И. А. Зимняя педагогикалық психология


§ 2. Ӛзіндік жұмыс оқу іс-әрекеті ретінде



Pdf көрінісі
бет134/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

§ 2. Ӛзіндік жұмыс оқу іс-әрекеті ретінде 
 
Ӛзіндік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар 
 
Енді ӛзіндік жҧмыстың ӛзгешелігін (бҧл сӛздің нақты, іс-әрекеттік 
мағынасында) 
сыныптан 
тыс 
жҧмыспен 
салыстыра 
отырып 
қарастырайық (мектептен тыс, сабақтан тыс жҧмыс). Оның 
анықтамасын оқытудығы сабақтан тыс жҧмысты ҧйымдастырудың 
негізгі талаптарымен салыстырайық. Бірінші талап оқушының сабақ 
ҥстінде алған білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын тереңдетіп, 
кеңейтіп және жетілдіруі тиіс екені белгілі, бірақ жаңа білімдерді, 
іскерліктерді және дағдыларды жеткізудің негізгі мақсаты емес. Екінші 
талап жҧмыс материалының ӛзінің формаларының, процестерінің және 
материалының әуестігі болып табылады. Тағы да оқушылардың осы 
процесте 
ӛз 
еркімен 
және 
белсенді 
араласуы, 
бҧқаралық 
ҧйымдастырудың формасы ретінде маңызды талаптар болып табылады.
Егерде ӛзіндік жҧмысты оқушының оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы 
ӛзгешелік тҥрі ретінде анықтаса, онда осы талаптардың әр қайсысымен 
салыстыра отырып оның маңызды ерекшеліктерін айқындауға болады. 
Мысалы, нағыз ӛзіндік жҧмыс ӛз бетінше оқу іс-әрекеті сияқты 
«ақпараттық вакуум» негізінде пайда болуы мҥмкін. Ол оқушыда бір 
жаңа, белгісіз, ӛзі ҥшін маңызды, керек нәрсені білуге, игеруге деген 
қажеттілік қалыптасқан кезде пайда болады, ал оқу ҥрдісінде осындай 
қажеттілікті қанағаттандыру тәсілі жоқ. Бҧл, ӛз кезегінде мҧғалімнің 
жҧмысының оларда осындай қажеттілікті пайда болуна алғышарт 
қалыптастыруға бағытталуын болжайды (мысалы, шет тілінің мҧғалімі 
былай деп хабарлайды: кімде кім бағдарламадан тыс қазіргі кҥнгі 
«жастар» ағылшын тілін ҥйренемін десе, менің кеңесімді және қолда 
бар әдебиеттерді пайдалана алады).
Басқаша айтқанда, осылайша тҥсінілген ӛзіндік жҧмыс бейнесінің
«сыныптан тыс», «ҥй» жҧмысынан ажырататын ерекшелігі оның 
негізінде әрқашан да оқушы ҥшін жаңа материал, жаңа танымдық 
міндеттер жатады. Жоғарыда аталған сыныптан тыс жҧмысқа 
қойылатын талаптардың екіншісі сондай-ақ, ӛзіндік жҧмыстың іс-


238 
әрекеттің ӛзгеше тҥрі ретіндегі ерекшелігімен сәйкес келеді. Бҧл жерде 
тек ҧйымдастыру формасы ғана емес, жаңа материалды игерудің ӛзі, 
яғни, еңбек қауыртты, мақсатты бағытталған, оқушыны баурап алатын 
тартымды болуы керек. Мысал ретінде шахмат ойнауды жаңадан 
бастаған шахматшының ӛз бетінше шахмат партиясын талдауы бола 
алады. Әрине, мҧндай ӛзіндік жҧмыспен бәрі айналысады деп 
ҥміттенуге болмайды, бірақ онымен әуестенген оқушылар ҥшін жағдай 
мен алғышарт тудыру сӛздің тура мағынасында дамыта оқудың кӛрінісі 
болып табылады.
Оқушылардың ӛз еркімен, белсенді қатысуын талап ету тура пән 
аралық байланысты енгізудің орындылығы сияқты оқу іс-әрекетінің тҥрі 
ретінде ӛзіндік жҧмысқа да қатысты. Сыныптан тыс жҧмысқа 
қойылатын бҧқаралық талабы, яғни оқушылардың мысалы ҥйірмелерге, 
театр-студияларға қатысу сипаты ӛзіндік жҧмыс ҥшін ӛзгеретіні 
кӛрсеткішті. Ол басым жағдайда оқушының даралық жҧмысын 
ҧсынуымен алмастырылады. Бірнеше балалардың ӛзара ауызбірлігі 
бойынша, іштей келісім, тілегі бойынша мҧндай жҧмыс ҧжымдық та 
бола алады, мҧның ӛзі оның пәндік, тҧлғалық жақтарынан нәтижелігін 
арттырады. Осылайша тҥсінілген ӛзіндік жҧмыс – бҧл оқушының 
сыныпта және сыныптан тыс сабаққа дайындалу кезіндегі алған 
білімдерін толықтыратын, содан кейін кеңітетін және тереңдететін 
даралық жоспар бойынша жҧмыс формасы деп ҧйғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет