Педагогикалық іс-әрекеттің пәндік мазмұны
Педагогикалық іс-әрекет, іс-әрекеттің басқа түрлері сияқты, психологиялық (пәндік) мазмұнмен анықталады, оған мотивация, мақсат, пән, құралдар, тәсілдер, өнім мен нәтиже жатады. Өзінің құрылымдық ұйымдасуында педагогикалық іс-әрекет әрекеттердің (іскерліктер) жиынтығымен сипатталады, олар ары қарай қарастырылады.
Педагогикалық іс-әрекет пәні ретінде дамудың шарты мен негізі ретіндегі оқытушылардың пәндік әлеуметтік мәдени тәжірибені игерулеріне бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет құралдары ғылыми білімдер болып (теоретикалық және эмпирикалық), солардың көмегімен және солардың негізінде оқытылушылардың тезаурусы қалыптасады. Білімдерді «тасушы» ретінде оқулық мәтіндері немесе пәндік айғақтың фактілерін, заңдылықтарын, қасиеттерін мұғалімнің ұйымдастырған бақылауы жағдайында (зертханалық, практикалық сабақтарда, даладағы практика кезінде) оқушының жаңадан жасаған елестетулері жатады. Техникалық, компьютерлік, графикалық және т.б. құралдар қосымша құралдарға жатады.
Педагогикалық іс-әрекетте әлеуметтік мәдени тәжірибені беру тәсілдері ретінде түсіндіру, көрсету (иллюстрация) оқу міндетін шешу бойынша оқушымен бірігіп атқарылатын жұмыс, оқушының тәжірибесі (зерханалық, далалық), тренингтер болып келеді. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі, оқушының бүкіл аксиологиялық, құлықтылық-этикалық, эмоционалдық-мағыналық, заттық, бағалаушы құрастырушы-ларының жиынтығымен алғандағы оның қалыптасатын жеке дара тәжірибесі болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі емтихандарда, сынақтарда тапсырмаларды, оқу-бақылау жұмыстарын орындау критерийлері бойынша бағаланады. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі оның негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы, оның тұлға ретінде, іс-әрекет субъекті ретінде жетілуі, қалыптасуы болып табылады. Нәтиже, оқушының оқудың басындағы сапасы мен адамның жан-жақты дамуы тұрғысынан оның аяққы кезіндегі сапаларын салыстыру арқылы диагностикаланады [мысалға, 189 қараңыз].
Достарыңызбен бөлісу: |