Реферат Тақырыбы : Саяси мәдениет Орындаған: Оқу тобы: Қабылдаған: Алматы, 2022 жыл Мазмұны



бет1/4
Дата13.10.2022
өлшемі29,47 Kb.
#43003
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Саяси мәдениет типтері сс


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті

Реферат


Тақырыбы : Саяси мәдениет
Орындаған:
Оқу тобы:
Қабылдаған:

Алматы, 2022 жыл


Мазмұны:
1. Саяси мәдениет ұғымы.
2. Саяси мәдениет құрылы мен функциясы.
3. Саяси мәдениеттің қызметтері мен типтері.
4. Қазақстандық саяси мәдениеттiң ерекшелiктерi. 


Саяси мәдениет ұғымы
Саяси мәдениет (ағыл. political culture, ағыл. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Саяси жүйенің саяси санамен байланысты субъективтік жағын білдіру үшін «саяси мәдениет» ұғымы қолданылады. Бұл ұғымды алғаш неміс ағартушысы, философ И.Гердер (1744-1803) қолданысқа енгізген. Саяси ғылымға оны нақтылы мазмұнда кірістірген америкалық саясаттанушы – Г.Алмонд. Саясат субъектілері өз әлеуметтік мүдделерін іске асыруға әрекет жасағанда, олардың іс-қимылдары ой-сана сүзгісінен өткізілген саясат әлемі турасындағы белгілі бір түсініктерге негізделеді. Бұл түсініктердің мән-мағынасы қоғамда қалыптасқан саяси мәдениет арқылы, яғни тұрғын халықтың көпшілігіне ортақ саяси құндылықтар жүйесі арқылы анықталады. Басқаша айтқанда, саяси мәдениет саяси іс-қимылдардың бағыт-бағдарын туралап, оларға мән-мағына беріп отырады. Саяси мәдениет деп қоғам мүшелерінің саяси тәжірибесін реттеп, саяси мінез-құлқын жөнге салып отыратын саяси өмірдің баршаға ортақ нормаларын, саяси құндылықтар, идеалдар, наным-сенімдер, бағыт-бағдарлар, дәстүрлер мен рәміздер жиынтығын айтады. Саяси мәдениет жеке тұлғалардың билікпен арақатынасын реттеп, қоғамды белгілі бір ортақ мақсат-мұраттар төңірегінде бірігуге, сөйтіп азаматтық үйлесімділік пен тұрақтылыққа жетелейді.
Америкалық саясаттанушы ғалым Г.Алмондтың пікіріне жүгінсек: «саяси мәдениет осы бір берілген саяси жүйе қатысушыларының жекелеген ұстанымдары мен бағадарларының жиынтығы болып табылады. Бұл дегеніміз – саяси іс-қимылдардың негіздемесін құрайтын және соларға мән-мағына беретін субъективтік сала». Біріншіден, мұнда саяси мәдениет – саяси іс-әрекетке деген бағдарлардың жиынтығы екені, яғни іс-әрекеттің өзі емес, тек соған деген субъективтік нұсқама ғана екендігі білдіріледі. Екінші жағынан, ол саяси бағдарлардың құрылымын былай анықтайды:
а) саяси жүйе туралы, оның рөлі, қызметі, саяси шешімдерді қабылдауға әсер ету мүмкіндіктері, айла-тәсілдері туралы білімдер – білімдік бағдарлар;
ә) саяси жүйе, оның құрылымы, қызметтері, қоғам өміріндегі рөлі және осыларды орындаушы саяси қызметкерлер жөніндегі сезімдер – сезімдік бағдарлар;
б) саяси жүйе, оның қызметтері, рөлі туралы құндылықтық мәні бар пікірлер, пайымдаулар мен түсінімдер – құндылықтық бағдарлар.
Г.Алмондың мойындағанындай, бұл ұғым сырт қарағанда бірдей болып көрінетін саяси жүйелердің сапалық өзгешеліктерін, яғни іс-әрекеттері нәтижелерінің неліктен әртүрлі болып шығатынын түсіндіруге мүмкіндік береді. Формалдық жағынан біркелкі сияқты саяси жүйелердегі бұл өзгешеліктер саяси мәдениет деңгейіне байланысты болады.
Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы
Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақталған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ, адамның барлық саяси қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет болады. Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастырушы формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.
Саяси мәдениет туралы барынша кең мағлұмат алу мақсатында оның құрылымы мен функциональдық мәнін қарастыру қажет. Осы ретте әртүрлі тарихи, әлеуметтік- таптық, аймақтық, этникалық, функционалдық, және т.б критериилерді басшылыққа ала отырып, адамзаттық қалыптасқан саяси мәдениетін құрылымдау мүмкін болады.
Ең алдымен, ескеретін жайт, саяси мәдениет – көп қатпарлы құбылыс, онда әрқилы тарихи қабаттар бар. Сондықтан құрылымдаудың тарихи принципінің маңыздылығы сөзсіз. Ол әрбір тарихи кезеңнің саяси мәдениетінің фундаментальды ерекшеліктерін қамтиды. Осы тұрғыдан саяси мәдениетті дәстүрлі саяси мәдениет, құл иеленушілік кезеңдегі, ортағасырдағы, жаңа дәуірдегі, қазіргі кездегі саяси мәдениет деп құрылымдық қабаттарға бөлуге болады. Бұл қабаттар – саяси мәдениеттің терең қойнауында жатқан жарамсыз, қатып қалған құрылымдар емес, әрине олардың ішінде терең қорда жатқандары да және қызмет етіп отырған саяси мәдениетке ықпалын тигізетін, қазіргі саяси жағдайға сай өзектендірілген және оларда белгілі бір саяси ізденіс жүзеге асатындары да бар.
Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары,саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол " еркіндік", " теңдік ", " әділдік ", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнұран, Ата Заң, ұлттық валюта және т.б. енеді.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.
Саяси мәдениеттің атқаратын қызметі.
Өмірде саяси мәдениет мынадай қызмет атқарады:
1) Танып-білу қызметі. Қоғамдық ғылымдарды меңгеру арқылы субъектілер саяси салада ойдағыдай қызмет етерлік біліммен қаруланады. Сөйтіп адамдар қоғамдық дамуды және саясаттың өзін айқындайтын заңдар мен негіздерді танып біледі. Бұл міндеттер қоғамдағы басқарудың әдіс-тәсілдері, құралдары қандай болатынын, саяси жүйенің жұмыс істеуі, мемлекет пен қоғамдық жұмыстарды басқаруға көпшілікті қалай қатыстыру керектігін қамтиды.
2) Аға ұрпақтың саяси тәжірибесін кейінгі ұрпақ қабылдап алып, оны одан әрі жалғастыру міндеттері. Олар тарихи сабақтастықты, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз етеді. Қандай партия немесе қоғамдық саяси қозғалыс болмасын өзінің іс-әрекетінді бұрыңғы ұрпақтың саяси тәжірибесін пайдаланбай тұра алмайды. Соның арқасында олар алдағы ағалардың қателіктерін қайталамай, алға қойған мақсаттарына тезірек жетуі мүмкін.
3) Саяси өмірді реттеу, тәртіпке келтіру міндеттері. Олар саяси жүйенің дұрыс жұмыс істеп, ойдағыдай дамуын, қоғамдық тәртіптің саналы түрде нығаюын, саяси тұрақтылықты, кемшіліктерге төбестікті, қоғам алдындағы жауапкершілікті, ұлттық және әлеуметтік-таптық қатынастарды реттеуді қамтамасыз етеді.
4) Саяси психологияны дамыту міндеттері. Олар адамдардыр қоғамдық саяси қызметтерге қатысуға ынталандырады, саяси белсенділікті арттырады, белгілі бір тосын саяси жағдайларда өзін-өзі қалай ұстап, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді.
5) Қарым-қатынас, байланыс жасау міндеттері. Саяси мәдениетті игеру арқылы тілек, мақсаттары бірдей адамдар топтасады, сөйтіп олар саяси қатынастардың ережелерімен қаруланады, одақтастар және қарсыластармен саяси әңгімеге келіп, тіл табыса алатындай шеберлікке дағдыланады.
6) Қазыналық міндеттер. Олар жеке адамға (топқа, ұйымға) саяси өмірдің қазына жүйесінен өз мақсат, мүдделеріне сай келетін ең құндыларын таңдап алуына мүмкіндік жасайды. Бұл міндеттер елдің жедел алға басуына және қоғамның өзін-өзі бейлеуіне бағытталған талаптарын ақтайтын саяси қазыналарды қорғап, сақтауға жәрдемдеседі.
Саяси мәдениет қоғам өмірінде мынадай қызметтер атқарады:

  • адамдардың қай әлеуметтік топқа жататынын түсінуге мүмкіндік беретін бірегейлендіру қызметі;

  • саяси құбылыстардың мән-мағынасын ұғындыратын бағдарлау қызметі;

  • саяси мінез-құлыққа дағдыландыру арқылы іске асатын бейімдеу және әлеуметтендіру қызметі;

  • әртүрлі топтардың құндылықтарды сақтауға және олардың төңірегінде бірігуіне бағытталған интегративтік қызметі;

  • саяси субъектілер мен институттардың белгілі бір таптаурындар (стереотиптер), әпсаналар мен рәміздер негізінде өзара әрекеттесуін іске асыратын коммуникативтік қызметі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет