И. А. Зимняя педагогикалық психология


Ағымдық психологиялық талдау



Pdf көрінісі
бет159/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   210
Ағымдық психологиялық талдау 
Ағымдық психологиялық талдауды мҧғалім сабақтың нақты 
педагогикалық жағдайында ӛткізеді. Әрине, сабақтың тиімділігі кӛп 
жағынан оған мҧқият дайындықты, оны жобалаудың дҧрыстығымен,
дәлдігімен анықталанады. Сонда да, сабақ барысында пайда болатын 
нақты 
педагогикалық 
жағдай 
біраз 
болжанбаған, 
кҥтпеген 
жағдайлардың орын алдуын ҧйғарады. Сабақтың табыстылығы елеулі 
мӛлшерде мҧғалім реакциясының жылдамдығынан, пайда болып қалған 
жағдайды талдаудан ӛткізу, жағдайға байланысты сабақ жоспарын 
икемді ӛзгерту іскерлігімен байланысты. Тӛменде атап ӛтілген 
педагогикалық іскерліктер А.М. Позднякова, А.А. Деркач бойынша, 


280 
мҧғалімге сабақ ҥстіндегі процесті талдауға ғана емес, сондай-ақ 
қадағалауға да кӛмектесе алады. Олар:
1) сыныптың сабаққа дайындығын кӛре алу; 
2) сабақ барысында тәртіпті бақылау; 
3) балалардың психофизикалық кҥйлерін байқау; 
4) балалардың мҧғалімнің сҧрақтарына реакцияларын қабылдау; 
5) шәкірттердің жауабын зейін қойып тыңдау
6) сыныпты тҥгелдей ҥнемі кӛз алдында ҧстау; 
7) шәкірттердің ӛз жолдастарының жауабы мен оқу материалын 
бақылауларын ҧйымдастыру; 
8) ӛз тҥсіндіруіне реакцияларды қабылдау; 
9) ӛз сҧрақтарына реакцияларды қабылдау; 
10) жалпы сыныптың оқу іс-әрекетінің ерекшелігін байқау 
(жҧмыс қарқыны, қиналулар, оқу материалын меңгеру тереңдігі, типтік 
қателіктер); 
11) шәкірттердің жекеленген топтарының (мықты, орташа, әлсіз) 
оқу іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін байқау және есепке алу; 
материалды тҥсіну, білімдерді ӛз бетінше практикада қолдана алу 
ептілігі, жҧмыс қарқыны; 
12) жекеленген шәкірттердің оқу іс-әрекетінің ерекшеліктерін 
белгілеу; білім кӛлемі мен сапасы, пән бойынша ептіліктер мен 
дағдылардың болуы, орындаған жҧмыс сапасы, танымдық іс-әрекет 
ерекшеліктері, оқудағы ҥлгерім; 
13) жекеленген шәкірттерге тән қасиеттерді байқау; мінез-қҧлық, 
сӛйлеу ерекшеліктері, бейімділіктер, қабілеттер, қызығушылықтар
дамудағы алға жҥру; 
14) ӛз мінез-қҧлқы мен сӛзін бақылау; 
15) ӛз 
іс-әрекеті мен шәкірттердің іс-әрекетінің ӛзара 
байланысын байқау; 
16) сабақ барысын бақылау; 
17) бақылау кезінде зейінін бірнеше объекттерге тарату [177, 
76-77 б.]. 
Осы іскерліктер сабақты ағымдық психологиялық талдаудың 
объекттері ретінде орын алады. Мҧндай талдау – кӛптеген факторларға 
тәуелді кҥрделі іс-әрекет екендігі айқын. Талдаудың бҧл тҥрі 
психологиялық білімдерді меңгерудің жоғары деңгейін ҧйғарады, оның 
ӛзі мҧғалімге кҥрделі педагогикалық жағдайларда, уақыттың 
тапшылығы кезінде, сананың негізгі педагогикалық іс-әрекетті іске 
асыруға бағыттылығы кезінде дҧрыс шешім қабылдауға мҥмкіндік 
береді. Сабақтың ағымдық талдауын жҥргізу іскерлігі мҧғалімнің


281 
кәсіби-педагогикалық шеберлігінің кӛрсеткіші болып табылады, 
ӛкінішке орай, зерттеулердің кӛрсетуі бойынша, 100 мҧғалімнің 17 ғана 
сабаққа оның барысында талдау жҥргізе және жоспарланған мақсатқа 
сәйкес қайта қҧра алады екен [123, 83-83 б.]. Шынында да, бҧл 
педагогкалық іс-әрекеттің аса кҥрделі аспектісі, оған мҧғалімдерді 
арнайы оқыту керек. «Бейне-тҥпкі ой» мен «орындау-бейнесінің» 
сәйкестілігін немесе ҥйлесімділігін белгілеп отыруды қамтитын 
сабақтың ағымдық талдауы жаңа шешім қабылдауды, әрекеттер 
бағдарламасын тҥзетуді және оны жҥзеге асыруды ҧйғарады. Мҧндай 
талдау алдын ала ӛңделген, тікелей және жедел болуы керек, ол пәндік 
және тҧлғалық рефлексия механизміне сҥйенеді. Ол перцептивті-
рефлексивті қабілеттердің және сәйкес іскерліктердің жоғары дамыған 
деңгейін ҧйғарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет