И. А. Зимняя педагогикалық психология


§ 3. Сабақты психологиялық талдауының схемасы



Pdf көрінісі
бет161/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   210
§ 3. Сабақты психологиялық талдауының схемасы 
 
Талдау объекттері және оларды қарастыру схемасы 
 
Педагогикалық психология теориясы мен практикасында сабақты 
психологиялық талдаудың саналуан схемалары қҧрастырылған (Н.Ф. 
Добрынин, В.А. Сластенин, Н.В. Кузьмина, Л.Т. Охитина, С.В. Иванов, 
И.А. Зимняя, Е.С. Ильинская және т.б.), олар авторлар тарапынан тҥрлі 
негізде қҧрылған. Л.Т. Охитина дамыта оқытудың бастапқы 
принциптері мен қағидаларының негізінде ҧсынған сабақтың 
психологиялық талдауына қатысты тәсілді қарастырайық, бҧл тәсіл
бойынша ол сабақты психологиялық талдау объекттерінің тармақталған 
қҧрылымын анықтайды (мҧғалім, оқушы, сабақты ҧйымдастыру және 
т.б.) [159]. Мысал ретінде талдаудың екі объектін қарастырайық: 
сабақты ҧйымдастыру мен оқушылардың ҧйымшылдығы. 
Сабақты ҧйымдастыруға Л.Т. Охитина: 1) мҧғалімнің ӛзін-ӛзі 
ҧйымдастыруы: а) жҧмыстағы шығармашылық кӛңіл-кҥй, б) сыныппен 
психологиялық контакт; 2) мҧғалімнің оқушылардың танымдық іс-
әрекеттерін ҧйымдастыруы : а) бақылау мен қабылдауды ҧйымдастыру, 
б) зейінді ҧйымдастыру, в) есті жаттықтыру, г) тҥсініктерді 
қалыптастыру д) ойлауды дамыту, е) қиялдауды тәрбиелеу, ж) дағдылар 
мен іскерліктерді қалыптастыруды жатқызады.


283 
Л.Т. Охитина бойынша талдау қҧрылымының басқа объекті – 
оқушылардың ӛзінің ҧйымшылдығы, яғни 1) оқушылардың ақыл-ой 
дамуының деңгейі; 2) шәкірттердің оқып білуге деген қатынасы; 3) 
ақыл-ой еңбегінің ӛзіндік ҧйымдасуы; 4) оқытылуға кӛнімділік жатады.
Автор оқытудың тек оқушының интеллектуалдық аясына ғана емес, 
сондай-ақ оның тҧлғасының дамуына да ӛзгеріс енгізуі керек екенін 
орынды атап кӛрсетеді. Егер оқушы ӛз ниеті бойынша әрекеттенсе ғана 
оқыту дамытушы болады.
Сабаққа талдау жҥргізудің жалпы жоспарында автор тіректік бес 
тармақ бӛледі: сабақтың психологиялық мақсаты, сабақ стилі, дәлірек 
айтқанда, педагогтың іс-әрекет стилі, оқушылардың танымдық іс-
әрекетін ҧйымдастыру, шәкірттердің ҧйымшылдығы, шәкірттердің жас 
ерекшеліктерін есепке алу. Осы тармақтар бойынша мҧғалім сабаққа 
толық немесе жартылай талдау жҥргізе алады, яғни нақты 
жағдайлардағы оның неғҧрлым мәнді бӛліктерін талдау. Осы тәсілді 
сабақ стилін және оқушылардың танымдық іс-әрекетін ҧйымдастыруды 
талдау материалы негізінде толығырақ қарастырайық.
Сабақ стилі талдау объекті ретінде, Л.Т. Охитина бойынша, екі 
сҧрақтың жауабын ҧйғарады. Бірінші сҧрақ: сабақтың мазмҧны мен 
қҧрылымы қандай мӛлшерде дамыта оқыту принциптеріне жауап 
береді, дәлірек айтқанда,
«а) оқушылардың есте сақтауларына жүктеме мен олардың 
ойлауының ара қатынасы; 
б) оқушылардың қайта жаңғыртушы және шығармашылық іс-
әрекеттерінің арақатынасы; 
в) білімді дайын түрде (мұғалімнің сӛзінен, оқулықтан, оқу 
құралынан т.б.) және ӛз бетінше ізденіс процесінде меңгеру 
арақатынасы; 
г) проблемалық-эвристикалық оқытудың қай буыны мұғалім 
тарапынан орындалуда және қайсысын оқушылар орындауында жүзеге 
асырылады 
(проблеманы 
кім 
қояды, 
кім 
қалыптастырады, 
тұжырымдайды, кім орындайды); 
д) мұғалім іске асыратын, оқушылардың іс-әрекетін бақылау
талдау және бағалау мен шәкірттердің ӛзара сыни бағалауы, ӛзін-ӛзі 
бақылауы және ӛзіндік талдаумен арақатынасы; 
е) оқушыларды іс-әрекетке ниеттеу (орындалған жұмыспен 
байланысты жағымды сезімдер туғызатын комментарийлер, 
қиындықты жеңуге ынталандырушы ұстанымдар, ерік күші және 
т.б.) мен еріксіз кӛндіру арақатынасы (баға туралы еске салу, күрт 
ескертулер, ақыл айтулар т.б.)». 


284 
Стильді талдау кезінде мҧғалімнің ӛзін-ӛзі ҧйымдастыруының 
ерекшеліктері қандай деген сҧраққа жауап:
«а) мұғалімнің сабаққа дайындығы (сабақтың мазмұндық және 
құрылымдық 
компоненттерін 
игеру 
дәрежесі, 
психологиялық 
мақсатты саналы түсіну мен оны іске асыруға ішкі дайындық 
дәрежесі); 
б) мұғалімнің сабақтың басындағы және оны іске асыру 
процесіндегі жұмыстық кӛңіл-күйі (жинақылық, сабақтың тақырыбы 
мен психологиялық мақсатына сай күйге келу, жігерлілік, қойылған 
мақсатты іске асырудағы табандылық, болып жатқанның барлығына 
да оптимистік тұрғыдан келу, педагогикалық тапқырлық т.б.); 
в) мұғалімнің педагогикалық такты (педагогикалық әдеп кӛрсету 
немесе әдепсіздік жағдайы); 
г) сыныптағы психологиялық климат (мұғалім балалардың бір-
бірімен және мұғалімнің ӛзімен кӛңілді, шын жүректен қарым-қатынас 
жасау атмосферасын қалай қолдап отырады, іскерлік контакт немесе 
басқа қатынастар)»  [159, 84-85 б.].
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ҧйымдастыруды талдау 
схемасы да  бірталай қызығушылық тудырады, бҧл процесте мҧғалімге 
ойлау мен қиялдың табысты жҧмысына жағдайлар қандай мӛлшерде 
қамтамасыз етілді деген сҧраққа жауап беру ҧсынылады, дәлірек айтсақ: 
а) 
оқушылардың 
оқып 
біліп 
отырған 
материалды 
қабылдауларының 
қажетті 
таңдамалылығын, 
мағыналылығына, 
тҧтастығына қалай қол жеткізді, оларға ӛзгермейтін, тәуелсіз белгілерді 
ӛзгерілетіндерден ажыратуға қалай кӛмектесті; 
б) қандай ҧстанымдар қолданды және қандай формада (кӛз 
жеткізу, сендіру); 
в) 
оқушылардың 
зейінінің 
тҧрақтылығына 
және 
жинақталғандығына қалай қол жеткізді; 
г) бҧрын меңгерілген, жаңа материалды тҥсіну ҥшін қажетті 
білімдерді оқушылардың есінде ӛзектендіру ҥшін қандай жҧмыс 
формаларын пайдаланды (жеке дара сҧрастыру, сыныппен әңгімелесу
қайталау бойынша жаттығулар т.б.). 
Оқушылардың ойлау және қиял іс-әрекетін жаңа білімдер мен 
іскерліктерді қалыптастыру процесінде ҧйымдастыру келесі сҧрақтарға 
жауапты ҧйғарады: 
а) оқушылардың білімі қай деңгейде қалыптасты (нақты-сезімдік 
елестетулер, тҥсініктер, жалпыланған бейнелер, «жаңалық ашулар», 
формулалар шығару және т.б. деңгейлерде); 


285 
б) мҧғалім оқушылардың ойлау және қиял іс-әрекеттерін 
ҧйымдастыруда елестетулерді, тҥсініктерді, тҥсіну деңгейлерін, жаңа 
бейнелерді 
жасауды 
қалыптастырудың 
қандай 
психологиялық 
заңдылықтарына сҥйенді; 
в) мҧғалім жҧмыстың қандай тәсілдері мен формаларының 
кӛмегімен оқушылардың ойлауының белсенділігіне және ӛз бетінше 
орындауына қол жеткізді (сҧрақтар жҥйесі, проблемалық жағдайларды 
тудыру, тапсырмаларды проблемалық-эвристикалық шешудің тҥрлі 
деңгейлері, жеткіліксіз немесе артық деректері бар тапсырмаларды 
пайдалану, сабақ ҥстінде іздестіруші, зерттеуші жҧмысты ҧйымдастыру 
т.б.); 
г) мҧғалім оқушылардан тҥсінудің қандай деңгейін (сипаттаушы, 
салыстырушы, тҥсіндіруші, жалпылаушы, бағалаушы, проблемалық)
талап етті және осыған байланысты нанымдар мен идеалдардың 
қалыптасуын қалай басқарып отырды; 
д) сабақ ҥстінде шығармашылық жҧмыстың қандай тҥрлері 
пайдаланды және мҧғалім оқушылардың шығармашылық қиялдарын 
қалай басқарып отырды (жҧмыс мақсаты мен тақырыбын, оны орындау 
шарттарын тҥсіндіру, материалды сҧрыптау мен жҥйелеуге, және де 
жҧмыс нәтижесін ӛңдеу мен ресімдеуге ҥйрету) [159, 85-86 б.].
Оқушылардың ҧйымшылдығын талдау, мҧғалім олардың 
оқытылғандық деңгейі бойынша қандай топтарын бӛледі және ол 
сыныптағы жаппай жҧмысты оқу дәрістерінің топтық және даралық 
формаларымен қалай ҥйлестіреді деген сҧрақтарға жауап береді. 
Мҧғалім сабаққа және оны ӛткізуге дайындықтың барлық буындарын 
есепке алу керек, шәкірттердің жастық және даралық-психологиялық 
ерекшеліктерін тек сабақтың мақсаты мен стилін анықтауда ғана емес, 
сондай-ақ оқушылардың танымдық іс-әрекетін ҧйымдастыруда, оқыту 
процесінде оларға сараланып жіктелінген тҧрғыдан шәкірттердің 
тҧлғалық, 
іс-әрекеттік, 
интеллектуалдық 
ерекшеліктерін 
қалыптастыруды да есепке алу қажет.
Сабақты психологиялық талдаудың барлық негізгі объекттерін 
жан-жақты қамту оның әр нақты жағдайында қиын шығар, бірақ, оқу 
пәнінің ерекшелігін есепке ала отырып, оларды тҧтас жҥйе ретінде 
кӛрсету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет