құрылымындағы кәсіби өзіндік сана сезім Мұғалімнің тұлғалық мінездемесінде кәсіби пеадгогикалық өзіндік сана-сезім қомақты рөл атқарады, оның құрылымына А.К. Маркова бойынша, мұғалімнің педагогикалық мамандықтың нормаларын, ережелерін, модельдерін саналы түсінуі, кәсіби ұстанымның, мұғалім еңбегі тұжырымдамасының қалыптасуы; өзін кейбір кәсіби үлгілермен теңестіру, сәйкестендіру; өзін басқа, референтті адамдармен бағалау; өзін-өзі бағалау кіреді, оның ішінде бөлінетіндер: а) когнитивті аспект, өзін, өз іс-әрекетін саналы түсіну және б) эмоционалды аспект. Мұғалімнің өзін-өзі бағалау құрылымы қай кезде оңтайлы? Яғни, мұнда өзекті және рефлексивті өзін-өзі бағалау арасындағы ең аз айырмашылықтар, өткенді шолатын және өзекті, өзекті және идеалды өзін-өзі бағалаулар арасындағы ең жоғары айырмашылықтар бейнеленген кезде [129, 45 б.] және позитивті Мен-тұжырымдаманың жасалуы белгіленген кезде оңтайлы. Мұғалімнің позитивті Мен-тұжырымдамасы тек оның іс-әрекетіне ғана емес, сондай-ақ оқушылармен өзара әрекеттесудің жалпы климатына да әсер етеді.