И. А. Зимняя педагогикалық психология екінші, толықтырылған, түзетілген және қайта өңделген басылым


Тұлғаның кәсіби–педагогикалық сапалары



бет92/257
Дата07.01.2022
өлшемі2,46 Mb.
#19969
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   257
Байланысты:
Зимная кітап Педагогикалық психология

Тұлғаның кәсіби–педагогикалық сапалары
Педагогты іс-әрекет субъектісі ретінде қарастыруда зерттеушілер кәсіби-педагогикалық сапаларды бөледі, олар қабілеттерге өте жақын және өзіндік тұлғалық болуы мүмкін. Маңызды кәсіби сапаларға А.К. Маркова: педагогикалық эрудиция, педагогикалық мақсатты ұйғару, педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау, педагоги-калық түйсік, педагогикалық суырып салушылық, педагогикалық бақылампаздық, педагогикалық оптимизм, педагогикалық тапқырлық, педагогикалық болжау және педагогикалық рефлексияны жатқызады. Осы сапалардың «қабілеттер» түсінігіне жақын болуын А.К. Маркованың өзі растап, олардың кейбіруін дәл солай анықтайды. Мысалы, «педагогикалық мақсатты ұйғару ... бұл мұғалімнің қоғамдық мақсат пен өз мақсаттарынан қосынды өндіру, және содан соң оларды оқушыларға қабылдау мен талқылауға ұсыну қабілеті» [129, 20 б.]; «педагогикалық бақылампаздық ... бұл адамды мәнерлі қимылдары арқылы кітап оқығандай оқу қабілеті» [129, 24 б.] (перцептивті қабілеттер). Осы сапалардың (қабілеттердің) көпшілігі тікелей педагогикалық іс-әрекеттің өзімен байланыстырылатыны маңызды.

А.К. Маркова сияқты, педагогтың кәсіби маңызды сапаларын қарастыра отырып (педагогикалық бағыттылық, педагогикалық мақсатты ұйғарушылық, педагогикалық ойлау, педагогикалық рефлексия, педагогикалық әдеп), Л.М. Митина [142] Н.В. Кузьмина бойынша педагогикалық қабілеттердің екі деңгейімен байланыстырады: проективті және рефлексивті-перцептивті. Л.М. Митина зерттеулерінде мұғалімнің елуден артық педагогикалық қасиеттері бөлінген (кәсіби-маңызды сапалар да, сондай-ақ өзіндік тұлғалық сипаттамалар да). Осы қасиеттердің тізімін келтірейік [142, 21 б.]: сыпайылық, ойлампаздық, талғағыштық, әсерленгіштік, тәрбиелілік, зейінділік, шыдамдылық пен өз-өзіне ие болу, мінез-құлық иілгіштігі, азаматтылық, адамшылық, іскерлік, тәртіптілік, мейірімділік, адал ниеттілік, идеялық сенімділік, бастамашылық, адалдық, ұжымшылдық, сыншылдық, логикалық, балаларға деген сүйіспеншілік, бақылампаздық, табандылық, жауапкершілік, қайырымдылық, жинақылық, үйірлік, саяси саналылық, адамгершілік, патриоттық, шыншылдық, педагогикалық эрудиция, алды артын ойлағыштық, принципшілдік, өз бетіншелік, өзіне сын көзбен қараушылық, кішіпейілділік, әділеттілік, байыптылық, батылдық, өзін өзі жетілдіруге ұмтылу, әдептілік, жаңалық сезу, өзінің абыройлық сезімі, жітілік, эмоционалдылық. Осы қасиеттердің жалпы тізімі үздік мұғалімнің психологиялық портретін құрайды. Осы портретттің өзегі, желісі өзіндік тұлғалық сапалар болып табылады: бағыттылық, талап ету деңгейі, өзін-өзі бағалау, «Мен» бейнесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет