Білім беру іс-әрекеті субъекттерінің мотивациялық аясы Білім беру процесі субъекттеріне тән арнайы ерекшеліктері, сондай-ақ, екі жақтан қалыптасатын олардың мотивациялық аясы болып табылады. Педагогикалық іс-әрекет субъекті идеалды схемада ортақ мақсатқа жету үшін жұмыс істейді – «оқушылар үшін және содан соң өзім үшін». Білім беру іс-әрекетінің субъекті осы схеманың кері бағытындағыдай жұмыс істейді: «өзім – үлкен мақсатқа жету үшін», алыстағы және әрқашан эксплициялана бермейтін перспектива сияқты. Білім беру процесі үшін жалпы мұғалім жағынан «оқушы үшін» және оқушы жағынан «өзі үшін» нүктені А.Н. Леонтьев терминологиясындағы, прагматикалық, «шынайы әрекет етуші», мотив анықтайды. Ол педагог пен оқушы тарапынан көрсетілген біріккен идеалды субъект әрекеттерін сипаттайды. «Түсінікті түрткілер» білім беру процесінің негізінде жатыр, бірақ оны не оқушылар, не педагог үнемі толық мөлшерде саналы түсіне бермейді.