290
VI Бӛлім
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ ОҚУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ЕҢБЕКТЕСТІК ЖӘНЕ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Мектептегі жҧмыс кӛптеген
адамдардың
–
мҧғалімдер
мен
шәкірттердің, олардың ӛзара пайдасы
ҥшін біріккен жҧмысы.
П.Ф. Каптерев. Дидактические
очерки. Теория
образования
1 тарау. Білім беру процесі субъекттерінің ӛзара әрекеті
§ 1. Ӛзара әрекеттің жалпы сипаттамасы
Ӛзара әрекет категория ретінде
Ӛзара
әрекет
философиялық,
онтогенетикалық
базистік
категориялардың бірі болып табылады. Бҧл тҥрлі объекттердің бір-
бірімен, басқа объекттермен ӛзара әрекет етуінің әсерінен байланыс,
ӛзара әрекет, ӛту, даму феномендері. Ӛзара әрекет – алғашқы, бастапқы,
текті категория.
«Ӛзара әрекет – қозғалыстағы материяны
қарастырған кезде біздің алдымыздан шығатындардың біріншісі ...
ӛзара әрекет заттардың шынайы causa finalis (аяққы себебі) болып
табылдаы. Біз осы ӛзара әрекетті танудан ілгері бара алмау себебіміз
оның артында танып білетін ештеңе жоқ» (Ф. Энгельс) [цит. 111, 158
б.]. Кез-келген объект, қҧбылыс, кҥй басқалармен байланыста және
қатынаста ғана тҥсініле (таныла) алынады, ӛйткені дҥниедегінің
барлығы ӛзара байланысты және ӛзара шартталған. Ӛзара әрекет кем
деген де екі объектінің бір-біріне әрекет етуін ҧйғарады, сонымен бірге,
олардың әрқайсысы басқалармен де ӛзара әрекетте болатынын білдіреді.
А.Н. Леонтьев диалектикалық-материалистік тҧрғыдан ӛзара
әрекет категориясын қарастыра отырып, оның органикалық дҥниедегі,
тірі материя дҥниесіндегі ӛзгешелігін атап кӛрсетеді.
«Ӛмір ерекше
түрде ұйымдасқан денелердің ерекше ӛзара әрекеттесу процесі» [111,
160 б.]. «Денелер» ҧйымдасуы неғҧрлым
жоғары болса, соғҧрлым осы
ӛзара әрекет те кҥрделі. Ӛлі табиғаттағы (жел мен жартастың, су
тамшысы мен тастың классикалық мысалдары) немесе тірі және ӛлі
291
табиғат объекттерінің (адам – тас, металл) ӛзара әрекеттерінің барлық
формаларында бір объектінің әсер етуі келесінің қирауына әкеледі.
Әсер етуді сезініп тҧрған объект пассивті, зардап шегуші позицияда
болады. Ол ӛзара
әрекеттесуге, шарасыз қирай, жоғала отырып, тек
ӛзінің табиғи қарсылық кӛрсету кҥшімен ғана қатыса алады (осы
жерден арнайы білім – «материалдардың қарсылығы – «сопромат»
білімі пайда болған).
Тірі табиғат «денелерінің», әсіресе адамдардың ӛзара әрекеттесуі
жағдайларында ҥнемі екі жақтың да белсенділігі болады,
бірақ оның
кӛріну мӛлшері әртҥрлі. Бҧл белсенділік әрекет агенті тҧрғысынан
немесе, дәлірек айтсақ, егер іс-әрекет іске асырылса, оның субъекті
тҧрғысынан инициалды немесе реактивті болуы мҥмкін. Әсіресе,
субъектілік адамдардың әлеуметтік ӛзара әрекеті ҥшін маңызды.
Инициалды позициядан белсенділік тҥрлендіруші немесе сақтаушы
болуы мҥмкін; ол
қайта жасаушы, дамытушы немесе қиратушы болуы
мҥмкін. Реактивті позициядан, кімге әсер етіліп тҧрушының
позициясынан, оны қабылдау немесе қабылдамаудың, жауап қайтара
әсер етуді ҧйымдастырудың, қажетсіз әсер етуге қарсы тҧру
немесе
біріккен әрекетке қатысудың белсенділігі бӛлінуі мҥмкін.
Бҧл жерде бағыттылық, реактивтілік векторы тҥсініктерін анықтап
алу маңызды. Реактивтілік жауапты, шақыртылған белсенділікті
білдіреді, яғни реактивтілік әрекетінің ӛзіне қатысы бойынша оның
субъекті әрқашан белсенді. Сонымен қатар, ӛзара әрекеттесу бастамасы
бойынша әрекет агенттерінің бірі оны бастап, ықпалдасады, басқасы –
бҧл бастамаға ӛз әрекеттерімен жауап қайтарады. Мҧндай
ситуация
ықпал етуші агентті тек субъектпен, ал оны сезінушіні – объектпен
барабар қылудың заңсыздығына негіз болады. Олардың екеуі де ӛздері
іске асыратын әрекеттерде, іс-әрекеттерде белсенді, олардың екеуі де –
ӛзара әрекет субъектілері.
Достарыңызбен бөлісу: