17
Алайда, ол бір пайда болғаннан кейін адамзат ой-санасының тоқталмас
қозғалыстарына байланысты жалғасып отырады.
Алғаш рет Ян Амос Коменскийдің 1657 ж. «Ҧлы дидактика»
еңбегінде жазылған педагогикалық ойлар, педагогикалық теорияның
және мектептегі оқытуды мақсатты ҧйымдастырудың дамуына жол
бастады. Бҧл еңбекті педагогикалық психологияның 250 жыл бойы ҧзақ
қарама-қайшылықты дамуының алғашқы алғышарты ретінде де
қарастыруға болады, ӛйткені тек ХІХ ғасырдың аяқ кезінен бастап ғана
ол дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады. Педагогикалық ғылымның
бҥкіл қалыптасу және даму жолын ҥлкен ҥш кезеңдермен кӛрсетуге
болады.
Педагогикалық психологияның даму кезеңдері
Бірінші кезең – XVII ғасырдың ортасынан ХІХ ғасырдың аяғына
дейін
–
Песталоццидің
айтуы
бойынша
«педагогиканы
психологияландыруды сезіну қажеттілігіне» қарай жалпы дидактикалық
деп атауға болады. Бҧл кезең ең алдымен, Ян Амос Коменскийдің (1592-
1670), Жан-Жак Руссо (1712-1778), Иоганн Песталоцци (1746-1827),
Иоганн Гербарт (1776-1841), Адольф Дистервег (1790-1866), К.Д.
Ушинский (1824-1870), П.Ф. Каптерев (1849-1922) ӛзінің есімдерімен
кӛрсетілуі мҥмкін. Бҧл ойшыл – педагогтардың педагогикалық
психологияның дамуына қосқан ҥлестері ӛздері қарастырған
мәселелермен анықталады: даму, оқу және тәрбие байланысы;
оқушының шығармашылық белсенділігі, баланың қабілеттілігі және
оны дамыту, мҧғалімнің рӛлі, оқытуды ҧйымдастыру және кӛптеген
басқа мәселелер. Алайда, бҧл - аталған процестің мәнін ғылыми
тҧрғыдан тҥсінудің тек алғашқы әрекеттері еді. Осы мәселелердің
шынайы психологиялық жақтарын толығымен ашылмағандығы жӛнінде
П.Ф. Каптерев «Дидактикалық очерктер. Білім беру теориясы» (1-ші
басылым. 1885 ж.) атты кітабында осы кезеңдегі педагогикалық
теорияның дамуына терең және жҥйелі талдау жҥргізу негізінде
дәлелдер келтіреді. П.Ф. Каптерев,
«…Коменскийдің дидиктикасына
тым маңызды кемшіліктер тән: бұл сыртқы механикалық құрал
ретінде ұсынылған әдіс дидактакасы; бұл дидактикада оқушылардың
Достарыңызбен бөлісу: