И. А. Зимняя педагогикалық психология



Pdf көрінісі
бет165/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   210
Ӛзара әрекет сипаттамасы 
 
Белсенділік тірі материяның кез-келген ӛзара әрекет процесінің 
ӛзара әрекеттесуші жақтарының негізгі сипаттамасы. Оның ҧйымдасуы
неғҧрлым кҥрделі болса, соғҧрлым осы белсенділік формасы кӛптҥрлі. 
Жер жағдайында тірі материя дамуының жоғарғы формасы болып 
табылатын адамда белсенділік оның ҧйымдасуының барлық 
деңгейлерінде кӛрінеді. Бҧл, біріншіден, интеллектуалдық белсенділік 
(болжам ҧсыну, стратегия қалыптастыру, тура және кері байланыс 
арналарының барлығынан келіп тҥскен ақпараттарды қабылдау, ӛңдеу 


292 
және бағалау т.б., мҧның ӛзі қарым-қатынаста ерекше кӛрсетілген). 
Екіншіден, оған әсер етуші объект (процесс, қҧбылыс) моделін 
қҧрастырудағы қабылдау процесінде кӛрінетін адамның моторлық-
эффекторлық белсенділігі. Ҧқсасу теориясы бойынша (А.Н. Леонтьев), 
тіпті жекеленген мҥше деңгейінің ӛзінде (соның ішінде неғҧрлым аз 
праксикалық мҥше – есту) белсенділік әсер етуші әсерге ҧқсастыратын 
бейне жасау тҥрінде іске асатыны кӛрсетілген (О.В. Овчинникова, Ю.Б. 
Гиппенрейтер). Объектті қабылдауда ҧстанушы модельді жасау (В.П. 
Зинченко) реактивті позицияда орналасқан ӛзара әрекеттесуші 
жақтардың белсенділік формасы болып келеді. Ҥшіншіден, бҧл жалпы 
мінез-қҧлықтық белсенділік, яғни оның мінез-қҧлықтық және іс-
әрекеттік формаларының барлық саналуандығынан (вербалды, 
вербалды емес) кӛрінетін белсенділік. Белсенділік ӛзара әрекеттесудің 
екі жағында сипаттауына орай олардың екеуі де субъекттілік сапаға ие.
Ӛзара әрекеттесу объектілер арасында, себеп-салдарлы, каузалды 
байланыстармен қоса, саналуан байланыстар орнатудың негізі және 
шарты болып табылады. Ол, бҧрын белгілі болғандай, қашанда оның 
элементтерінің, компоненттерінің байланысын (ӛзара әрекеттесу 
формасында) ҧйғаратын кез-келген жҥйенің негізі болып табылады. 
Осыған сәйкес, жҥйелілік объктілердің барлық байланыстары мен 
қатынастарының ӛзара әрекеттесуінің кӛрінісі ретінде де оның
сипаттамасы бола алады.
Адамдардың ӛзара әрекеттесуі барысында олардың саналы 
аңғарушылығы мен мақсатты ҧйғарушылығы сияқты маңызды 
сипаттамалары айқындалады. Олар осы ӛзара әрекеттің еңбектестік 
және қарым-қатынас (ойында, оқуда, еңбекте және еңбектің ең жоғарғы 
формасы ретінде шығармашылықта) сияқты формаларын да анықтайды. 
Осы екі форманың екеуі де білім беру процесінде кӛрініс таба отырып, 
бір-бірімен байланысты. Еңбектестік формасындағы ӛзара әрекет 
(тайталас, қарсылық, қақтығыс та ӛзара әрекет формалары) қарым-
қатынасты да оның идеалды формасы ретінде ҧйғарады. Біріншісі 
екіншісінсіз бола алмайды, ал екіншісі біріншісіз бола алады, мҧның ӛзі 
олардың автономдылығының салыстырмалы, шартты екенін кӛрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет