И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым



бет145/257
Дата07.01.2022
өлшемі2,46 Mb.
#19969
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   257
Дағды қалыптасуының заңдылықтары
Үйрену адамның игеріп отырған білімдерінің, қалыптастырып отырған дағдыларының және оларды түрлі жағдайларда шығармашыл қолдана алу іскерліктерінің прогрессивті, істелентін сандық және сапалық өзгерістері ретінде сипатталады. Бұл, графикалық түрде үйрену «қисығымен» немесе жаттығу «қисығымен» анықталатын дағдылардың өндірілуіне қатысты. Және де барлық қисық жаттығуларды екі типке жатқызуға болады: а) теріс жылдамдатқышы бар қисықтар (дағдының қалыптасуы басында жылдам жүреді, кейіннен жылдамдықтың қандай да бір деңгейіне, қателер санына жақындай отырып біртіндеп баяулайды және т.б.), б) жағымды жылдамдатқышы бар қисықтар (әрекетті игеру алдымен баяу, кейіннен тезірек болады) [толығырақ 151, 111 б. қараңыз].

Дағдыны өндіру процесінде кейде алға жылжудың салыстырмалы тұрақтылығы орнайды: оқушыда не алға өрлеу, не артқа шегіну болмайды – ол «орнында тұрып қалады». Мұндай тоқтау, яғни түзудің өзгеріссіз қатар абсцисстағы формасында бекітілуші тоқтау «жазық» деп аталады. Бұл құбылыс не оқыту мазмұны, не оқыту тәсілі, не жұмыс формасы немесе барлығы бірігіп өзін толығымен жойғанын көрсетеді. Осы тұста М.С. Шехтердің ойын атап өткен дұрыс: оқушы тарапынан басқа, жаңа әрекеттің бағдарланушы негізі қолданылмаса, дағдылардың қалыптасуына, яғни әрекеттердің автоматтандырылуына және де аталған «жазықтағы» дағдылардың еркіндігіне жету мүмкін емес.

Дағдылар бір-біріне әсер етеді – өндірілген дағдының келесіге жағымды әсер етуі – тасымал (трансфер), ал теріс әсер етуі – интерференция деп аталады. Тағы да айта кетейік, үйренудің ішкі мезанизмі болып табылатын тасымал (жалпылау негізінде) оқытушының жалпылаудың негізгі үш жоспарының әрқайсысымен, яғни әрекет принціпімен, бағдараламасымен, тәсілдерімен және де оқу, жаттықтырушы материалды сұрыптаумен неғұрлым мақсатты жұмысын ұйғарады.

Жаттығулардың уақыт бойынша таралуын дағды қалыптасуының заңдылығы ретінде қарастыра отырып, жаттығулардың басым көпшілігі жаттықтырудың басында берілгені дұрыс екеніндігін айтуға болады (Г.Эббингауздың ұмыту «қисығына» қарама-қарсы). Кейіннен жаттықтыру уақытын үлкейте отырып, мұндай әрекетттер арасындағы интервал да үлкейеді. Жаттықтыру өте кішкентай көлемде болуы мүмкін, бірақ ол оқытудың соңына дейін мақсатты сақталу керек. Олай болса, үйренушінің жаттығулар жүйесі осы заңдылықтарды есепке ала отырып құрылуы керек.

Дағдыларды өндіру заңдылықтары жайлы теоретикалық қағидалар және оқулықтарды талдау негізінде үш талапқа жауап беретін жаттығулардың уақытқа таралуының кейбір ойша схемасын ұйғаруға болады: 1) жаттығу ешқашанда «жоққа шығарылмайды», 2) жаттығулар арасындағы интервал жаттықтыру шамасында ұлғайып отырады және 3) бір дағдыны өндіру бағдарламасы басқаларды өндіру бағдарламасына сәйкес келеді. Бұл жерде жаттықтырудың басында жаттығулар көп мөлшерде болу керек.

Дағдылар заңдылықтарын қарастыруда тағы атап өтетін жай, оның қалыптасуының табыстылығы мен үйренушінің мотивация деңгейінің байланысы. Бұл байланыс Йеркс–Додсонның екі заңымен сипатталады: біріншісі, үйренудің максималды табыстылығын мотивацияның оптимумымен байланыстырады, екіншісі – іс-әрекет күрделілігі мен мотивация деңгейін (іс-әрекет неғұрлым күрделі болса, соғұрлым мотивация деңгейі төмен).

Жалпы, үйрену процесінде білімдердің, дағдылардың іскерліктердің жалпы құрылымы олардың одан сайын көп жалпылануы, оралғандығы желісі бойынша және сана тарапынан олардың өзектелуі мен функциялануы аз қадағалану желісі бойынша өзгереді. Әрекет құрылымы жаттығу нәтижесінде оларды орындау тәсілдері бойынша, оның әрекетке енетін қозғалыстарды орындауына жауап қайтару мінезі мен бақылануы бойынша өзгереді. Бұл өзгерістер жекеленген қозғалыстардың неғұрлым күрделі актқа қосылуымен сипатталады, яғни артық, аралық қозғалыстарды редукциялаумен және де бірнеше қозғалыстарды уақытта ығыстырумен сипатталады, мұны ырықты қозғалыстарды жасаудың жалпы бағдарламасы белгілейді (Н.А. Бернштейн бойынша). Оларды орындау қарқыны жылдамдайды және сапасы жақсарады, әрекетті қадағалау сипаты өзгереді – сыртқы көру арқылы қадағалаудан ішкі бұлшық еттік, кинестетикалыққа, «ішкі бұлшық еттік сезімге», сондай-ақ әрекетті орталықтан реттеу сипаты да өзгереді. Зейін әрекет тәсілдерін қабылдаудан босайды және ең бастысы, оны орындау шарттарына ауысады.

Үйрену процесінде әрекеттің өзінің өзгеруі тұтастай іс-әрекеттің сапалы ілгерінді өзгеруін бейнелейді деуге болады. Дәл осы себептен әр заттық, бақылаушы және бағалаушы әрекеттерді дағды ретінде өңдеу іс-әрекеттің барлық жақтарында әрқашан педагогтың назарында болады, ол дағды қалыптасуының жалпы тұтастай барлық заңдылықтары мен ерекшеліктерін есепке алады. Бұл: а) мақсаттылық, б) ұстанымды құрушы ішкі мотивация мен сыртқы нұсқау, в) жаттығуды уақыт бойынша дұрыс тарату, г) жаттықтырылып отырған құбылыстың үйренуші үшін маңызды оқу жағдайына енуі, д) білім алушы үшін әрекеттерді орындау нәтижелерін үнемі біліп отыру қажеттілігі, е) оның жаттықтырылып отырған әрекетінің жалпы принціпін, схемасын түсінуі, ж) оқытушының бұрын өндірілген дағдылардың тасымалдануы мен интерференциясын есепке алуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет