсы хабар жетсе екен деп бәрі үлкен үмітпен елеңдеп есікке қарайды. Қаралы хат деген нәрсе мына есіктен енбесе екен дейді. Соғыста жүрген күйеуім, балам аш қалмасын деп тылда күні-түні еңбек еткен батыр аналар. Сол кісілердің емізулі баласын ерте жүріп, жасаған жұмыстарының арқасында соғыста аталарымыз киім, тамақпен қамтамасыз етіліп отырғаны тағы бар. Қан майдан қанша атамыздан, қаншама жақындарымыздан айырды. Соғыстан аман келген кісілердің саны өте аз еді. Өз үйінен кеткені келмей, көрші үйге аман оралған адамнан барып менің балам қалай? Тоңып жүрген жоқ па? деп сұрағысы-ақ келеді сол бір ананың. Ол сұрақты қойған күннің өзінде, жауабы болмасын іштей сезгенімен, көзін жеткізгісі келеді. Менің де балам күндердің күні келеді ғой деп өзін жұбатқаннан басқа айтары да жоқ. Көкейіне өксік тығылады да тұрады...
Соғыс қазақ басынан өткен соңғы қиындық болды деп айтқым-ақ келеді. Әттең, одан кейін де қаншасынан өттік. Шүкір. Сол бір қиындықтардан өткен біздер қазір егеменді, бейбіт елміз. Соншама нәрседен өткен қазағым құрымады, жойылмады. Есесіне, өсті, өркендеді. Әлемде өзіндік орны бар сондай мемлекетке айналды. Рас, санымыз азайды. Қаншама зиялымыздан, туғанымыздан, жақындарымыздан көз жаздық. Өлді деген хабар жетпей, жоғалып кеткен ағайындарды тіріге балап, келеді ғой деп күттік. Көкейдегі сол бір үміт отын сөндіргіміз келмеді. Тек жақсылықтардан үміт еттік.
Тарихты оқып, үлкендерден елдің өткені жайлы көп біліп, осындай бір адамның тағдыры арқылы қазақ елінің өмірі баяндалған шығармалармен көбірек таныссақ, тарихымыз өлмейді. Келер ұрпақ есінен шықпайды, ұмытылмайды. Қолда бар бағымызды бағалап, егемендіміздің қадіріне жетіп, бейбіт өмір сүрейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет