308
лебіздер түрін ұстануға жол береді» [228, 53б.]. Біздің заманымызда
бҧл қарым-қатынастың негізгі ережелерінің бірі – сӛйлеудің формасы
мен мазмҧнының нақты аудитория ерекшелігіне тәуелділік ережесі.
Шешеннің ҥш міндетті – «не, қайда, және қалай сӛйлеуді» сақтауының
негізінде, Цицерон шешендер тҥрлерін анықтаған, кімнің сӛзі «орынды
болса», сол шырқау шегіне жеткен шешен болған.
Сонымен бірге, қарым-қатынас – бҧл ХХ жҥз жылдықтың
проблемасы. Ӛйткені, егер Кӛне Греция мен Кӛне Римде шешендік ӛнер
риторика, эвристика және диалектика шеңберінде зерттелінсе, ал біздің
уақытымызда тілдік қарым-қатынас, соның ішінде педагогикалық
қарым-қатынас, бірқатар басқа ғылымдар кӛзқарасы тҧрғысынан
зерттеледі: философия, әлеуметтану, социолингвистика, психолингвис-
тика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика және
педагогикалық психология, олардың әрқайсысы осы жалпы кешендік
проблеманың қандай да бір қырын қарастырады.
Тілдік қарым-қатынас бҥкіл дҥние жҥзінде кеңінен зерттелінеді.
АҚШ-тың ӛзінде ғана осы проблемамен ондаған мың ғылыми
қызметкерлер айналысатынын айту жеткілікті. Қарым-қатынасты
зерттейтін арнайы орталықтар қҧрылған (мысалы, Карнеги орталығы).
Соның ӛзінде, осы уақытқа дейін «қарым-қатынас» тҥсінігінің ӛзін,
оның салаларын, механизмдерін тҥсіндіруде бірлік жоқ. Әрине,
зерттеушілердің тҥрліше, тҥрлі кӛзқарас бойынша осы процеске
тҥсініктеме беруі, оның тҥрлі моделін жасаулары, оны зерттеуде
коммуникативтік-ақпараттық, интерактивтік, іс-әрекеттік және т.б. тҥрлі
келістерді ҧсынулары орынды.
Достарыңызбен бөлісу: