И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Жұмысты ұйымдастыру және өзін-өзі ұйымдастыру



бет153/257
Дата07.01.2022
өлшемі2,46 Mb.
#19969
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   257
Жұмысты ұйымдастыру және өзін-өзі ұйымдастыру
Айтылғандардың барлығы арнайы, осы құбылыстың психология-лық табиғатын есепке ала отырып өз бетінше жұмысты қаншалықты мұғалімнің, соншалықты оқушының өзін-өзі ұйымдастыруының қажеттілігін атап көрсетеді. Осындай ұйымдастыру процесінде оқу пәнінің өзгешелігі назарға алынуы тиіс: математика, тарих, шет тілі және т.б. Сонымен бірге, өзіндік жұмысты ұйымдастыру бірқатар сұрақтарды көтереді, олар оқушының өзінің осы іс-әрекет формасының субъекті ретіндегі дайындығын куәландырады.

Бірінші сұрақ – мектеп оқушыларының басым көпшілігі өзіндік жұмыс атқара ала ма? Көптеген зерттеулердің материалдары көрсеткендей, бұл сұраққа жалпы теріс жауап алынған, оқушылар туралы айтпағанда, студенттердің өздері де өзіндік жұмыс атқара алмайтынын көрсетті. Мысалы, М.И. Дьяченко мен Л.А. Кандыбовичтің жалпыланған мәліметтері бойынша студенттердің 45,5% өзіндік жұмысты ұйымдастыра алмайтындарын мойындайды; 65,8% мүлдем өз уақыттарын дұрыс бөліп, пайдалана алмайды; 85% оны дұрыс бөліп, пайдалануға болатынын мүлдем ойламайды [71]. Тіпті шамалы өзіндік жұмыс алғанның өзінде студенттер оқу материалын есту арқылы және оқу мәтіндерін оқығанда және конспектілегенде баяу қабылдайтындарын айтады. Қажетті оқу ақпаратын қабылдау, мағыналау, қайта өңдеу, түсіндіру және белгілеу оларда елеулі қиындықтар тудырады. Олай болса, оқушыларда өз бетінше жұмысқа деген психологиялық дайындықтың қалыптаспағандығын, олардың ұйғарған әрекеттерді жүзеге асыра алмайтындығы жөнінде айтуға болады. Егер бұған бірқатар оқу пәндеріне деген жоғары деңгейдегі танымдық қызығушылықтың жеткіліксіздігін қоссақ, онда бірінші сұраққа теріс жауап алатынымыз айдан анық. Осы жерде екінші сұрақ туындайды: тиімді өз бетінше жұмысқа дайындық, содан кейін қабілеттілік тек үй тапсырмасын орындау тәсілін ғана емес, іс-әрекеттің жаңа формасын анықтай ала ма? Оған оң, бірақ екіжақты жауап аламыз. Себебі, біріншіден, ондай қабілеттің қалыптасуы мақсатты ұйғаруды, өзіндік сана сезімді, ойлаудың рефлексияланғандығы, өзіндік тәртіпті, өзін жалпы іс-әрекет (мысалы, мақсатты ажырату, қоя білу және жүзеге асыру іскерлігінің, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өндіру, нәтижелерді сәйкес бағалау іскерліктерінің қалыптасуы) субъекті ретінде дамытудың өзін-өзі жетілдірілу тұрғысынан жалпы тұлғалық дамуды ұйғарады. Екіншіден, бұл қабілеттілік тек жаратымды оқу мотивациясы мен оқуға қызығушылық танытқан оқушыларда ғана тиімді және өздігінен қалыптасады. Зерттеулердің нәтижелері тіпті студенттердің өздерінде (бірінші курс студенттерінің 77% және екінші курс студенттерінің 12,8%) оқуға деген көзқарас теріс екенін көрсетті [243].



Әрине, оқушыларда өзіндік жұмысқа қабілетті қалыптастыру проблемасы (әсіресе, іс-әрекет процесіне және нәтижесіне деген ішкі мотивация), оқу мотивациясын алдын ала көтеру, оқуға қызығушылықты тәрбиелеу проблемасына айналады. Зерттеушілердің атап көрсетуінше, «мақсатты қалыптастыру барысында... танымдық белсенділікпен байланысты түрткілердің барлығы неғұрлым саналанған және әрекетті бола бастайды, олардың оқу іс-әрекетіндегі алдын алушы, реттеуші рөлі күшейеді, оқушылардың мотивациялық саланы қайта құрудағы белсенділігі, оқу жұмысының өз бетінше және йілімді мақсаттарын қоюдағы белсенді тырысулары жоғарылайды, ішкі түрткілердің сыртқы түрткілерден үстемділгі байқалады» [221, 27 б.]. Сонымен бірге, зерттеушілер оқуға деген позитивті мотивациялық өзгерістер, қызығушылықтың қалыптасуы мектеп оқушысының тұтастай тұлғасының өзгеруі, жетілдірілуі нәтижесінде болатынын атап көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет