И. А. Зимняя педагогикалық психология


Дағды қалыптасуына ықпал етуші факторлар



Pdf көрінісі
бет129/211
Дата14.02.2023
өлшемі2,21 Mb.
#67716
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   211
Байланысты:
d0b7d0b8d0bcd0bdd0b0d18fd18f

Дағды қалыптасуына ықпал етуші факторлар 
 
Ҥйрену тиімділігі немесе, дәлірек айтқанда, жаттығулар 
нәтижесінде дағдыны ӛндіру кӛптеген факторлармен анықталады, 
соның ішінде: жаттығуды уақыт бойынша дҧрыс бӛлу, ҥйренушінің 
әрекетті орындаудың негізгі жоспарын, принципін саналы тҥсінуі, 
орындалған әрекеттің нәтижесін білу, бҧрын игерілген білімдер мен 
қалыптасқан дағдыларды ҥйренудің қазіргі сәтіне әсер етуі, қайта 
ӛндірушілік пен ӛнімділіктің ҧтымды арақатынасы. Әрине, ҥйрену 
тиімділігі осы факторлардың барлығының жиынтығының әрекетімен 
анықталады, бірақ олардың әрқайсысы автономды әсер етеді. Д. Уолфл 
бірнеше бӛлек, бірақ аталған факторларға ӛте жақын факторларды 
келтіреді. Ол келесі бес факторлардың әр қайсысын жете қарастырады:
1) нәтижелерді білу, оларды хабарлаудың кешеуілдеуі оқушыға 
жаттықтыру тиімділігіне кері пропорционалды;
2) елеулі мӛлшерде ҧқсас ынталандырушы жағдайды жасаудың 
заңсыз болмауына негізделетін интерференцияның алдын алу;
3) жаттығу 
шарттарының тҥрліше болуы, олар жаттығу 
материалын ҧсыну шарттарының, кӛлемінің, тәртібінің қажетті 
ӛзгеруінен кӛрінеді; 
4) жаттығуда пайдаланылатын әдістер мен тәсілдерді білу. 
Д.Уолфл мәліметтері бойынша «моторлық» механикалық ҥйренудің
вербалдыға қарағанда тиімділігі біржарым, екі есе аз;
5) әрекеттің жалпы жҥйелерін, принциптерін тҥсіну қажеттілігі. 
Принципті «тура» тҥсіндіру Д. Уолфл бойынша, оқушының байқап кӛру 
және қателесу әдісімен сол принципті ӛз бетінше іздегенінен гӛрі жақсы 
нәтиже береді. Д. Уолфл, сонымен бірге, нҧсқау сипаты мен уақыт 
берудің ҥйрену нәтижесіне әсерін атап кӛрсетеді. 


231 
К. Ховланд жҧмыстарында факторлардың саны бірнеше кӛбейеді, 
мысалға жаттығуды тҧтас немесе бӛлшектеп тарату есебінен [225].
Жаттығыуларды уақыт бойынша таратудың маңыздылығы туралы айта 
отырып, К. Ховланд олардың шоғырлануының немесе таратудың 
материалдың ӛзіне байланыстылығын атап кетеді. Шоғырланған,
ҥйренуге қолайлы ықпал ететін факторлардың ішінен К. Ховланд 
келесілерді атайды: а) жинақталып, жҧмысқа кірісу қажеттілігінің пайда 
болуы, б) «тапсырманы орындауда кӛрінген ҥлкен икемділік», оның ӛзі 
кҥрделі тапсырмаларды орындауда қажетті. Сонымен қатар, ҥйренудің 
таралуына қолайлы ықпал ететін факторлар да айқындалды: а) демалу 
кезеңінде іс-жҥзіндегі немесе қияли қайталаулар формасында жҥретін 
ӛзіндік ерекше қосымша жаттығу, б) жҧмысты демалыспен алмастырып 
отыру және демалыс кезінде жаттығу барысында пайда болатын бір-
біріне ықпал етуші қҧбылыстардың жоғалып кету мҥмкіндігі [225, 156-
157 б.].
Ҥйренудің тиімділігіне әсер етуші екінші фактор тҧтас па, әлде 
бӛлшектеп ҥйрену артық па деген сҧраққа жауаппен байланысты. Автор 
келесі шешімге келеді: «практикалық жағдайда шаршау, қызығушылық 
және т.б. сияқты факторлар тұтастай немесе бӛлшектеп үйрену 
артықшылықтарын бағалауда маңызды рӛл ойнауы мүмкін. Бірақ, осы 
факторлар жеткілікті мӛлшерде үнемі болып қалса, онда жаттап 
алуды батыл ұсынуға болады, яғни мағыналық бірлігі бар және 
үйренуші үшін қол жеткілікті неғұрлым кӛп бірліктермен жаттау. 
Оның жасы неғұрлым үлкен болмаса, соғұрлым оның интеллектуалдық 
қабілеттері кӛп, неғұрлым оның практикалық тәжірибесі бай болса, 
соғұрлым ол үлкен бірліктермен жұмыс істеуге қабілетті» [225, 161 
б.]. Осы ойды ертеректе отандық психологтар Л.В. Занков, А.А. 
Смирнов және т.б. айтқан. Осы материал бойынша К. Ховланд 
ҥйренудің тиімділігі мен жылдамдығының (немесе дағдыны ӛндірудің) 
материалдың ҧзақтығына, мағыналығына, қиындығына және т.б. 
тәуелділігін атап кӛрсетеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет