141
проблеманы айқын және тҥсінікті тҥрде келтіру, пәнге қызығушылық
тудыру, шәкірттерде белсенді ӛз бетінше ойды қоздыру. Дидактикалық
қабілеті бар мҧғалім қажет жағдайда оқу материалын бейімдеп, қиынды
жеңіл, кҥрделіні – қарапайым, ҧғынықсыз, тҥсініксізді – тҥсінікті қыла
алады. Кәсіби шеберлік, бҥгін біз тҥсініп
отырғандай, тек білімдерді
бала санасына жеткізе біле беру, материалды белгілі және тҥсінікті
мазмҧндау қабілетін
ғана емес, сондай-ақ шәкірттердің ӛзіндік
жҧмысын, ӛз бетімен білім алуын ҧйымдастыру қабілетін, шәкірттердің
танымдық белсенділігін ақылмен және нәзік «дирижерлеп», оларды
керек жаққа бағыттап отыру қабілетін қамтиды.
2. Академиялық қабілеттер – ғылымның сәйкес аймағына деген
қабілеттер (математикаға, физикаға, биологияға, әдебиетке және т.б.).
қабілетті мҧғалім пәнді тек ғана оқу курсының кӛлемінде ғана емес,
елеулі терең және кең тҥрде біледі, ол ҥнемі ӛз ғылымында
жаңалықтарды бақылап жҥреді, материалды абсолютты еркін игереді,
оған ҥлкен қызығушылық кӛрсетеді, кем дегенде қарапайым зерттеу
жҧмысын жҥргізеді.
3. Перцептивті қабілеттер – оқушының, тәрбиеленушінің ішкі
дҥниесіне ене білу қабілеті, оқушы тҧлғасын және оның уақытша
психикалық кҥйлерін тҥсінумен байланысты
психологиялық бақылам-
паздық. Қабілетті мҧғалім, тәрбиеші елеусіз белгілер арқылы, болар
болмас сыртқы кӛрінулер бойынша оқушының ішкі дҥниесінде болып
жатқан ӛзгерістерді байқап қалады.
4. Тілдік қабілеттер – ӛз ойлары мен сезімдерін тілдің, мимика
және пантомимика кӛмегімен айқын және нақты білдіре алу қабілеті.
Қабілетті мҧғалімнің тілі сабақ кезінде қашанда шәкірттерге
бағытталған. Мҧғалім жаңа материалды хабарласын, оқушы жҧмысына
тҥсініктеме берсін, мақҧлдау немесе сӛгіс айтсын, қашанда оның сӛзі
ішкі кҥшпен, сенімділікпен, ӛзі айтып тҧрған нәрсеге қызығушылықпен
ерекшеленеді. Ойын оқушылр ҥшін тҥсінікті, айқын, қарапайым тҥрде
білдіру.
5. Ҧйымдастырушылық қабілеттер – бҧл, біріншіден, оқушылар
ҧжымын ҧйымдастыру қабілеті, оны жаңа міндеттерді орындауда
топтастыру және дем беру, екіншіден, ӛз жҧмысын дҧрыс ҧйымдастыру
қабілеті, ӛз жҧмысын ҧйымдастыру дҧрыс жоспарлау және ӛзін бақылау
іскерлігін ҧйғарады. Тәжірибелі мҧғалімдерде ӛзіндік бір уақытты
сезіну қалыптасады – жҧмысты уақытқа дҧрыс бӛлу, белгіленген
мерзімде ҥлгеру ептілігі.
6. Авторитарлық қабілеті – шәкірттерге тікелей эмоционалды-
еркін әсер ету қабілеті және осы негізде олардың алдында беделді бола
142
білу қабілеті (бірақ, әрине, беделдік тек осы негізде ғана жасалмайды,
мысалға, білімді ӛте тамаша білу, мҧғалім
сезімталдығы мен әдебінің
негізінде де және т.б.). Авторитарлық қабілеттер мҧғалімнің тҧлғалық
сапаларының бірқатар жиынына байланысты, соның ішінде оның ерік
сапалары (шешімділік, тӛзімділік, табандылық, талап қоюшылық және
т.б.), және де оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге жауапкершілік
сезіміне, мҧғалімнің ӛзінің дҧрыстығына сенімділігіне, осы сенімділікті
ӛз шәкірттеріне бере алу іскерлігіне байланысты.
7. Коммуникативтік қабілеттер – балалармен қарым-қатынас
жасау қабілеті, олармен қарым-қатынас жасауда дҧрыс тәсіл таба алу,
олармен, педагогикалық кӛзқарас тҧрғысынан, орынды ӛзара
әрекеттесуді орнату іскерлігі, педагогикалық әдептің болуы.
8. Педагогикалық қиял (немесе, болжам жасау қабілеттер) – бҧл,
ӛз әрекеттерінің салдарын алдын ала кӛруден, оқушыдан болашақта кім
шығатынын
елестете отырып, оның тҧлғасын тәрбиелеуді жобалаудан,
тәрбиеленушілердің қандай да бір сапаларының дамуын болжай алу
іскерлігінен кӛрінетін арнайы қабілеттер.
9. Зейінді бір мезгілде бірнеше іс-әрекеттерге тарату қабілеті
мҧғалім жҧмысы ҥшін ерекше мәнге ие. Қабілетті, тәжірибелі мҧғалім
материалды мазмҧндаудың мазмҧны мен формасын, ӛз ойының (немесе
оқушы ойының) ӛрісін мҧқият бақылайды, сонымен бірге оқушылардың
барлығын кӛз алдында ҧстайды, шаршау, назар аудармау, тҥсінбеу
белгілерін, тәртіп бҧзуды байқап отырады, және де ӛз мінез-қҧлқын
қадағалап отырады (тҧрысы, мимикасы және пантомимикасы, жҥрісі).
Келтірілген педагогкиалық қабілетттер анықтамасынан кӛрініп
отырғандай, олар ӛз мазмҧнында, біріншіден, кӛптеген тҧлғалық
сапаларды қамтиды,
және екіншіден, белгілі бір әрекеттерде,
іскерліктерде ашылады. Бҧл жерде, бірнеше қабілеттер мазмҧнына
енетін іскерліктер бар, мысалы, дидактикалық қабілеттерге жататын
шәкірттердің ӛз бетінше жҧмысын ҧйымдастыру іскерлігі, іс-жҥзінде
басқалардың жҧмысын ҧйымдастыру іскерлігі болып табылады. Ол
ҧйымдастырушылық қабілетіне кіреді. Перцептивті қабілеттерді
ашатын іскерліктер, зейінді тарату қабілетіне енетін іскерліктерге ӛте
таяу, және т.б. бҧл, мҧғалімнің белгілі бір әрекеттері (іскерліктері)
негізінде, тіпті қандайда бір педагогикалық функция жҥзеге асатын
олардың
жиынтығында, бірнеше қабілеттер жатуы мҥмкін екендігін
кӛрстетеді.
Достарыңызбен бөлісу: