И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Түрткі – мотивация – мотивациялық аясы



бет128/257
Дата07.01.2022
өлшемі2,46 Mb.
#19969
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   257
Байланысты:
Зимная кітап Педагогикалық психология

Түрткі – мотивациямотивациялық аясы
Мотивация белсенділік бастауы ретінде және кез-келген іс-әрекеттің түрткілер жүйесі ретінде түсініле отырып, түрлі аспектілерде зерттеледі, осыған байланысты оны әр автор түрліше түсіндіреді. Зерттеушілер оны бір нақты түрткі ретінде де, түрткілердің тұтас жүйесі ретінде де, және де қажеттіліктерді, түрткілерді, мақсаттарды, қызығушылықтарды және олардың күрделі шырмалануы мен өзара әрекеттесуін қамтитын ерекше аясы ретінде де қарастырады.

Түрткіні түсіндіру бұл түсінікті не қажеттілікпен (драйвпен) (Ж. Нютенн, А. Маслоу), не осы қажеттілікті бастан кешіру және оның қанағаттануымен (С.Л. Рубинштейн), не қажеттілік затымен теңестіріледі. Мысалы, А.Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы контексінде «түрткі» термині «қажеттілікті бастан кешіруді белгілеу үшін емес, берілген жағдайда осы қажеттіліктің нақтыланатын объективтіні білдіреді және іс-әрекет оны тудырушы ретінде не нәрсеге бағытталытынын білдіруші ретінде қолданылады». Түрткіні «затталған қажеттілік» ретінде түсіну А.Н. Леонтьев бойынша, оны іс-әрекеттің өзінің құрылымына енетін ішкі түрткі ретінде анықтауға мүмкіндік беретінін атап өтейік.

Түрткіні зерттеудегі жетекші зерттеушілердің бірі – Л.И. Божович берген анықтама неғұрлым толық болып табылады. Л.И. Божович бойынша, түрткі – сол үшін іс-әрекет жүзеге асырылатын нәрсе, «түрткі ретінде сыртқы дүние заттары, елестетулер, мұраттар, сезімдер мен уайымдар болуы мүмкін». Бір сөзбен айтқанда қажеттілік өзінің іске асуын тапқан нәрсенің барлығы. Түрткінің мұндай анықтамасы энергетикалық, өзгермелік және мазмұндық жақта-ры бірігетін оның түсіндірілуіндегі көптеген қарама-қайшылықтарды шешеді. Сонымен бірге, атап кетейік, «түрткі» түсінігі енді «мотивация» түсінігі, ол «іс-әрекеттің нақты формаларының пайда болуын, бағытын және де іске асырылу тәсілін анықтайтын тұлғаның өз мінез-құлығының ішкі және сыртқы факторларын байланыстыруының күрделі механизмі ретінде болады».

Ең кең болып табылатын, тұлғаның аффективтік, еріктік аяларын да (Л.С. Выготский), қажеттіліктің қанағатталуын бастан кешіруді де қамтитын мотивациялық аясы түсінігі. Жалпы психологиялық контексте мотивация күрделі бірлестікті, субъектке қажеттіліктер, қызығушылық-тар, құмарлықтар, мақсаттар, мұраттар түрінде көрінетін және де тікелей адамзат іс-әрекетін детерминациялаушы мінез-құлықтың қозғаушы күштерінің бірлігін білдіреді. Сөздің кең мағынасында, мотивациялық аясы немесе мотивация осы көзқарас тұрғысынан, тұлға өзегі ретінде түсініліп, оған бағыттылық, құндылық бағдар, ұстанымдар, әлеуметтік күтімдер, тартылыс, эмоциялар, еріктік сапалар сияқты және тағы басқа әлеуметтік-психологиялық мінездемелер топталынады. Осылайша, әртүрлі тұрғыдан қарастырылғанға қарамастан мотивацияны көптеген авторлар адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын детерминация-лаушы психологиялық әртекті факторлардың жүйесі, жиынтығы ретінде түсінеді деп бекітуімізге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет