Дамудың әлеуметтік жағдаяты
Л.С. Выготский педагогикалық психология үшін өте маңызды «дамудың әлеуметтік жағдаяты» ұғымын кіргізді. Дамудың әлеуметтік жағдайы баламен әлеуметтік ортаның қарым-қатынасының белгілі бір жүйесі болып табылады, ол даму процесінің мазмұнын, бағытын және жаңадан пайда болған негізгі өзгерістермен байланысты оның орталық бағытының қалыптасуын анықтайды. Бұл жүйенің өзгеруі жас ерекшеліктердің өсімінің негізгі заңын айқындайды. «Осы заңға сәйкес, баланың белгілі бір жаста дамуын қозғаушы күштер ішкі қажеттілікпен дамудың әлеуметтік жағдаятының күшін жоғалтуын анықтай отырып, осы жаста дамудың барлық даму негіздерін теріске шығару және күйзелтуге сөзсіз әкеліп соғады, дамудың берілген дәуірінің аяқталуын және келесі, немесе жоғары, жас ерекшеліктік сатыға ауысқанын анықтайды» [49, 260 б.].
Осымен қатар, Л.С. Выготский әр уақытта психикалық даму – бүкіл тұлғаның біртұтас дамуы деп үнемі ерекше атап өтеді. Баланың әлеуметтік өмір шындығына қатынасы ретінде дамудың әлеуметтік жағдаяты деген ұғымға осы қатынастарды жүзеге асырушы құралдарды – жалпы әрекет пен жетекші әрекеттің нақты түрлері де кіреді, атап айтқанда Л.С. Выготский бойынша, «әрекеттің кейбір түрлері берілген кезеңде жетекші болады және тұлғаның ары қарай дамуында үлкен маңызы болады, басқалары – азырақ. Кейбіреулері дамуда басты рөлді ойнайды, басқалары - бағынышты рөл ойнайды» [111, 285 б.].
Достарыңызбен бөлісу: |