Жүйке жүйесінің маңызы. Адамның жүйке жүйесінің маңызын оның қызметіне қарай былай анықтауға болады:
1. мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, ағзаның біртұтастығын іске асырады;
2. денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің әрекеттерін реттейді;
3. ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады;
4. сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына ағзаны бейімдейді;
5. денедегі барлық торшалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл ағзаның тірлігін қамтамасыз етеді.
Адамның жүйке жүйесі 2 бөлімнен тұрады: орталық және шеткі жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда 52 см, салмағы 37-38 г. Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады, оның өсуі алғашқы жылы өте күшті, ал 2-3 жасқа келгенде 14 г болады (нәрестеде 2,8-2,9г), 4- 6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады, 20 жаста жетілуі аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе ұлғаяды. Жұлын жүйке жүйесінің маңызды бөлімдерінің бірі. Түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін қозғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың қызметін реттейді. Жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері – жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару жұлын арқылы орындалады.
2. Жүйке жүйесінің ақпаратты қабылдау, өңдеу, өткізу, психикалық қызметтерін атқару кездеріндегі рөлі. Жүйке жүйесі мидың , жұлынның және күрделі нейрондардың желісін қамтиды. Бұл жүйе органның барлық бөліктерінен ақпарат жіберу, қабылдау және түсіндіруге жауапты. Жүйке жүйесі ішкі органның функциясын бақылайды және үйлестіреді және сыртқы ортадағы өзгерістерге жауап береді. Бұл жүйені екі бөлікке бөлуге болады: орталық жүйке жүйесі және перифериялық жүйке жүйесі .