146
§ 5. Педагогикалық іс-әрекет субъекті
құрылымындағы тұлғалық сапалар
Педагог тұлғасы сапаларының жалпы анықтамасы
ХІХ ғасырдың соңында отандық педагогикалық психологияда
П.Ф. Каптерев кӛрсеткендей, педагогикалық іс-әрекеттің табыстылы
болуының маңызды факторларының бірі мҧғалімнің «тҧлғалық
сапалары» болып табылды. Мақсатқа ҧмтылу, табандылық, еңбек
сҥйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың
міндетті болуы аталынып ӛтіледі. Тапқырлықтың болуы, сонымен қатар
шешендік қабілеттер, артистік мінез ерекше атап кӛрсетіледі. Әсіресе,
эмпатияға әзір болу маңызды, яғни оқушылардың психикалық кҥйлерін
тҥсінуге, кӛңіл-кҥйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік ӛзара
әрекеттесуге
қажеттілік
маңызды.
Зерттеушілер
тарапынан
педагогикалық әдепке ҥлкен мән беріледі, оның кӛрінісінен мҧғалімнің
жалпы мәдениеті және оның педагогикалық іс-әрекетінің жоғары
кәсіпқойлығы байқалады.
Тұлғаның кәсіби–педагогикалық сапалары
Педагогты іс-әрекет субъектісі ретінде қарастыруда зерттеушілер
кәсіби-педагогикалық сапаларды бӛледі, олар қабілеттерге ӛте жақын
және ӛзіндік тҧлғалық болуы мҥмкін. Маңызды кәсіби сапаларға А.К.
Маркова: педагогикалық эрудиция, педагогикалық мақсатты ҧйғару,
педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау, педагоги-
калық тҥйсік, педагогикалық суырып салушылық, педагогикалық
бақылампаздық, педагогикалық оптимизм, педагогикалық тапқырлық,
педагогикалық болжау және педагогикалық рефлексияны жатқызады.
Осы сапалардың «қабілеттер» тҥсінігіне жақын болуын А.К.
Маркованың ӛзі растап, олардың кейбіруін дәл солай анықтайды.
Мысалы,
«педагогикалық мақсатты ұйғару ... бұл мұғалімнің қоғамдық
мақсат пен ӛз мақсаттарынан қосынды ӛндіру, және содан соң
оларды оқушыларға қабылдау мен талқылауға ұсыну қабілеті» [129, 20
б.];
«педагогикалық бақылампаздық ... бұл адамды мәнерлі қимылдары
арқылы кітап оқығандай оқу қабілеті» [129, 24 б.] (перцептивті
қабілеттер). Осы сапалардың (қабілеттердің) кӛпшілігі тікелей
педагогикалық іс-әрекеттің ӛзімен байланыстырылатыны маңызды.
А.К. Маркова сияқты, педагогтың кәсіби маңызды сапаларын
қарастыра отырып (педагогикалық бағыттылық, педагогикалық
147
мақсатты
ҧйғарушылық,
педагогикалық
ойлау,
педагогикалық
рефлексия, педагогикалық әдеп), Л.М. Митина [142] Н.В. Кузьмина
бойынша педагогикалық қабілеттердің екі деңгейімен байланыстырады:
проективті
және рефлексивті-перцептивті. Л.М. Митина зерттеулерінде
мҧғалімнің елуден артық педагогикалық қасиеттері бӛлінген (кәсіби-
маңызды сапалар да, сондай-ақ ӛзіндік тҧлғалық сипаттамалар да). Осы
қасиеттердің тізімін келтірейік [142, 21 б.]: сыпайылық, ойлампаздық,
талғағыштық, әсерленгіштік, тәрбиелілік, зейінділік, шыдамдылық пен
ӛз-ӛзіне ие болу, мінез-қҧлық иілгіштігі, азаматтылық, адамшылық,
іскерлік, тәртіптілік, мейірімділік, адал ниеттілік, идеялық сенімділік,
бастамашылық, адалдық, ҧжымшылдық, сыншылдық, логикалық,
балаларға
деген
сҥйіспеншілік,
бақылампаздық,
табандылық,
жауапкершілік, қайырымдылық, жинақылық, ҥйірлік, саяси саналылық,
адамгершілік, патриоттық, шыншылдық, педагогикалық эрудиция, алды
артын ойлағыштық, принципшілдік, ӛз бетіншелік, ӛзіне сын кӛзбен
қараушылық, кішіпейілділік, әділеттілік, байыптылық, батылдық, ӛзін
ӛзі жетілдіруге ҧмтылу, әдептілік, жаңалық сезу, ӛзінің абыройлық
сезімі, жітілік, эмоционалдылық. Осы қасиеттердің жалпы тізімі ҥздік
мҧғалімнің психологиялық портретін қҧрайды. Осы портретттің ӛзегі,
желісі ӛзіндік тҧлғалық сапалар болып табылады: бағыттылық, талап
ету деңгейі, ӛзін-ӛзі бағалау, «Мен» бейнесі.
Достарыңызбен бөлісу: