И. А. Зимняя педагогикалық психология


Қарым-қатынас функциялары



Pdf көрінісі
бет178/210
Дата06.08.2022
өлшемі2,21 Mb.
#38066
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   210
Қарым-қатынас функциялары
 
Қарым-қатынас мәнін анықтау ҥшін, соңғы он жылдарда 
дамытылған, оның функционалдық және деңгейлік ҧйымдасуы жайлы 
ҧсынулар маңызды болып шықты (Б.Д. Парыгин, Г.М. Андреева, А.А. 
Бодалев, А.А. Брудный, А.А. Леонтьев, Б.Ф. Ломов, Л.А. Карпенко, В.Н. 
Панферов, Е.Ф. Тарасов, Я. Яноушек және т.б.). мысалға, қарым-
қатынасты «мазмұны бірлескен іс-әрекет үшін қолайлы түрлі 
қатынастар кӛмегімен ақпарат алмасу мен ӛзара түсіну болып 
келетін адамдардың ӛзара әрекеттесуі» ретінде анықтай отырып [160, 
162б.], В.Н. Панферов қарым-қатынастың тӛрт сәтін бӛлген: байланыс, 
ӛзара әрекет, таным, ӛзара қатынас және осыған сәйкес қарым-
қатынасты зерттеуде тӛрт келісті ҧйғарады: коммуникативтік
ақпараттық, гностикалық (танымдық) және реттеуші. Б.Ф. Ломов 
қарым-қатынастың ҥш жағын (функцияларын) сипаттайды: ақпараттық-
коммуникативтік, 
реттеуші-коммуникативтік 
және 
аффективтік-
коммуникативтік және де ӛзіндік коммуникативтік компоненттің 
хабарды алу мен беру ретінде, мінез-қҧлықты реттеу мен қабылдаудың, 
бастан кешірулердің болуы ретінде, яғни аффективті компонент ретінде 
міндеттілігін атап кӛрсетеді. 
Қазіргі кезде кең таралған келіс бойынша қарым-қатынаста оның 
коммуникативтік, 
интерактивтік 
және 
перцептивті 
жақтары 
қарастырылады [10, 97-98 б.]. Маңыздысы, осы қарым-қатынас 
жақтарының бәрі бір мезгілде кӛрінеді. Коммуникативті жағы ақпарат 
алмасуда, интерактивті – қарым-қатынас серіктерінің, олардың қарым-


313 
қатынасының таңбалық жҥйелерін (вербалды, вербалды емес) кодтау 
мен декодтауларының бір жақтылы жағдайында ӛзара әрекеттерін 
реттеуде, 
перцептивті 
болса, 
– 
әңгімелесушіні 
салыстыру, 
сәйкестендіру, апперцепция, рефлексия сияқты механизмдердің 
кӛмегімен 
«оқу» 
кезінде 
жҥзеге 
асырылады. 
Мҧғалімнің 
коммуникативтік әсерінен ҥйренушілер тобының қалыптасушылық 
дәрежесіне байланысты осы процестің қандай да жағы кӛбірек 
айқындалуы мҥмкін.
Қарым-қатынас субъекттері ӛзіндік функционалды жҥктемені 
алып жҥреді және бҧрыннан бері қарым-қатынастың тҥрлі 
функцияларын жҥзеге асырушылар ретінде қарастырылады. Мысалға, 
А.А. Брудный бойынша, коммуникацияда (қарым-қатынаста) ҥш 
бастапқы 
функциялар: 
активациялық 
– 
әрекетке 
тҥрткілеу; 
интердиктивті 
– 
тиым 
салу, 
тежеу 
(«болады-болмайды»); 
дестабилизациялаушы – қоқан-лоққы, қорлау және т.б., және де қарым 
қатынастың тӛрт негізгі функциялары бӛлінуі мҥмкін: инструменталды 
– іс-әрекеттің қарым-қатынас жолымен ҥйлестіру; синдикативті – 
қауымдастықты, топты жасау; трансляциялық. Соңғысы педагогикалық 
қарым-қатынас ҥшін ерекші қызықты, себебі «бұл функция оқыту 
негізінде жатыр: қарым-қатынас арқылы тұлға оқытылуы жүзеге 
асады, мемлекет тарапынан институционалдық, санкцияланған және 
ұйымдастырылған да, қайталана беретін адамдармен контакт 
процесінде болатын, берілген кісіге ӛз білімдері мен дағдыларын беруге 
қабілетті, ӛзіндік даралық, формалды емес те» [33, 34 б.]. 
Қарым-қатынас 
функциясының 
неғҧрлым 
жете 
талдауы 
контакттілік, ақпараттық, тҥрткі болушы, ҥйлестіруші, тҥсіну 
функциясын қатынастар орнатудың эмотивті функцияларын және әсер 
ету функцияларын саралап жіктеуге мҥмкіндік береді (Л.А. Карпенко). 
Тілдік қарым-қатынасты талдай отырып, Р. Якобсон 40-шы жылдардың 
басында Н.С. Трубецкий атаған (эксплекативті, апеллятивті, 
экспрессивті) тілдің негізгі тӛрт функцияларын мәнді толықтыра 
отырып, сӛздің алты негізгі функцияларын бӛледі. Р. Якобсон [250] 
бойынша, сӛздің негізгі функциялары:
1. Эмотивті 
(экспрессивті, 
аффективті) 
– 
сӛйлеушінің 
хабарлаушыға қатынасы («Қандай ӛкінішті, қандай келеңсіз!», «Тағы 
жауын жауды»). 
2. Конативті – адресатты әрекетке итермелеу, ӛтініш, бҧйрық. 
3. Референциондық (когнитивті, денотативті) – ойды білдіру. 
4. Поэтикалық – шынайы мен қияли демаркациясы. 


314 
5. Фатикалық – контактіні қолдау (мысалы, «Алло», «Сәлем», 
«Қалың қалай?»). 
6. Метатілдік – ӛз айтуларын нақтылау, реттеу. 
Тілдік функцияларды М. Холлидей біршама басқаша анықтады 
[249]. Ӛз баласының тілінің дамуын бақылай отырып, ол сӛздік тілдік 
мінез-қҧлықтың 
жеті 
функциясын 
бӛледі: 
инструменталды 
(материалдық 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыру); 
реттеуші 
(айналадағылардың мінез-қҧлқын қадағалау); ӛзара әрекет (контактіні 
қолдау); жеке ӛзіндік (ӛзін-ӛзі анықтау); эвристикалық, ізденушілік 
(неге?); қиялдаушы (ішкі дҥние); ақпараттық (жаңа ақпаратты беру). 
Тілдік функциялардың атауы мен мазмҧнының кӛпжақтылығы айқын. 
Олардың барлығы да, коммуникативтік ӛзара әрекеттесудің тҥрлі 
жақтарын 
бейнелей 
отырып, 
педагогикалық 
қарым-қатынасқа 
тҥсініктеме беруде кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет