И. А. Зимняя педагогикалық психология


Педагогикалық іс-әрекеттің сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет142/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Педагогикалық іс-әрекеттің сипаттамалары 
Педагогикалық іс-әрекет адамзат іс-әрекетінің кез-келген тҥріне 
тән сипаттамаларға ие. Бҧл ең алдымен, мақсаттылық, тҥрткілік, 
пәнділік. Педагогикалық іс-әрекеттің ӛзгеше сипаттамасы, Н.В. 
Кузьмина бойынша, оның ӛнімділігі болып табылады. Педагогикалық 
іс-әрекеттің ӛнімділігінің бес дәрежесін ажыратады:
«І – (минималды) репродуктивті; педагог ӛзі білгенін ӛзгелерге 
айтып бере алады; продуктивті емес
ІІ – (тӛмен)бейімделуші; педагог ӛз хабарламасын аудитория 
ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті
ІІІ – (орташа) локалды модельдеуші; педагог оқушыларды 
курстың әр бӛлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге 
үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, 
іздестіру нәтижесі бойынша ӛзіне жауап беру және оқушыларды оқу-
танымдық іс-әрекетке біртіндепен енгізу; орташа продуктивтілік
IV – (жоғары) оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; 
педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар, іскерліктер 
ізденістегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген;
продуктивті


249 
V – (ең жоғарғы) оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-
әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог ӛз пәнін оқушы тұлғасын 
қалыптастыру, оның ӛзін- ӛзі тәрбиелеуге, ӛзін-ӛзі оқытуға, ӛзін-ӛзі 
дамытуға қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру 
стратегиясын меңгерген; жоғарғы продуктивтілік [100, 13 б.] (ӛзімнің 
бӛліп кӛрсеткенім. – И.З.).
Педагогикалық іс-әрекетті қарастырғанда біз оның жоғарғы 
продуктивті сипаты жӛнінде айтамыз.
Педагогикалық іс-әрекеттің пәндік мазмұны
 
Педагогикалық іс-әрекет, іс-әрекеттің басқа тҥрлері сияқты, 
психологиялық (пәндік) мазмҧнмен анықталады, оған мотивация, 
мақсат, пән, қҧралдар, тәсілдер, ӛнім мен нәтиже жатады. Ӛзінің 
қҧрылымдық ҧйымдасуында педагогикалық іс-әрекет әрекеттердің 
(іскерліктер) 
жиынтығымен 
сипатталады, 
олар 
ары 
қарай
қарастырылады. 
Педагогикалық іс-әрекет пәні ретінде дамудың шарты мен негізі 
ретіндегі оқытушылардың пәндік әлеуметтік мәдени тәжірибені 
игерулеріне бағытталған оқу іс-әрекетінің ҧйымдастырылуы болып 
табылады. Педагогикалық іс-әрекет қҧралдары ғылыми білімдер болып 
(теоретикалық және эмпирикалық), солардың кӛмегімен және солардың 
негізінде оқытылушылардың тезаурусы қалыптасады. Білімдерді 
«тасушы» ретінде оқулық мәтіндері немесе пәндік айғақтың фактілерін, 
заңдылықтарын, қасиеттерін мҧғалімнің ҧйымдастырған бақылауы 
жағдайында (зертханалық, практикалық сабақтарда, даладағы практика 
кезінде) оқушының жаңадан жасаған елестетулері жатады. Техникалық, 
компьютерлік, графикалық және т.б. қҧралдар қосымша қҧралдарға 
жатады.
Педагогикалық іс-әрекетте әлеуметтік мәдени тәжірибені беру 
тәсілдері ретінде тҥсіндіру, кӛрсету (иллюстрация) оқу міндетін шешу 
бойынша оқушымен бірігіп атқарылатын жҧмыс, оқушының тәжірибесі 
(зерханалық, далалық), тренингтер болып келеді. Педагогикалық іс-
әрекеттің нәтижесі, оқушының бҥкіл аксиологиялық, қҧлықтылық-
этикалық, эмоционалдық-мағыналық, заттық, бағалаушы қҧрастырушы-
ларының жиынтығымен алғандағы оның қалыптасатын жеке дара 
тәжірибесі болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесі
емтихандарда, сынақтарда тапсырмаларды, оқу-бақылау жҧмыстарын 
орындау критерийлері бойынша бағаланады. Педагогикалық іс-
әрекеттің нәтижесі оның негізгі мақсатының орындалуы ретінде 


250 
оқушының тҧлғалық, интеллектуалдық дамуы, оның тҧлға ретінде, іс-
әрекет субъекті ретінде жетілуі, қалыптасуы болып табылады. Нәтиже, 
оқушының оқудың басындағы сапасы мен адамның жан-жақты дамуы 
тҧрғысынан оның аяққы кезіндегі сапаларын салыстыру арқылы 
диагностикаланады [мысалға, 189 қараңыз].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет