И. А. Зимняя педагогикалық психология


Меңгеру кезеңдері, сатылары



Pdf көрінісі
бет124/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   210
Меңгеру кезеңдері, сатылары 
 
С.Л. Рубинштейн бойынша меңгеру процесінің келесі сатылары 
бӛлінеді: «...материалмен алғашқы танысу, немесе сӛздің кең 
мағынасында оны қабыдау, оны мағыналау, оны бекіту бойынша 
арнайы жұмыс, және ең соңында материалды игеру – практикада 
қолдана отырып онымен түрлі ситуацияларда операциялау мүмкіндігі 
мағынасында» [ 194, 2 т., 85 б.]. Осы сатылардың әрқайсысы келесімен 
байланысты және мҧғалім-оқушы ӛзара әрекеттесуінің сипатымен 
шартталған. Олардың әрқайсысы меңгерудің аяққы әсерін анықтайды. 
Оқу материалымен танысудың бастапқы кезеңі, немесе онымен 
«алғашқы кездесу», бҥкіл меңгеру процесіне ҥлкен мағынаға ие. Осы 
кезеңде қабылдаумен, дәлірек айтқанда, апперцепциямен шартталған 
нәрсе де маңызды. Ол «тұлғалының қабылданып отырғанға деген 
белсенді саналы қатынасын қамтиды» [194, 2 т., 86 б.] және олардың 
массасына теңестірілмейді.
Қабылдаудың 
ӛзі 
мағыналауды 
қамтиды. 
Ой 
жҧмысы 
«қабылдауды бар жағынан құлаштайды: оның алдын алады, оған 
қосылады және оның үстінен қондырылады» [194, 2 т., 87 б.].
Мағыналау – бҧл екінші кезең. Ол біріншіге ене отырып, ҥшінші кезең – 
есте сақтаудың негізі болып табылады. Оқу материалын есте сақтау 
С.Л. Рубинштейн бойынша тек ҥнемі мағыналау, жаңа мағыналық 
байланыстарға тҥсу ғана емес, сондай-ақ осы метриалды қайта 
мағыналау болып табылады. Маңыздысы ҥнемі «қайталау» емес, оқу 
материалын еркін қайта ӛндіру де жҥзеге асырылуы керек. «Айқындай, 
тұжырымдай отырып, адам ӛз ойын қалыптастырады; сонымен 
қатар, ол оны нық бекітеді [ 194, 2т., 89 б.]. С.Л. Рубинштейннің бҧл 
пікірі меңгеруді ҧйымдастыруда негізді ҧйғарушы болып табылады.
Осы жерден екі тҧжырым туындайды: оқушының ӛзінің мазмҧндамасы 
оқу іс-әрекетін ҧйымдастыруда арнайы есепке алынған болуы керек 
және ҥйренушінің меңгерілген материалды алғаш рет ӛз бетінше қайта 
ӛндіруін дайындау ерекше маңызды.


225 
Меңгерудің тӛртінші кезеңі – практикада қолдану – тек оқу 
нәтижесі ғана емес, сондай-ақ білімдерді игеру, оларды бекіту, берік 
ережелерді қалыптастыру тәсілі болады. С.Л. Рубинштейннің 
меңгерудің осы кезеңінде білімдерді игеру оқуға емес, басқа 
практикалық мақсаттарға бағытталған деген пікірі орынды.
Бҧл 
«білімдер мен іскерліктер ӛзге сапаға ие болатын ӛмірлік контекст».
Берілген меңгерудің кең тҥрдегі схемасы,
оқу материалымен 
алғашқы кездесуден бастап оны практикада тҥрлі жағдайларда 
қолдануға дейін меңгерудің жалпы стратегиясы болып табылады. Ол 
психологиялық-дидактикалық тҧрғыда неғҧрлым жетілдірілген П.Я. 
Гальперинның, Н.Ф. Талызинаның ақыл-ой әрекеттерінің қалыптасуын 
сатылап басқарудың нақты схемасымен салыстырылуы мҥмкін. Н.Ф. 
Талызина кӛрсеткендей [208, 71-72 б.], қарастырылып отырған теория
меңгеру процесінде принципиалды жаңа әрекеттердің бес кезеңін
бӛледі. Бірінші, танысу кезеңінде оқушылар әрекет мақсаты жайлы 
қажетті тҥсіндірмелерді алады. Оларға әрекетті орындауда неге 
бағдарлану керектігін, оны қалай орындау керектігін кӛрсетеді. Екінші 
кезеңде – материалдық (немес материалданған) әрекетте
2
оқушылар оны 
орындайды, бірақ әзірге сыртқы, материалдық, кең тҥрдегі
қалыбы 
бойынша. Бҧл кезең оқушыларға әрекет мазмҧнын (барлық операциялар 
қҧрамы, орындау ережесі) меңгеруге, ал ҥйретушіге – әр әрекетке енетін 
операциялардың орындалуына объективті бақылау жҥргізуге мҥмкіндік 
береді. Мҧндай жағдайда, зерттеулердің кӛрсетуінше оқушылардың 
барлығы берілген әрекеттерді игеріп алады.
Әрекет мазмҧны меңгерілгеннен кейін, оны ҥшінші кезең – 
сыртқы сӛйлеу кезеңіне ауыстыру қажет, мҧнда әрекеттің барлық 
элементтері сыртқы сӛйлеу тҥрінде берілген (ауызша немесе жазбаша). 
Әрекет ары қарай жалпылаудан, қысқартудан ӛтеді, бірақ әлі 
автоматтандырылмаған. Тӛртінші кезең – «іштей сыртқы сӛйлеу» 
кезеңі: әрекет іштей айту формасында орындалады. Ол ары қарайғы 
жалпылау мен жинақтау параметрлері бойынша ӛзгерістерден ӛтеді.
Біржолата әрекет болу бесінші – ақыл-ой кезеңінде жҥзеге асады. 
Әрекет ішкі сӛйлеу формасында орындалады, максималды тҥрде 
қысқарады, автоматтандырылады [208, 71-72 б.]. 
2
Екінші және кейінгі кезеңдердің атауы әрекет қалыптарының атауымен сәйкес келеді. Алайда, 
әрекет қалыбы тҥсінігін және оның қалыптасу кезеңдерінің мазмҧны тҥрліше: әрекет қалыптарының 
алмасуы оның тек бір параметр бойынша ӛзгеруін сипаттайды, кезеңдер болса тӛрт параметр бойынша да 
ӛзгеруді есепке ала отырып бӛлектенеді (Н.Ф. Талызина). 


226 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет