И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


§ 1. Өзіндік жұмыстың жалпы сипаттамасы



бет147/257
Дата07.01.2022
өлшемі2,46 Mb.
#19969
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   257
Байланысты:
Зимная кітап Педагогикалық психология

§ 1. Өзіндік жұмыстың жалпы сипаттамасы

Өзіндік жұмысты түсіндірудегі келістер
Оқу іс-әрекеті туралы айтқанда зерттеушілер дәстүрлі түрде оқушының сыныптағы жұмысын еске алады. Алайда, мектеп оқушысының оқу іс-әрекетін ұйымдастыру сыныптық жұмысымен қатар, оқу пәні бойынша оның сыныптан тыс және өзіндік жұмысын да қамтиды. Неғұрлым аз зерттелген және де оқу іс-әрекетін психологиялық талдау тұрғысынан неғұрлым қызықты оқушының, студенттің өзіндік жұмысы болып табылады. Дәл осы өзіндік жұмыстан оның мотивациясы, мақсаттылығы, және де өзіндік ұйымдасуы, өз бетіншелігі, өзін-өзі бақылауы және т.б. психологиялық сапалары байқалады. Үйренушінің өз бетінше жұмысы оның оқу процесіндегі позициясын қайта құрудың негізі ретінде қызмет етеді.

Өзіндік жұмыс, бұрыннан белгілі болғандай, мектепте, жоғары оқу орнында оқытудың маңызды және кеңінен талқыланатын проблемаларының бірі болып табылады. Мектепте және жоғары оқу орнында оқытудың қазіргі күнгі әдістемелерінде ол міндетті түрде оқытушының ұйымдастырушы рөлімен теңестіріледі. Дидактикада өзіндік жұмыс деп оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс, немесе мұғалімнің қатысуынсыз, бірақ оның тапсырмалары бойынша даралық және ұжымдық іс-әрекетінің алуан түрлі түрлерін түсінеді (А.А. Миролюбов).

Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстың жалпы педагогикалық анықтамасы, ол бойынша бұл оқушылардың іс-әрекетінің алуан түрлері (мектепте сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын және өткізілетін, тәрбиелік және білім беру сипатындағы), көптеген зерттеушілердің оқушылардың өз бетінше іс-әрекетін қарастыруларының негізіне қойылған. Осы тақырыпты мектепте факультативтік курстарды ұйымдастырудың жалпы контексінде дамытуда өзіндік жұмыстың бірнеше түрі туралы айтылған, оларға бір ғана «оқудан тыс» деген түсінікпен біріктірілген сабақтан тыс, сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар жатады. Оқудан тыс жұмыстың негізгі үш айырмашылығы тұжырымдалады: оқушылардың оған өз еркімен қатысуы, сабақтан тыс өткізу, өз бетіншіліктің басымдылығы. Оған қойылған талаптар сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстардың байланысын, өз еркімен алынған сыныптан тыс тапсырмаларды... орындаудағы міндеттілікті, сыныптан тыс сабақтардың мақсаттылығы мен үнемділігін, оқушыларды толықтай қамту және т.б. қамтиды (С.Ф. Шатилов).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет